- Теориялық білім меңгерту сабақтары. Бүған мына сабақтар кіреді: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция-сабақ түрлері. Осы теориялық білім меңгерту сабақ» тары оқушыларға теориялық тілдік материалдарды игертуде іске асырылады. Жаңа сабақ жаңа білім беру үшін»
біріккен сабақ өткен мен жаңаны ұштастыру мақсатында өткізіледі. Ал лекция сабақ теориялық материалдарды ауызша мазмұндап жеткізу мақсатында іске асырылады..II. Практикалық дағдықалыптастырусабактары. Бұларға мына сабақтар жатады: бекіту сабағы, семинар сабақ, баспасөз конференциясы сабағы, практикум-сабак, тексерусабағы,сынақ-сабақ,коллоквиум-сабақ талдау сабағы және қайталау сабақтары. Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары оқушылардың дене немесе ой дағдыларын ширату үшін, бекіту сабағы оқушылардың, қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру үшін өткізіледі. Семинар-сабақ білім мен білік және дағдыны толықтыра түсу, баспасөз-конфере» диясы сабағы оқушылардыніскерлігімен танымдық белсенділігін арттыру, практикум-сабақ тілдік материалдарды жаттықтыра түсу, тексеру сабағы оқушылардың қазак, тілінен алған білімдері қаншалықты меңгерілгендігін байқау, сынақ-сабақ қазақ тілінен алған білім мен дағдысын бір жүйеге түсіру, коллоквиум сабақ оқушылардың білімін бірізге түсіру, талдау сабағы оылардың ауызекі тілдегі және жазба жұмыстарындағі жіберген қателерін арнайы талкылау, қайталау сабағы өткен материалдарды оқушылар ойына толық қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Жоғарыда аталған сабақ топтарының ішінен күрделі сабақ түрлерін арнайы қарауға болады. Олар жаңа, біріккен, бекіту және тексер сабақтары.
- Қазақ тілі сабағының құрылымы. Қазақ тіліне өтілетін сабақтың негізгі топтары — сабақ қүрылымда элементтерінің жиынтығы. Сабақтың бұл қүрылымы түрлі методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың қүрылымдық элементтері тәлім-тәрбие беру мақсатына, материалдың өтілу тәртібіне, өзіндік белгілерінің санына, оқушының дайындықдәрежесінеқарайауысып отырады. Мәселен, жаңа өтілетін материалдың, өзіндік белгілері кәп болған кезде, яғни 5-тен артық болғанда мүғалім материалдың өзіндік белгілерін, олардың айырмашылықтарын, анықтамалары мен ережелерін түсіндіруден бастап тәжірибелік дағдыларды өз бетінше іздендіріп, орындауға жұмылдырады. Сондай-ақ өткенді еске түсіру, үй тапсырмасын беру және оны тексеру, өткенді сұрау және бекіту сияқты сабақ құрылымдары әр сабақта кездесіп отырады.
Сонымен біргемұғалім әр сабақтыңқұрылымдық элементтерін түрлі бағытта іске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белғілеріауырлауболған кезде, мүғалім материалды бірден, яғни тақырыптьщ өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын, олардын, айырмашылықтарын және соларға лайықты таңдалған дидактикалық мысалдарын түсіндіруден бастайды. Осыдан кейін тақырыптың анықтамалары мен ережелерін шығарады, оқушылардың өздерін іздендіріп, практикалық жаттығулар өткізеді. Мұғалім өткен материалды еске түсіріп, үй тапсырмасын тексереді, оны пысықтап қайталайды, өткен материалды байланыстыра отырып, жаңа материалдыің өзіндік белгілерінтүсіндіреді.Жаңаматериалға сай практикалық дағдылар құрамын баяндайды, осы тақырыпқа лайықты үй жүмысын тапсырады.
Демек, қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтерін дұрыс танытудың рөлі зор. Олар мыналар: 1) өткенді еске түсіру; 2) такырыптың көлемі мен жүйесік түсіндіру; 3) бекіту және қайталау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу; 4) үй тапсырмасын беру; 5) үй тапсырмасын тексеру, өтілгенді сүрау; 6) оқушылар жұмысына барлау жасау; 7) оқушылар еңбегін бағалау.
- Үй тапсырмасын беру. Үй тапсырмасын беру қазақ тілін оқыту процесіндегі ең, басты әрі қажетті сабақтың құрылымдық элементтерінін, бірі. Қазақ тілі бойынша окушылардың теориялық білімді жете меңгермеуі, көбінесе, осы үй еңбегін дұрыс үйымдастырмаудың нәтижесінде пайда болады. Үй тапсырмасы класс жұмысына байланысты түрде іске асырылады. Үй тапсырмасынын, көлемі оқушыларға қаншалық қиындық тудырмайтындай дәрежеде және өткен тақырыпқа сай болуы кажет. Қазак тілі бойынша берілетін үй еңбегі белгілі параграфқа, анықтама, ережеге, оқулықтағы теориялық материалдарға сай жүргізіледі. .
