1.Белгілі бір тілдік материалдардың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы — «талдау». Анализ — грек тілінен алынған термин сөз, қазақша ыдырату деген мағынаны береді. Белгілі бір тілдік тақырыптарды жігіне қарай ажыратып, ыдыратуды анализдеп жүргізеді: Тілдегі бір материалдың бөлшектерін ажырата білу,бір тақырыптың өзіне тән белгілерін саралап көрсету, тақырыптың әр түрлі ерекшеліктерін- қамтыған сұрақтарға жауап беру, мәтіннен белгілі бір тұлғаларды, формаларды теріп жазу, тілдік (грамматикалық) заңдылықтарды әр жақты алып дәлелдеу немесе дыбысты буынға, буынды сөз бөлшектеріне, сөз бөлшектерін сөзге, сөзді сөз тіркестеріне, сөз тіркестерін сөйлем түрлеріне ажы-рату — анализ талдау жүйесіне жатады. Талдауға қарама-қарсы жасалатын құбылыс—жинақтау. Талдау жинақтау, яғни анализ-синтез бір-бірімен тығыз байланысты, екеуін бір-бірінен бөліп тануға болмайды.
Ф. Энгельс өзінің «Анти-Дюринг» атты еңбегінде (1948) «Анализсіз синтездің болуы мүмкін емес» деп дәлелдейді (40-бет). Дәлірек айтқанда, белгілі бір тілдің материалдарды ұсақ элементтеріне талдамай, ішкі кұрамы мен заңдылықтарын талдап көрсетпей, оның нақтылығын білу мүмкін емес, ал анализ-синтез әдістері бүтіннің бөлшегін, бөлшектердің ішкі сыр-сипатын, механизмін тұтастай қарастырады.
Синтез —грек тілінен алынған термин сөз, казақша біріктіру деген мағынаны аңғартады. Мұның дәл қазақша баламасы жинақтау деген үғымды білдіреді. Бұл термин (синтез) методикада белгілі бір тілдік материалдардың бөлшектерін қосу, қүрастыру, біріктіру немесе жеке бөлшектерден бүтін жасау деген мағынада жұмсалады. Окушылардын, тілден алған білімдерінен өнімді нәтиже шығаруға, оны іс жүзінде қолдана білуге, молықтырып кеңейтуге жол ашады. Талдау мен жинақ-таудың логикасы ой тәсілдеріне байланысты. Талдау мен жинақтау логикалық ойлаудың тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Индукция — латынның деген сөзінен алынған. Қазақша даралық дегенді аңғартады. Индукция — жеке, дара бөлшектерден немесе жеке пікірлерден жалпылай ой қорытындысын шығарудың тәсілі, амалы, дарадан жалпыға қарай кешудің түрі. Индукциялық тәсілмен мұғалім тілдік материалдарды дара фактілер мен дара үғымдар арқылы дәлелдеп, содан жалпы үғымды, жалпы фактіні түсіндіреді. Мәселен, мүғалім жалқы есімді түсіндіретін болса, алдымен нақтылы мысалдар арқылы жер, өзен, тау аттарын, кісінің аты-жөнін көрсететін сөздерді, газет, кітап, колхоз, мекеме атауы болып кеткен сөздерді алып, олардың нақтылы ерекшелігін көрсетеді, сол арқылы мағыналары мен жазылу ережелерін талдап айтып, жалпы қорытынды шығарады, жинақтап ережесін айтады.
Дедукция — латынның деген сөзінен алынған. Қазақша жалпылық деген мағынаны білдіреді. Бұл жалпыдан дараға қарай ой қорытындысын шығару деген сөз. Индукциялық және дедукциялық ой қорытындысын талдау-байымдау әдісі қамтиды. Байымдау-талдауда тілдік материалдардың өзіндік белгілері әңгіме, хабарлау тәсілдері арқылы жеткізіледі. Талдау-байымдаудың методика теориясында мынадай қүрылымдық элементтері бар. 1) Субъект. Субъект латынның бастауыш деген сезінен алынған термин. 2) Предикат. Предикат латынның баяндауыш деген сөзінен алынған. 3) Байланыс (связка).
Субъект байымдаудың предметі (предмет суждения) туралы ой болып саналады да, предикат байымдаудың предметі туралы не хабарланса, айқындалып белгіленсе, соны білдіретін ой болып табылады. Ал байланыс предикат мазмұнының байымдаудың предметіне қатысты екенін білдіреді. Мәселен, 4-класта өтілетін сын есім анықтамасы былай беріледі: Сын есім дегеніміз заттын, түр түсін, сапасын және көлемдік аумағын білдіретін сөз табы. Байымдау-талдаудың субъектісі — «сын есім», предикаты — заттың түр-түсін, сапасын және көлемдік аумағын білдіреді. Предикаттьң субъектіге қатысын білдіретін ойды — байланыс (связка) деп атаймыз.
