1 Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен Дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтаң мұны анализ әдісі деп те атады. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Тал-дауды ыдырату, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау — фонетикалық талдау әдісі.
мазмүнына қарай екіге бөлінеді. 1. Дыбыстар жүйесі бойынша талдау. Бүған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардын, еріннің қатысына қарай бөлінуі, иектің қызметіне қарай ажыралуы, тілдіқ қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыздар. 2. Үндестік заңы бойынша талдау. Оған мыналар кіреді; буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді және кейінді ықпал түрлері.
Фонетикалық талдау көлеміне қарай екіге бөлінеді: 1. Толық немесе жалпы талдау. Бұл көбінесе фонетиканың белгілі бір күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде және оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады. 2. Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жүмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жүмысы кезінде жүзеге асырылады. Мәселен: дауыстыларды, онын, түрлерін, буын мен оньщ түрлерін өту кезінде қолдануға болады.
Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай екіге жіктеледі. Біріншісі •— ауызша талдау; екіншісі — жазбаша талдау. Сондай-ақ бұлар орындалу орнына қарай класта және үйде талданады. Ауызша талдау, көбінесе, класта, ал жазбаша талдау үйде жүргізіледі. Фонетикалық талдауды жүргізуде оның құрылымдық элементтерін білудін, пайдасы мол. Фонетикалық талдау әдісі мына сияқты құрылымдық элементтерден түрады: а) Фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң ол сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады. Сөйлемдегі сөздер дауыстап оқытылады; ә) Сөйлемдегі бірер сөз фонетикалық талдау үшін таңдалады. Осы сөз-дердің асты сызылады да, ондағы дыбыстар бірінің астына бірі жазылады; б) Осы тақдалған сөздер дыбыс пен әріпке, дауысты д дыбыстардын, және дауыссыз дыбыстардын. түрлеріне, буын түрлеріне, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал түбір мен қосымша аралығындағы кейінді және ілгерінді ықпал, сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді және кейінді ықпалға байланысты талданады.
2 Морфологиялық талдау әдісі. Бүл әдіс орта мектептердін, IV—IX клаетарында жиі қолданылады. Өйткені бүл кластарда тікелей морфологиялык, материалдар өтіледі. Морфологиялық талдау әдісі материалдарды бекіту, жаттығу және пысықтау процесінде жиі кездеседі. Оғаң мынадай талаптар койылады: 1) талдауға алынған материалдар морфологиялық тақырыптарға сәйкес болуы тиіс; 2) мәтіндер, сейлемдер морфологиялық материалдарға тікелей қатысты болуы қажет; 3) морфологиялық талдауды жүргізуде сөз қүрамдары мен сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері жеке-жеке талдануы қажет. Сондай-ақ морфологиялық талдау әдісі жаңа ма-териалды түсіндіруде, біріккен сабақ процесінде, бекіту, кайталау, кезінде, тексеру сабақтарында қолданылып, аналитикалық-синтетикалық талдау тәсілдерімен ұштастырылады. Ол ішкі мазмұнына қарай екіге жіктеледі: 1. Сөз қүрамдары бойынша талдау. Бұл талдауға мына тақырыптар енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау, туынды сөз, түбірлес сез, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, кос сөз, қысқарған сөз; 2. Сөз таптары бойынша талдау. Бүл талдауды жүргізгенде мына тақырыптар қамтылуы тиіс: зат есім, соның түлғалык және мағыналық түрлері, сын есім, оның түлғалық және мағыналық түрлері, сан есім, оның тұлғалық және мағыналық түрлері, есімдік оның түлғалық және мағыналық түрлері, етістік, оның мағыналық және тұлғалық түрлері, үстеу, оның түлғалык және мағыналық түрлері, еліктеу сөздер, оның тұлғалық және мағыналық түрлері, шылау сөздер, оның тұлғалык, және мағыналық түрлері, одағай, түлғалық және мағыналык түрлері.
3 Синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бүл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс — осы синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистен теориялық білім мен практикалық дағды беруде іске асырылады.
Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ түсында, бекіту, кайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1. Жай сөйлем бойынша талдау. Бүл талдау барысында мына сияқты такырыптар ескеріледі. Жай сөйлемнің мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сез тіркесі және олардың күрделі сөз бен түрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері ескеріледі: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатындығы ескеріледі: Оларға енетіндер: сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш, баяндауыш және сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері — талықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш, сөйлемнің айқындауыш мүшелері, жай сөйлемнің жалаң, жайылма түрлері, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері; оқшау сөздер — қаратпа сөз, қыстарма сөз, одағай сөз. 2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау. Сөйлем бойыншаталдаужүргізгенде,онын құрамына мынадай тақырыптаркіреді:салалас құрмалас сөйлем — жалғаулықты, жалғаулықсыз, ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себепсалдар, талғаулы, кезектес салалас сөйлемдер және олардың тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер — шартты бағыныңқылы сабақтас,қарсылықтыбағыныңқылысабақтас сөйлемдер, себеп, мезгіл, қимылсын, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер және олардың тыныс белгіле рі, жарыспалы-сатылы көп бағыныңқылы сабақтас, олардың тыныс белгілері, аралас құрмалас сөйлем— шылаулы, шылаусыз аралас кұрмалас сөйлем, олардың тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзі, олардың тыныс белгілері.
4 Қазақ тілі бойынша тілдік материалдардын түрін өзгерту әдісі. Қазақ тілі материалдарынын өзіндік белгілері жаттығу жұмыстарын жүргізу аркылы дәлелденеді. Өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тандалған жаттығулардыңорындалушартыауысыпотырады. Бір жүмыс тәсілі екінші бір жүмыстәсіліменөзгертіледі.Мұнда оқушы объектіге творчестволық белсенділікпен қатысып, қазақтіліне арналғанбілімін іс жүзінде жаратуға бейімделеді. Қазақ тілі бойынша тілдік материалдардың түрін өзгерту әдісін іске асыруда, оныңкұрылымдық элементтері үлкен рөл атқарады.Тілдікматериалдың түрін өзгерту әдісінің құрылымдықэлементтері . мына-
лар:1. Жаттығудыорындаудыңшартыбелгіленеді.
- Жаттығудың шарты мен мәтін берілген сөйлемдерді оқушылар дауыстап оқып шығады. 3Жаттығуды ауызша не жазбаша орындаудыңтәсілііскеасырылады.
- Талдау үстінде қазақ тіл материалдарының өзгерісі түсіндіріледі. Тілдік материалдардың түрін өзгерту әдісін жүргізу үшін мүғалім алдымен жаттығу мәтінін, қай материалға байланысты орындау керектігін айқындайды. Айталық, толықтауыш және оның жасалу жолдарына байланысты жаттығудың шарты белгіленеді. Мәселен, мұғалім төмендегі мақал-мәтелдерді көшіре отырып, көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, толықтауыштардың қалай жасалып түрғандығын дәлелдеуді ұсынады. Бұдан кейін оқушылар жаттығу мәтіндегі таңдалған сөйлемдерді былайша дауыстап оқып шығады: 1. Тілің… жүгірме, білім… жүгір. 2. Аузы… әзілі жоқтың қолы… қол шоқпары бар. 3. Ақымақ… айтқан сөз ағып жатқан су… тең, ақылды… айтқан сөз кол… ұстаған ту… тең. 4. Татулық… табыс мол. 5. Қорқақ көлең-кесі… де қорқады. 6. Су… шым тоқтатар, сөз… шын тоқтатар.
Оқушыларға көп нүктенің орнына септік жалғауларының тиістісін қойдырып көшіртеді де, сөздердің астын сызып, дауыстап оқып береді: Бірінші оқушы — Тіліңе жүгірме, білімге жүгір; Екінші оқушы — Аузында әзіліжоқтыңқолындақол шоқпары бар т. б.
Мұғалім мәтіндегі асты сызылған сөздерді тақтаның, сол жағына жаздырады да, оларды талдап түсіндіруді оқушыларға жүктейді.
