Теориялық білім меңгерту сабақтары

1.Қазақ тілінен өтілетін жаңа сабақ жүйесі — сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа сабақта оқушыларға жаңа теориялық білім береді, мұны жаңа сабақ деп атайды. Жаңа құбылысты тану арқылы оқушылардың ой-өрісі, білім аясы, дүниеге кезқарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді. Окушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін танытуда бұл сабаққа койы латын мына сияқты негізгі тақырыптарды ескерген жөн;

1)өтілетін материалдың тақырыбыдәл,анықболуы;

2)түсіндірілетін негізгі логикалық ойлардың толық болуы; 3) өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы; 4) жаңа тақырыптың көлемі таңдалып өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі; 5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы 6) жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы; 7) тілдамыту жүмыстарынын;. көзделуі қажет. Бұл қазак, тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде ерекше орын алады. Жаңа материалды түсіндіруде негізгі объектінің мынадай қасиеттері жете танытылады: тақырыптың аты айқында-лады; тақырыптың көлемі мен етілу жүйесі сұрыпталады; материалдың өзіндік белгілері бір-бірімен салыстырылып, тиісті тұжырымдамалар шығарылады; объектілерге сай анықтамалар мен ережелер айтылады және-тақырыпқа лайықты дағдылар жүргізіледі. Сөйтіп түсініксіз кұбылыстар меңгертіліп, оқушы ойына жаңа білімдер жинақтайды. Оқушыларға жаңа білімді меңгертуде сабақтың өзіндік қүрылымы да ерекше қызмет атқарады. Озат мұғалімдер тәжірибесі мен жүргізілген методикалық эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып, сабақтың мына сияқты қүрылымын ұсынуға болады: 1. Өткенді еске түсіру, Сабақтың бүл процесі талдау жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ол өткен материалды сұрау, қайталау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты сабақ элементтерін қамтиды. 2. Жаңа материалды түсіндіру. Түрлі иллюстрациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып, материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын, тақырыптың бөгде материалдармен байланысын жүзеге асырады. 3. Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады. 4. Дағдыландыру жүмыстарын жүргізу. Тақырыпқа тиісті бестен артық жаттығу жұмыстарының түрлері орындалады. 5. Үй тапсырмасын беру. Үй еңбегін қалай орындау жөнінде методикалық бағыттама (үлгі-нұсқау) айтылады. Бұл сабақ орындалған жүмыстардың нәтижесімен өлшенеді.

Жаңа сабақтың қүрылымдық элементтерін төмендегі уақыт мөлшерімен көрсетуге болады:.1) өткенді ескетүсіруге 3—5 минөт; 2) жаңа материалды танытуға 17— 20 минөт; 3) анықтама мен ереже шығаруға 2—3 минет; 4) дағдыландыру жүмысын жүргізуге 10—13 минөт; 5) үй жұмысын тапсыруға, 3—4 минөт. Әрине осы сабақтың құрылымдық элементтері мен оған арналған уақыт-мөлшері қатып қалған нәрсе емес. Материалдың көлеміне, қиындық дәрежесіне қарай ішінара өзгертіп отыруға болады