Сондай-ақ ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады. Талдау-түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелер жатады. Жоғарыда айтылған талдау-байымдау мен талдау-түйіндеу әдістерін жіктеуге өлшем етіп алуға болады. Осы өлшемге негізделе отырып, талдау әдістері төмендегіше жіктейміз.
- Түсіндірмелі талдаулар. Бұған мынаталдаулар жатады: 1) лексикалық талдау әдісі;2) фонетикалық талдау әдісі; 3) морфологиялық талдау әдісі; 4) синтаксистік талдау, әдісі.
- Анықтауыштық талдаулар: 1) орфографиялық талдау әдісі; 2) пунктуациялық талдау әдісі; 3) орфоэпиялық талдау әдісі; 4) стилистикалық талдау әдісі.
Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтергенпедагог — Константин Дмитриевич Ушинский еді. Ол өзінің көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінін, құндылығы мен тиімділігінді дәлелдеді. К. Д. Ушинский «Детский мир», «Родное словс атты енбектерінде талдап оқудың, талдап жазудың, та, дап түсінудің, түсінгенін айтып берудің, білгенін іс ж зінде қолдана білудің маңызынатапкөрсетті.Талдау әдістерінің формасы — сабақ түрлері.Талдауәдісте білім меңгерту, лекция, практикалық дағдыны қалып тастыру, практикум,семинар,сынақ,лабораториялық тексеру сабақтарында қолданылады. Талдау әдістеріні материалы — дидактикалық материалдар. Олар екі топқа жіктеледі: 1) теориялық материалдар:тақырыпты термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктер 2) практикалық материалдар: сөздер, сөйлемдер, мәтіндер (фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сездер). (қ. бет). Бір бүтін үғымның, заттын, бойындағы әр мәтін элменттердің реляциясы мен бірлігін құрылым деп атайды.
Атрибут — латынның деген сезінен салған термин, ол бірдеменің, заттың белгісі, заттан ажырамайтын тәуелділік дегенді білдіреді. Субстанция латынның («мән»дегенмағынада)сөзіне
2.Талдау әдістерінің құрылымы
Талдау әдістері | |||||||
кұрылымы | |||||||
1 | 1 | 1 | |||||
атрибут — белгі | субстанция — түп негізі | реляция — қатынас | |||||
жасалған термин, ол заттар мен құбылыстардың мәні (сущность), табиғаты, түп негізі дегенді білдіреді. Реляция латынның қатынас (отношение) деген мағынадағы деген сөзінен жасалған термин. Осы талдау әдістерінің элементтері мыналар: 1) Окушылар мұғалімнің арнайы таңдаған көрнекі құралдағы мысалдарын қарап шығады. 2) Тақырыптың өзіндік белгілерін тәртіппен түсіндіріп талдайды. 3) Материалға байланысты дағды түрлері орындалады. 4) Тақырыпқа тиісті анықтамалар мен ережелер түсіндіріледі. Ал жинақтау әдісінің элементтері төмендегілер: 1) сүрыптап алынған практикалық тілдік материалдарға оқушылар көз жүгіртеді. 2) анықтамалар мен ережелерді мұғалімнің өзі айтып түсіндіреді. 3) мүғалім тақырыптың өзіндік белгілерін жазып, тақтаға іліп қояды. 4) мүғалім материалдың өзіндік белгілерін біртіндеп хабарлап, талдау жасайды. 5) тақырыпқа сай дағды жұмыстарын жүргізеді.
- Талдаудың түрлері. Қазақ тілі бойынша талдау мазмұнына қарай былай бөлінеді: а) қазақ тілі бойынша талдау. Бұған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, тілдің қалпына карай бөлінуі, үнді, үяң, катаң дауыссыздар тобы енеді; ә) үндестік заңы бойынша талдау. Бұған буын жігі, екпін, буын үн-дестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөздердің сыңарларының аралығындағы ілгерінді ыкпал, сөз тіркестерінің аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы кейінді ықпал, сөз тіркестерінің аралығындағы кейінді ықпал тақырыптары кіреді. Қазақ тілі бойынша талдау көлеміне қарай екі түрге бөлінеді: а) Толық немесе жалпы талдау; ә) жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау. Толық немесе жалпы талдау, көбінесе, белгілі бірі:күрделі тақырыптарын (мәселен, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, буын үндестік заңы) бағдарлама материалдарды қайталау, оқушылар білімін есепке алу үстінде қолданылады. Тақырыптық немесе жеке талдау қазақ тілінің (дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін, буын және дыбыс үндестігінің жүйесі) белгілі бір тақырыбын өткенде қолданылады. Осы тақырыптар бойынша
жаңа сабақты түсіндіру,оны бекіту,машықтандыруы оқушылардық өз бетінше жүмысістеуінұйымдастырғанда, оқушылар білімін сынағанда да қолдануға болады. Белгілі бір қазақ тілі объектілерін оқытқанда, бұл талдау тек сол тақырыптың көлемінде ғана жүргізіледі класта дауысты дыбыстар тақырыбын етіп жатса, сол тақырып біткенше жүргізілетін талдау дауыстылар мен олардың түрлерін жаттықтыруға бағытталады. Осы сияқты жеке-жеке дыбыстар негізінде толық анализ жасалады.■
Қазақ тілі бойынша талдауда орындалу тәсіліне қарай ауызша да, жазбаша да жүргізеді. Ауызша талдау көбінесе класта, ал жазбашаталдауүйдеөткізіледі
Кейде бұл екеуін қосып өткізуге де болады. Жазбаша талдаудың үйде еткізілу себебі, уақыт үнемдеуге байланысты. Екі тәсілді бірдей қосып еткізуүшінмұғалім уақытты үнемдеуді, сабақтың алдына қойған мақсатын сабақ жоспарын бұзбаудықарастырады.Ол сабақта;
талдау еткізуді жоспарлап, талдаудың үғымды тәсілдерін, мысалдарын, қоятын сүрақтарын, қандай мәселеге баса назар аудару керектігін куні бүрын дайындап келеді.
