Бұрынғы оқулықтарда біз бастап жатқан бөлік <<капитализмның жалпыдағдарыс дәуірі>> деп аталып, өлімге душар болатын буржуазия әлеуметтік-экономикалық формациясының соңғы сатысы ретінде сипатталатын еді.
Ал енді ХХІ ғасырдың келешегі туралы тартысуларды қойын, біздер толық негізді түрде, жұмысшылар мен шаруалардың өз тіршілік тілектерінің жүзеге асуы әлеуметтік ревалюцияның, пролетариат диктатурасы жолымен ғана емес, бәлкім Э. Бернштейн жазғандай: демократиялық сайлау, парламент, сөз және баспасөз бостандықтары, кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы коллективтіқ бітімдер арқылы жетуі тиіс деуіміз мүмкін.
Өткен ғасырда ғана оншалық сенімсіздікпен тілге алынған құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру дүниенің жетекші индустриальдықҚұрама Штат, Англия, Франция, Германия, Швейцария, Испанияларда, бүкіл Скандинавиялық елдерде мақсат ретінде тән алынды.
Солай болғаннан кейін, парламентаризм дағдарысы туралы әңгімелер әрине тоқтатылу керек.
Дегенмен, 1917 жылы 7 ноябрде Россияда болған Октябрь төңкерісі дүниелік тарихқа әсері өте күшті болды.
Оның әсерімен Германияда революция жеңіп, монархия құлатылды. Социал– демократиялық үкімет, Коммунистік партия құру, буржуазияшыл Құрылтай жиналысы, Веймарлық кониституциясын қабылдау жолдарымен Германияда 1919 жылы 14 жыл өмір сүрген буржуазияшыл парламенттік, президентпенбасқарылатын республикақұрылған еді.Нәтижеде помещиктер орнына билікке кәсіпкерлер мен финансисттер келді.
Австриялық монархияны құлатып, Венгрияда буржуазия республикасы пайда болуына себепші болған буржуазияшыл-демократиялық революция 1918 жылы 31 октябрьде басталды. Оның қозғаушы күші соғыстан немесе тұтқыннан қайтып келген солдаттар болды. 1919 жылы март айында билік келісім негізінде Кеңестікүкімет қолына өтеді. Социализм құру бағытын алған Венгр социалистік федералды Кеңестік республикасы (конституциясы Россия федерациясының 1918 жылғы конституциясы жобасынан түзілген еді ) 133 күн тұрды.
Соғыстағы Германия, Австрия, Венгриялардың жеңілуі, Польшаны бөлу туралыәділетсіз халықаралық бітімдер күштерін жоғалту туралы Россиядағы Кеңестікүкіметінің шешімдері, Польша халқының тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруге құқығын мойындағанының белгісі еді. 1919 жылы Польша облыстары біртұтас мемлекетке бірікті. Сондай-ақ, Чехословакия және Югославия республикалары пайда болды.
Жоғарыда айтылған революциялар мен өзгерістер буржуазиялықүкіметтерді жаңа реформаларға мәжбүр етті.
1917 жылы 29 октябрьде Кеңестік Ұкімет еңбек құқығының актілерініңбіріншісін 8 -сағаттық жұмыс күні туралы қаулы етіпшығарды. 1918 жылы еңбек туралы біріншізаңдар кодексі шығарылады.
Бұдан кейін 48 – сағаттық жұмыс аптасы Германияда, Австрияда, Францияда тағы басқа да 13 мемлекетте енгізілді.
Еңбек түрлері жағдайларына қарай ажыратыла бастайды: әйел, балалар еңбегі, түнгі іс, т.б.
Мүгедектік, ауру, кәрілік, кейбір мемлекеттерде жұмыссыздық зейнетақыларыбойынша жақсарту жағына көп өзгерістер енгізілді.
Көп мелекеттерүшін коллективтік бітімдерді тән алу революциялық ситуацияныкелісу жолмен шешудің жалғыз жолы еді. Тек 1919 жылдан бастап коллективтік бітімдер “ең жоғарғы табыс”,“таптар арасында келісім аспабы ”деп айтылатын болды.
Октябрь революциясы өндіріс үстінен “жұмысшылар бақылауын” декрет күшімен енгізіп, жұмысшыларға істеп шығару нормаларын бекіту, өнеркәсіптің жұмыс хаттарын тексеру құқығын берді.
Жұмысшылардың өнеркәсіптердегі бақылау органдары Россиядан басқа Германия, Австрия, Польша, Италияларда заңды болды.
Революция мақсаттарының бірі өндіріс құралдарын қоғамдастыру деп жариялап, Кеңестік үкімет өнеркәсіптіңшешуші салаларын мемлекет мүлкіне айналдыруды бастап жіберді. Осының әсерімен ұлттандыру идеясы 1918 жылдан Англия, Франция, Германия, Австрия, Италияларда кең қолданып, кәзіргі заманда олардың экономикасында бұл сектор салмақты орынға ие.
Сайлау жүйесіндегі реформалар жалпы сайлау құқығы “демркратиялық” деп аталушы барлық мемлекеттерде енгізілуіне алып келді.
Германия , Австрия және Туркияларды капитулияцияға (тізе бігуге ) мәжбүрлеп, жеңуші мемлекеттер олардың басқа жердегі иеліктерін өзара бөліп алды.
Англия, Франция және Құрама Штаттардың колониальды империялары тағыда кеңейді.
Россиядағы Октябрь революциясы Шығыс мемлекеттердегі халықтардың азаттық үшін қозғалыстарына өзінің әсерін тигізді. 1919 жылы 20 миллиондық Корея халқының Жапония колонизаторларына қарсы көтеріліс болды.
Голландиялық билік орталық үкіметтің құрамына бірнеше Индонезиялық өкілдерді алуына мәжбүр болды.
1919 жылы Англия тәуелді Үндістанда екі палатадан кеңес функцияларына ие парламентті құрады. Осындай процесстер негізінде Қытайда Халық Республикасы пайда болды.