Қазақ тілінен өтілетін сабақтар

1.Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде казақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Өйткені сабақ оку ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.; Мұғалімнің жүргізетін жүмыстары сабақ аркылы іске асады. Сабақ беруде мұғалім мынадай мақсат кояды:. оқушыларға білім негіздерін түсіндіру, сол білімді бекітіп, талдап есінде қалдыру, алған білімін тексеріп отыру және өздігінен толықтырған білімдерін күнделікті емір қажетіне пайдалана білу. 2.Қазақ тілінен өтілетін сабақтың өзіндік белгілерін білудің мәні зор. Ол белгілер мыналар: 1) класта дайындықдәрежесібірдей тұракты оқушылар құрамының болуы; 2) белгілі бір сабақ кестесінің болуы; 3) сабақтың белгілі бір орында (класс-кабинетте) жүргізілуі; 4) сабақ жоспары негізінде білім мен дағдының берілуі; 5) сабақта білім беру әдісінің жан-жақты қолданылуы; б) барлык және жеке класс окушыларымен жұмыстардың жүргізілуі.

Қазақ тілінен өтілетін сабақтар мазмұнына қарай мынадай тілдік материалдар негізінде іске асырылады: фонетика, лексика, морфология, орфография, орфоэпия, синтаксис, пунктуация бойынша өтілетін сабақтар және тіл ұстарту бойынша өтілетін сабақ болып жіктеледі. Сонымен бірге қосымша өтілетін сабақтар да болады. Сабақ процесінде оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берумен қатар дидактикалық мысалдарды ұмытпаған жөн. Мұғалім окушылардьң барлығына қазақ тілі материалдарын толык меңгертуі, қажетті білік, дағдыларды игертуі, сабақтың дамытушы және тәрбиелік қызметін іске асыруы тиіс. Ол үшін мүғалім материалды баяндау процесінде уақытты үнемді жұмсап, оқушылардың толық түсініп қабылдауына жағдай жасағаны мақұл. Сонымен бірге мүғалім оқушының білімге деген ықласы мен қызығуын арттырып отыруы тиіс. Оқушылардың белсенділігін арттыруда, олардың өз бетінше орындалатын жүмыстарын ұйымдастырып, іздеу, зерттеу іскерлігін дамытып отырған дұрыс.

Қазақ тілінен өтілетін сабактарды жіктеу мәселесі қиын әрі күрделі методикалық әдіс болып саналады. Осы күнге дейін методика теориясында сабақтарды жіктеу мәселелері толық сөз етілмеген. Сабақтың білім мен дағды беру ерекшелігіне қарай, оларды жіктеудің өлт шемдеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Сабақта оқушыларға казақ тілінен теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, тілдік материалдың өзіндік белгілері, жасалу жолдары, анықтамалары мен ережелері кіреді. Сөйтіп оқушыларға білім көлемі мен білім жүйесі меңгертіледі.

ә) Оқушыларға қазақ тілінен іс жүзінде дағды қалыптастырылады, берілетін білім көлеміне лайықты дағды түрлері жаттықтырылады. Оқушыларға берілетін білім көлемі теориялық материалдардың өзіндік белгілеріне сай таңдалады. Сөйтіп оқушыларға дене дағдысы мен ой дағдысы беріледі. Дене дағдысына кинестетикалық түйсіктер: тамақ қуысы, ерін, тіс, тіл, таңдай, дауыс шымылдығы, мүрын қуысы мүшелерінің қызметі кіреді. Ал ой дағдысына материалдың өзіндік белгілері, термині, анықтамасы мен ережесі жатады.