Мектепте қазақ тілі бойынша талдауды жүргізудің жүйесі төмендегіше құрылады: 1) алдымен мәтін не сөйлем алынады да, ол мәтін, сөйлемдегі сөздер буынға бөлінеді; 2) сөздегі әрбір буында, неше әріп барлығы ажыратылады; 3) бөлінген буындағы дауыстылардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай бөлінуін талдай отырып, буын түрлері анықталады; 4) буындағы дауыссыздардың үнді, үяң және қатаң түрлері ажыратылады; 5) дауысты мен дау ыссыз дыбыстарды жинактай отырып талдау жасалады; 6) буын түрлері анықталады да, екпіннің қайсы буынға түсіп түрғандығы қарастырылады; 7) сөздер буынға бөлінеді де, буын үндестігіне талданады; 8) дыбыс үндестігі, яғни түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал анықталады; 9) біріккен сөз сыңарларыньщ және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал талданады; 10) түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал дәлелденеді; 11) біріккен сөз сыңарларының және сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпал ажыратылады. Сондай-ақ қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда қолданылады: 1) жаңа материалды түсіндіру процесінде жұмсалады; 2) материалды бекіту кезінде қолданылады; 3) оқушылардың өздігінен істейтін класс жүмыстарында жұмсалады; 4) үй тапсырмасын орындауда қолданылады; 5) оқушылар білімін есепке алу жұмысында жұмсалады; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады; 7) материалды пайдалану кезінде орындалады.:
- Қазақ тілі бойынша талдаудың тәсілдері. Қазақ тілін окытуда оқушылардың қүштарлығынарттырып, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, класс окушыларын қазақ тілі бойынша талдауға белсенді катыстыратын амалдың бірі — карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу. Карточкалы дәптер окушылардың үкыптылық дағдысын арттырып, баяндамалар жасауына, келешекте ғылыми жұмыспен шүғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық мәліметтерді нақты мысалдармен толық әрі анық дәлелдеуге тырысады. Бүл, біріншіден, оқушыларды практикалық жүмысқа дағдыландырса, екіншіден, олардың сөздік қорын молдандырып, көру мен есту қабілетін күшейтеді.Қазақ тілісабағына кірісердің алдында окушыларға карточкалы дәптер тұту керектігін түсіндіріп, қолдану тәртібі мен оның тіл сабағында үлкен маңызға ие екендігін айтады. Мұғалім үйде дайындаған карточкалы дәптердің үлгісін көрсетіп, оны төмендегіше түсіндіреді.
Үй не класс дәптері сияқты он екі парақтық жай дәптердің әрбір парағы көлденеңінен, ақ жол жағынан 3 сантиметрдей орын қалдырып, дәптердің ішіне бүктеледі.Әрбір парақ бірінің үстіне бірі бүктелмей, жеке-жеке парақтың үстіңгі жағына қарай қайтарылуы тиіс. Сонан соң стандартты «Бумага для заметок» деген пакеттің көлденеңі 9 см, ұзындығы 13 см қағаздан он парақ қағазды бүктелген бір бет парақтың ішіне бес-бестен екіге бөліп салады. Екі топқа ажыратылған карточкалардың ортасы қайтарылған ақ жолдың шетіне дейін қайшымен әдемілеп кесіледі де, желіммен кесілген жердің үстін және астыңғы беті мықтап жапсырылады. Сонан соң парталардағы әрбір оқушыға мұғалім жекелеп барып точкалы дәптерді қалай жасау керектігін үйретеді. шылар карточкалы дәптер жасауға кіріседі.