Өзін-өзі бағалау- бұл күрделі динамикалық құрылым, ақыл-ой әрекетінің жеке дара өзіндік параметрі. Ол ең алдымен реттеуші қызмет атқарады. Окушының оку іс-әрекетінің тиімділігі тек қана жасы меңгерілген
білімдерге; ақыл-ой әрекетінің әдіс-тәсілдеріне және жеке бастың дамуына ғана тәуелді емес. Бұл баланың қол жеткізген табыстары мен оның болашаққа деген талпыныстарының үйлесуімен түсіндіріледі.
Өзін-өзі бағалау оку әрекетінің нақты себебі-жетістік себебінің негізінде жатыр. Өзін-өзі бағалаумен жеке бастың өзге де бір қасиеті-талап ету деңгейі өте тығыз байланысты. Бұл белгілі бір оң бағалаудың тұрақты қажеттілігі ретінде қарастырылады. Жеке адам қажетсінетін оң бағаның жоғарылығы әртүрлі болуы мүмкін. Кейбіреулері өз жұмысының өзгелердікінен кем емес екендігін естігенде, соған қанағаттанады. Ал біреулері кәдімгі бағадан да жоғары баға алғанын қадағалайды.
Кіші жастағы мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауы, мұғалім қойған бағалардың ықпалымен қалыптасады. Балалар өздерінің интелектуалдық мүмкіндіктеріне және өзгелердің оларды қалай бағалауына ерекше назар аударады. Оң бағаны өзгелердің мойындауы балалар үшін маңызды. Мектеп психологі әртүрлі әдістемелердің көмегімен оқуышының өзін-өзі бағалау деңгейін жарты жыл сайын бақылап отыруы тиіс.
Өзін -өзі бағалауды зерттеу үшін А.И.Линкинаның «Үш баға» атты әдістемесін пайдалануға болады. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға кез-келген тапсырманы жазбаша түрде орындау үсынылады. Психолог мұғалімен бірге окушылардың жүмысын үш бағамен бағалайды. Олар: нақты, жоғарылатылған және төмендетілген бағалар. Оқушыларға дәптерлерін жаратып берерден алдын оларға «Сіздердің жұмыстарыңызды әр мектептен үш мұғалім тексереді. Орындалған тапсырма бойынша олардың әртүрлі пікір қалыптасты, сондықтан олар әртүрлі баға қойды. Сендер өздерің келіскен бағаны шеңбермен қоршап қойыңдар» деп айтылады.
Осыдан кейін әрбір оқушымен болған жеке әңгімеде мына сұрақтарға жауап алынады.
- Сен өзіңдіқандайоқушымын депсанайсың?
Орташа ма? Нашар ма?Әлде күшті ме? - Сені қандай бағалар қуантады? Қандайлары
ренжітеді? - Сенің орындаған жұмысың «3» деген бағаға сай
болып тұр, ал мүғалім оны «5» ке бағалады делік.
Сен бұған қуанасыңба әлде ренжисің бе?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мына көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтер негізінде анықталады:
— өзін-өзібағалаудыңмұғалімніңнақты
бағалауымен сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі.
— өзін-өзібағалаудәлелдемесініңсипаты:
а)атқарылған жұмыстыңсапасына қарай
бағытталған дәлелдеме.
ә)кез -келгенөзге дәлелдеме.
б) өзін-өзі бағалаудыңтұрақтылығы
немесе тұрак,сыздығы; бұл туралы окушының өзіне
қойғанбағасыменберілгенжауаптардың
сипаттарыныңсәйкес келудәрежесі бойынша
қорытынды шығарылады.
Оқу процесінде жасы кіші оқушылардың қалыптасып келе жатқан бағалау ұстанымдары сыныптан-сыныпқа көшуде арта беретін объективті мүмкіндіктерге қарағанда, мұғалім мен сыныптас оқушылардың бағлауына тәуелді болатынын тәжірибе материалдары көрсетіп отыр. Міне осыдан келіп өзін-өзі бағалау мен талап деңгейінің қалыптасу процесінде, жетістікке қол жеткізудің себептері елеулі роль атқарады.