- Мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеме. Авторы: Н.Г.Лусканова.
Оқушыларға «Мектепте маған не ұнайды? » деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.
Автордыңпікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:
- Мотивациясы дамымаған, мектеп имитациясы жоқ, бірақта оқушының ойын және
басқамотивтері басым.Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;
- Балалықнегативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптан деңгейі жоғары және талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;
- Тапсырмааны түсінбеуі немесе дұрыс қабылдамауы, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушыныңберілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 балмен бағаланады;
Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:
- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.
- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы20 балмен бағаланады.
- Мектептегі ойын жағдайы қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.
- Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама.
Оқу мотивациясының деңгейін скринингті бағалау үшін Н. Г. Лусканова арнайы сауалнама ұсынады. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден3 балға дейін бағаланады.( теріс жауап – 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін,20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс қарым – қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары.
-
- Сағанмектеп ұнай ма немесе ұнамай ма?
- Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышты барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
- Егер мұғалім ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушыларға ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
- Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
- Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
- Сен сабақта үзілістің көп болғанын қалайсың ба?
- Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
- Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
- Сенің класта достарың көп пе?
- Кластастарың саған ұнайды ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивациядеңгейінің төмендеуі баланыңмектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы – оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді. Жүргізілген зерттеулер оқушының бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:
Жоғары деңгей – оқушының мектепке қатысты оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.
Орта деңгей – оқушының мектепкеқатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өз бетінше орындайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа қызығушылықпен дайындалады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
Төменгі деңгей – оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығыныңнашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау менкөмекті, үзілісті қажет етеді; пассивті: класта жақын достары жоқ.