Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы оқу пәні ретінде

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту курсының обьектісі – шағын комплектілі баштауыш мектепте математиканы оқыту бастауыш сынып мұғалімінің бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша, мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес, жоғары кәсіби білімнің құрамдасы ретіндегі әдістемелік білім.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту оқу пәнінің мақсаты-болашақ мұғалімдерде шағын комплектілі бастауыш мектеп жағдайында математиканы оқыту процесінде ұйымдастыруға қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Курстың негізгі міндеттері:

-шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімдеріне тән кәсіби білім қалыптастыру;

-шағын комплектілі бастауыш мектеп жағдайында іс-әрекетке қажетті біліктерді қалыптастыру;

“Шағын комплектілі бастауыш мекетепке математика оқытудың технологиясы” пәнінің негізінде анықталған мазмұны мен құрлысы шағын комплектілі бастауыш мкетептің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби дайындаудың сапасын көтеруге бағытталған.

Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпы стандартына сәйкес, студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар:

-шағын комплектілі бастауыш мектептің мән-мағынасы, оның ерекшелігі, мақсаты мен міндеттері, математиканы оқыту процесін ұйымдастыру жайында теориялық білімдері болуы тиіс;

-оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыратын сабақ және өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық әдіс-тәсілдерін білуі тиіс;

-ШКБМ жағдайында математиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін, құралдарын және оқыту формаларын дұрыс таңдай білу тиіс;

-әртүрлі нұсқада топтастырылған сабақтарды жоспарлай, өкізе және оларды талдай білулері керек.

2.Курсты оқытып-үйрету педагогикалық-психологиялық пәндерді, бастауыш сыныптарындағы математиканы оқыту теориясы және технологиясы курстары оқытылып-үйретілгеннен және “Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру” (сабақ беріп көру) практикасы өтілгеннен кейін жүзеге асырылады.

ШКБМ-те математиканы оқыту технологиясы бастауыш мектеп және шағын комплектілі бастауыш мектеп педагогикасымен, психологиямен, математикамен, бастауыш мектептегі математиканы оқыту теориясы және технологиясымен, қазақ және орыс тілдерін оқыту теориялары және технологияларымен тығыз байланысты.