Қазақ тіліне байланысты жүргізілетін методикалық эксперименттін. нәтижелеріне қарағанда, үй тапсырмасын беру әр класта оқушылардың төмендегі уақыт ішінде орындай алу мүмкіндіктерін ескере отырып беруді макұлдайды: 1-класта 13—15 минөт ішінде, 2—3-класта 16—25 минөт ішінде, 4—5-кластарда 26—30 минөт ішінде, 6—7-кластарда 31—35 минет ішінде, 8—9-кластарда 36—40 минөт ішінде, 10—11-кластарда 40—45- минөт ішінде орындай алатындай енбектер тапсырылады. Егер берілген теориялықматериалокушылардың меңгеруі үшін оншалық қиындық келтірмейтін болса, онда оларға бір тақырыпқа байланысты екі жаттығуды беруге де болады.
Мазмунына қарай үй тапсырмасы фонетикаға, лексикаға, дыбыс жүйесіне, орфографияға, морфологиялық материалдарға, орфоэпияға, синтаксиске және тіл үстартуға байланысты беріледі. Үй жұмысы бір сабақ материалына немесе бірнеше сабақ материалдарына тиісті жүргізілуі мүмкін. Яғни бүл жаттығу жүмысын бекіту, пысықтау, қайталау және қорытындылау сабақтарына қарай тапсырылады. Белгілі бір тілдік құбылысқа орай берілген үй еңбегін үнемі қадағалап, тиянақты түрде тексеріп отырған жөн. Үй еңбегіне берілетін дағдыландыру жұмыстары, көбінесе, белгілі құбылыстарды дұрыс көшіріп жазу, буынға ажырату, сөздерді сөйлемге біріктіру, талдау мазмұндама, шығарма құру сияқты үлгілері тапсырылады. Класс жұмысша қарағанда үй тапсыр-масының көлемі кеңірек, аумағы көлемдірек болуы қажет. Мысалы, конспектілер жаздыру, қазақ тіліне байланысты схема мен кестелер жасату, тілдік тапсырмалары бар мазмүндамалармен шығармаларжаздыру, көркем әдебиет мәтінінен керекті анықтама, ережелерге байланысты мысалдар таңдау тәрізді жаттығулар үйге тапсырылады.
Үй тапсырмасын орындау — күрделі еңбектің бір түрі. Оқушы үй тапсырмасының шартын түсінбегендіктен, кызықпағандықтан,еріншектіктеннемесеауырып қалғандықтан қате орындайды, кейде мүлде орындамайды. Сондықтан үй еңбегі белгілі бір мақсатқа бағытталып, шарты дәл көрсетіледі. Онсыз мүмкін емес. Үй тапсырмасы оқушы білімінің дәрежесін терең білгенде ғана жүзеге асырылады. Үй еңбегін берерде жақсы және нашар оқушылардың үлгірімін есептей отырып тапсырған жөн. Өтіліп отырған материалды бүкіл класс оқушылары толық меңгерген мезетте ғана осы тапсырмаға сәйкес жұмыс беріледі, олардың барлығына тең дәрежеде орындау талабы қойылады. Ал, керісінше, оқылып отырған материалдың көлемі ауырырақ болып, оны жақсы оқушылар ғана меңгеріп, басқалары толық меңгере алмаса, ондайда жақсы меңгерушілерге қосымша творчестволық жұмыстар тапсырылады. Өйткені толық меңгерілген ма-териалды қайталап оқу, біріншіден, оқушыларды зеріктіреді, екіншіден, ой-өрісінің кеңеюіне кедергі жасайды. Сондай-ақ нашар окитын оқушыларғажеке-жеке тапсырмалар беріледі. Оның орындалу-орындалмауы үнемі тексеріліп отырылады. Өйткені нашар оқитындарды жақсылар қатарына жеткізген жөн.
- Үй тапсырмаеын тексеру. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманны жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мүғалімнен әр түрлі кеңес алады және ол туралы естіген,білгендерінестерінде жақсы сақтайды. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде оқушылардыңтапсырманықалайорындағанын, қалай меңгергендігін және материалдың қай жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Класта үй тапсырмасын тексеру темендегі тәсілдермен жүргізіледі: а)бірнеше оқушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау; ә) бірнеше оқушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету;б) талдау жүргізу; в) тақтаға дәптерімен шақыру; г) дәптерде жазылғандарын барлау. Мүғалім оқушылардын, дәптерлерін үнемі кадағалап, тексеріп отырғаны абзал.