- Қазақ тілі бойынша мазмундау әдісі. Қазақ тілі бойынша тілдік тапсырмалары бар мәтіндерді дүрыс
таңдап меңгерілетін материалдардың саналы игерілуіне септігін тигізеді. Кез келген мәтіннен тақырыптық өзіндік ерекшеліктеріне керекті объектілер ізденген орыннан табыла бермейді. Сондықтан мүғалім көп ізденіп, жос-парлы түрде жұмыс жүргізуді қарастырады. Тілдііс тапсырмалары бар мазмұндау әдісінің кұрылымдық элементтері негізінен мыналар: 1. Мұғалім таңдалған мәтінді дауыстап оқып шығады. 2. Мәтінге лайықты жоспар жасалады, оны оқушылар дауыстап оқиды. 3. Керекті сөздерді көшіріп жазады. 4. Қазақ тіліне байланысты объектілерді талдайды. 5. Тілдік объектілерді сақтай? отырып, мәтінді ауызша немесе жазбаша мазмұндайды.
Мүғалім алдымен жаттығу мәтінін қай материалға; байланысты іске асыру керек екенін анықтайды. Мәселен, мәтіннен көптік, тәуелдік, септік жалғауларды ажырата отырып, оны мазмұндап шығады (Ы. Алтынсарин-нін. «Бір уыс мақта» әңгімесін оқып беруге болады).
Бүдан соң оқушылар жылжымалы тақтада жазылған; мәтін жоспарын дауыстап оқып шығады:
- Бір кішкентай кыз.
- Әжесінің ақыл айтуы.
- Мақта қиқымын тастауы.
- Әжесінің сөзі.
- Торғайдың мақтаны алып үшуы.
- Балапандарына мамық етуі.
Окушылар мәтін ішінен сездерді іріктеп, таңдап алады да, дәптерлеріне көшіріп жазады: шапанын, заттар-дың, жерде, киімін, әжесінің, қиқымын, терезеге, мақта-ны, эжесінен, тұмсығымен, ұясына, балапандарына. Оқушылар бұл сөздерге морфологиялық талдау жасайды.
М: шапанын деген сөз қосымшалы зат есім, сөз кұрамына қарай шапан түбір сөз, сөз табына қарай зат есім, жалпы есім, атау түлғада тұр, шапаны дегенде -ы тәуелдік жалғаудың көрсеткіші, III жағында тұр, н — табыс септігінің жалғауы. несін? деген сұраққа жауап береді т. б.
Сөйтіп оқушыларсөздегіжалғаулардыажырата отырып, мәтінді мазмүндап шығады. Мазмұндау үстінде-көптік, тәуелдік, жіктік және септік жалғауына баса назар аударады.
6 Қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі. Оқушылардың тілін ширатып, керекті қазақ тілі тақырыптарын қатыстыра отырып сөйлем кұрату, олардың еңбекке деген икемділігінарттырады.Методикалық тәжірибенің жақсы нәтижелері сөйлем кұрату әдісінің мынадай элменттері болатындығын анықтады: 1. Жаттығу шартының белгіленуі. 2. Жаттығудың шарты мен берілген сөздердің дауыстап окылуы. 3. Сұрақтардың қойылуы .4. Оқушылардың ауызша не жазбаша жауабы. 5. Керекті тілдік фактілердің дәлелденуі.
Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде сөйлем құрату әдісі төмендегі жұмыс жүйесі негізінде іске асырылады. Алдымен бұл әдісті қайсы тақырыпқа байланысты жүргізу керек екендігі анықталады (мысалы, үнді Дауыссыз дыбыстардыв жазылуы). Бұдан кейін дыбыс әріптерінің жазылуына байланысты жаттығудың шарты белгіленеді. Жаттығу дың шартын бірер оқушы дауыстап оқып береді: Көп нуктенің орнына үнді дауыссыздар мен келген керек сөздерді тауып, толық сәйлем құрайды. Үнді дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылуын айтып береді.
Осыдан соң берілген сөздер мен керекті дыбыс пе сөздерді мүғалім окушыға дауыстап оқытады. 1. …әжеме көмектестім. 2. …қатты жауды. 3. Біз … мектепте оқимыз 4. … бүгін қаладан келді. 5. … доп ойнады. 6. Олар … тапсырмасын орындады. 7. Әсет … болды. Керекті сөздер. Жаңбыр, жаңа, Марат, балалар үй, ауыл. Мүғалім осы сөздерді дауыстап оқытып болған соң, кімнің сөздерді толыктырып, сөйлем құрап жаза алатындығын сұрайдыі Сұраққа жауап ретінде окушылар сөйлемдерді дауыстап оқып береді. Осыдан кейін жылжымалы тақтадан сөйлемге керекті сездерді жеке-жеке буындарға ажыратып, н, м, ң, у, л, р, й әріптерінің қалай жазылып тұрғандығын оқушылар дәлелдеп береді.
