Мемлекеттік қаржылық қызметтің атқарылу әдістері

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойыншамемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары- Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

ҚР Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржылық басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

  1. республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
  2. республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
  3. ҚР-ның аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
  4. мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған ҚРқаржы – кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
  5. ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді;
  6. ҚР төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және ҚР заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзег асырады.

Қаржыны жалпы басқару ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Праламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында ПарламентҮкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі иесеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларғабайланысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс әрекетін ескере отырыпжәне қоғамның даму міндеттерінесәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады. Ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.

Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

А) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің еркшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету.

Ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірісті сфералары арасында, ұлттық шаруашлық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

Б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Сондықтан Қазақстан жағдайындағы қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашлықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты- қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресуртарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.