- Үшінші-төртінші сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту. Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау және ес процестерін жетілдіруге ықпал жасау. Есте сақтау қабілетін зерттеуге қолданылатын әдістемелер өте көп. Мысалы ретінде сандар қатарын есте сақтау әдістемесін келтіреміз.
Бірінші тапсырма.
Орындау ережесі: Оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мен сандар қатарын асықпай оқып беремін. Оларды ретін бұзбай есте сақтау керек. Бұл сандар — бірінші қатар сандары болады. Екі-үш секунд өткеннен соң мен екінші қатардағы сандарды оқимын. Олардың көптігі тура бірінші қатардағыдай. Жаңа оқылған қатардағы бірінші санды бұрын оқылып, есте сақталған қатардағы бірінші санға қосындар.
Сол сияқты екінші қатардың екінші санын бірінші есте сақталған қатардағы екінші санға, ал үшіншіні — үшінші санға, төтіншіні — төртінші санға қосыңыздар. Барлық амалдарды ойда орындап болғаннан соң нәтижелерін берілген параққа жазыңдар».
Сандар бір секунд үзіліспен оқылады.
Сандар қатары: 1-ші вариант.
- қатар: 315 2
- қатар: 2 4 2 3
Нәтижесі: 55 75
2-ші варыант.
- қатар: 2 3 9 8
- қатар: 13 2 4
Нәтижесі: 36 11 12
Санның ретін бұзу немесе басқа санды жазу қате деп есептелінеді.
Екінші тапсырма.
Ес көлемін өлшеу үшін 15 ондық сандар оқылады. Әр сан арасында бір секунд уақыт өткеннен соң келесі сан оқылады.
Бірінші қатар:
16, 72, 98, 53, 46, 29, 14, 93, 48, 32, 51, 74, 26, 69, 19.
Екінші қатар: бұл тапсырма сол тәртіппен орындалады.
23, 17, 43, 12, 29, 94, 67, 11, 48, 60, 37, 41, 74, 53, 96.
Бағалау шкаласы:
Реті бұзылған, ұмытылған сандар қате болып есептелінеді.
7-10 ес көлемі жақсы;
4-6 ес көлемі орта;
2-3 ес көлемі төмен.
Бұл көрсеткіштерге баланың денсаулығы, эмоционалдық жағдайы, шаршауы әсерін тигізуі мүмкін. Сандармен амалдар жүргізетін жаттығулар ес операцияларын, ойлау процесін жетілдіруге үлкен әсері бар. Сондықтан, бірнеше вариантын жасап алып қайта-қайта өткізіп тұруға болады.
- Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері.
Бурдон тесті
Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.
Орындау ережесі: «5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша оқып, с, «қ», «ә» әріптерін былай етіп «/с», «/қ», «/ ә» сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жұмысыңды одан әрі жалғастыра бер. 5 минут өткеннен соң нәтижесін бағалаймыз».
Тапсырманы орындау барысында балаларға қосымша тапсырма берудің және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндірудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жинап алу керек.
Бағалау шкаласы:
Әр минутта қарап шыққан өріптер көлемі жөне қате сызылған өріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шаққан қатар санына бөлінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша төмен бағаланады.