Қазақ тілін теориялық –практикалық жақтан үйрету туралы түсінік

1.Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері дыбыс заңдылықтарының өзіндік белгілерін практикалық дағдылар арқылы меңгертуде үлкен қызмет атқарады. Дыбыс пен әріптің, буын мен сөздін,, сөз бен сөйлемнің ара қатынасын мысалдармен дәлелдеуде бүл әдістің пайдасы мол. Жаттығу жүмыстары қазақ тілі материалдарына орай берілген теориялық білімді бе-кітуде, дұрыс жазу емлесі мен дұрыс сөйлеу нормасын қалыптастыруда және оқушылардьщ тілін үстарту, сөйлеу тілін дамыту дағдыларын жүзеге асыруда аса зор септігін тигізеді. Бүл әдіс қазақ тілі материалдарының бір-бірінен айырмашылығы, бірімен-бірінін, байланысын, жасалу жолдарын, өзіндік ішкі белгілерін, анықтамасы мен ережелерін қайталап, пысықтап бекіту үшін де қолданылады. Окушылар тіл фактілеріне белсенді түрде өздігінен бақылап, тіл материалдарына тдлдау нәтижесінде іс жүзінде белгілі қорытындылар шығарады. Қазақ тілін теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістері тақырыптың көлеміне қарай кейде жеңілден ауырға қарай, кейде ауырдан жеңілге қарай жүргізіледі. Жаттығу әрбір тақырыптың өзіндік ерекшелігіне, шарты мен мақсатына, түрі мен жүйесіне қарай жүзеге асады. Сондықтан әрбір тақырыпқа байланысты ең кемінде 5-тен 25-ке дейін дағды түрлері орындалады. Бүл оқушыларға берілген теориялық біліммен үйлестіріле отырып орындалады.

2.Қазақ тілі бойынша дайын материалды талдау, тілдік материалдардың түрін өзгерту, мазмұндау мен шығарма жаздыру, орфографиялык талдау, көшіріп жазу мен диктант жаздыру әдістерін жүргізуде төмендегі талаптарды ескерген жөн: а) талдауға қойылатын мақсаттын, айқын болуы; ә) бұл талдаудың қазак, тілі фактілеріне негізделуі; б) талдауға арналған мәтін және сөйлемдердің,мақсатқасайболуы; в) оқушылардың,сауатты жазуы мен дұрыс сөйлеуінің көзделуі; г) талда негізінде қазақ тілі құбылыстарын байқауы; ғ) байқа нәтижесінде өз ойынын. қорытындысын, тұжырымын жасай білуі; д) қазақ тіліненалғанбілімін практикада қолдануы талап етіледі.

Сонымен бірге осы талаптар негізінде жүргізілетін қазақ тілі бойыншаталдау:оқушылардың логикалық ойын жетілдіруге көмектесуі тиіс; оқушылардың өздігі нен жұмыс істеу дағдысын арттыруға көмек беретін болуы қажет; оқушылардың іске деген төзімділігін, бақылағыштығын өсіруі кажет; объектінітүсіндіру,бекем және қайталау үшін басты тәсілдердің бірі болуы тиіс класс және үй тапсырмасында кең қолданылғаны абзал