7 Қазақ тілінен шығарма жаздыру әдісі. Қазақ тілі бойынша тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі — қазақ тілінен жүргізілетін дағдылардың ішіндегі киын да күрделі түрлерінің бірі. Мүнда оқушылар өз бетінше жүмыс істеп, қазақ тілінен алған теориялық бі-лімін іс жүзінде сынап көреді. Бүл жаттығу жоғарыда айтылған бес түрлі дағдылардан кейін орындалады, ол жұмыс процесінің соңғы кезінде жургізіледі. Шығармалар бойынша жұмыс істеу екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі — үжымдық шығарма жаздыру; екіншісі — жеке окушыға шығарма жаздыру. Ұжымдық шығарма жаздыру жүмысы мүғалімнің басшылығымен класта жүргізіледі. Мүғалім алдымен қазақ тіліне байланысты қайсы тақырыпқа сай шығарма жазылатындығын, ол шығарманың қандай мақсат көздейтіндігін, шығарманың шарттарын түсіндіріп, кластағы оқушылармен талдау жасайды. Окушылар шығарма жұмыстарын қалай жазудың техникасын әбден меңгеріп алған соң, жеке тақырыптарға шығарма жазуды үй тапсырмасы ретінде тапсыруға болады. Жеке оқушылармен ез бетінше шығарма жазу жүмыстары, көбінесе, үйде орындалады. Себебі үй жүмысы әркашан көп уақытты талап етеді.
Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі алдымен картиналар бойынша жүргізіледі. Бұл тәсілдің құрылымдық элементтері мыналар: 1. Алдымен қай тақырыпқа байланысты тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру керек екендігі анықталады. 2. Тілдік тапсырмалары бар шығармаға сай картина іріктеледі. 3. Тақырыпты кірістіре отырып, шығарма жаздырады. Мысалы,тәуелдік жалғауынкірістіреотырып,шығарма жазу.
- Шығарма жазып болған соң, ол дауыстап оқылады.
- Шығармадағы сөздер бойынша тәуелдік жалғауының; ерекшеліктері дәлелденеді. —
Мәселен, мүғалім оқушыларға тәуелдік жалғауына; байланысты тілдік тапсырмалары бар шығарма жазуғалайықтап «Алау жанында» деген картинаны іріктеп, таңдап алады. Осы картинаға карай отырып, тәуелдік жалғауын қатыстырып шығарма жазуды оқушыларға жүктейді.
Тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздыру жұмысы жеке тақырыптарға байланысты да жүргізіледі. Шығарма жаздыру әдісінің қүрылымдық элементтері мыналар: 1. Белгілі бір тақырыпқа байланысты шығарма жазу керек екендігі ескертіледі. 2. Шығарманы жазудың шарты дауыстап оқытылады. 3. Класс тақтасына керекті сөздер жазылады. 4. Әрбір оқушының жұмысы аралап көру арқылы бақылау жасалады. 5. Шығарма класс тақтасына жазылады.
Осы құрылымдық элементтердің іске асырылуынг, мысал келтірейік. Мүғалім катаң дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесіне байланысты «Космонавт ұшқыштар деген тақырыпта шағын шығарма жаздырады. Шығарі маның такырыбын тақтаға жазады да, оның мынадаа мақсаттарды көздейтіндігін түсіндіреді: 1) шығарма ұшқыш космонавтар Ю. Гагарин мен Т. Әубәкіров жайында баяндалуы тиіс; 2) шығарма тілі жатық, айтылған ой айқын болуы қажет; 3) айтылған ой нақты фактлермен дәлелденуі керек; 4) үнді мен ұяң дыбыс әріптерінің емлесі ескерілгені жөн; 5) қатаң дауыссыздарі туралы берілген теориялық мәлімет еске түсірілуі тиіс.6) қатақ дауыссыз дыбыстар емлесіне байланысты шығарманың жазылып отырғандығы ескерілуі қажет.