Қазақ тілін үйрету әдістері. Қазақ тілін теориялық –жақтан үйрету туралы түсінік

1.Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мүғалім белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми түрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына орай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бүл әрқашан мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр кластағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі. Мүғалім теориялық материалдарды үнемі өзі мазмүндап, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздеріне іздеттіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшелік-тері мен заңдылықтарын оқушыларға меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін саралап, лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген мақұл.

  1. Әңгіме әдісі. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, мүғалім мен окушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі — әңгіме әдісі. Бүл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен ұштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушыны жауабына қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. қазақ тілінен өтілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізген де, оқушылардың мына сияқты дағдылары калыптаса ды: оқушылардың білім алу талабына сай, белсенділі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ұстарту негізінде сөйлемді стилистикалі жақтан дұрыс құруға бейімделеді; жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бойынша көрген-білгенін дұрыс айтуға жаттығады; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді. Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында әңгіме әдісімен сабақ өткенде, төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық болуы абзал; ә) мүғалім әңгімесінде берілетін ой тиянақты, толық болғаны б) сөз саптауы, сөйлем құрауы жағынан жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем жүйесімен берілуі тиіс; в) мұғалімнің түсіндіруі жеңіл болуы қажет; г) әңгімеге шынын, өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп мұғалім жауап алу процесінде оқушы тілінің мазмұнды болуын жауап сөзінің логикалық жақтан берік болуын кадағалап отырады.

Ал жауап сөзіне де мынадайталаптарқойылады

а) оқушы сөзінің анық болуы; ә) окушының жай сөйлем немесе кұрмалас сөйлемкұрылысыменжауапберун.

б) өз түсінігін еркін айта білуі қажет. Оқушыларға қойылатын сұрақ мағынасы жағынан дәл, анық, логикалық жағынан берік болғаны абзал.Бірнешемәселелерді басын қоспай, жеке-жеке сұрақтар берілгені жән. Сс нымен бірге окушы «бар», «жоқ», «мүмкін», «білмеймін «оқымадым» деген сияқты бір сөзбен жауап беруіне болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтарда бірде ауыр, бірде жеңіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрінің өзгеруі оқушылардың ой дәрежесі өзгертуге септігін тигізеді. Оқушы жауабы тұсында мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударған жөн: біріншісі — берілгенсұрақтағынегізгі ойға, яғни тілдікқұбылыстықаншалықтыұққанын екіншісі — сол сұраққа жауап беруде, окушының өз ойын қаншалықты жетік жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет. Сабақты әңгіме әдісімен өткізуде дидактикалық материалдардың мәні күшті. Сондықтан мүғалім тілдік материалдарды түсшдіруде қажетті сөйлемдер мен мәтіндерді күнілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларын да жүйелі пайдаланады.

2.Оқушыларға қазақ тілінен берілетін теориялық білімді меңгертуде, әңгіме әдісінің қүрылымы да үлкен рөл атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен методикалық эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылымдық элементтерден тұратындығы анықталды: 1. Оқушылардың тілдік материалды бақылауы. Мүғалімнің сүрыптап алған мате-риалдары бойынша окушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай кернекі қүралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Сонан соң мүғалім оқушыларға дауыстап оқытады. 2. Тілдік материалдарды сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл ке-бінесе диалогтық сөйлеу түрінде жүргізіледі. Өтілетін тақырыптарға сәйкес мүғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Бұл бір мәселе жайында сұрақ беру және оған жауап күту мағынасында айтылған сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, оқушы жауабының дүрыс-бұрысын, қойылған сүраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалағаны жөн. 3. Материалдың, өзіндік белгілерінің сүрақтар арқылы айтылуы. Сүрақ жауап процесінде айтылып отырған материалдардың ішкі заңдылықтары оқушылар ойына, білім дәрежесіне, жас және класс ерекшеліктеріне сай аңғартылады. 4. Сұрақ жауап бойынша такырыптың өзіндік ерекшеліктеріне орай ережелер мен аныктамалардың шығарылуы. Әңгіме процесінде окушыларға тілдік материал-дардың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. өздігінен меңгеру үшін ереже мен анықамалар қиындық келтірсе, онда оны мұғалімнің өзі айтып береді. 5. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мүғалім өтілетін материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.

Енді әңгіме әдісінің осы күрылымдық элементінің методикалық жүйесіне тоқталайық. Мәселен, «Зат есімнің екеше түрлері» (көптік жалғау) атты тақырьщқа байланысты кесте тақтаның сол жағынан ілінеді.

Сөздің соңғы дыбысы Көптік жалғауы Мысалдар
1. Дауысты немесе , үнді р, у, й дауыссыздар -лар оқушылар, көшелер, таулар үйлер, пионерлер
 

 

-лер  

 

2. Ұяң, ж немесе унді л, м, н, ң дауыссыздарынан сон -дар қаздар, этаждар, қайыңдар өзендер, көлдер
 

 

-дер  

 

3. Қатаң дауыссыздан соң -тар қонақтар, жолдастар, аттар мектептер, көйлектер
 

 

-тер  

 

Ал оң жақтағы бос орынға көптік жалғауы жалғанған сөздермен сөйлемдер жазылады. Мысалы:

Оқушылар

көшелер

қаздар

кілемдер

қонақтар

мектептер

таулар

үйлер

газдар

езендер

оттар

көйлектер

Сонымен бірге жылжымалы тақтаға мынадай сөйлемі дер жазылады: Оқушылар мектептен келді. Қаланыіңкөшелері тап-таза. Қөкшетау облысында көлдер көп. Туысқан республикалардан қонақтар келді.

Осы сияқты сөздер мен сөйлемдерді, кестені төрт-бесоқушы дауыстап оқып шығады. Оған кластағы оқушылар көз жүгіртеді. Бұдан кейін жоғарыдағы мысалдарды дауыстап оқу арқылы мұғалім көптік жалғауыны өзіндік белгілеріне сай сұрақтар қояды.’

Мұғалім:

— Кестедегі жіктік жалғауын дауыстап оқып шы

ғыңдар?

Оқуіиы:

— Кестеде -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптіі

жалғаулары берілген.’

Мұғалім:

— Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған көптік жал ғауы қандай түрде жалғанады?

Окушы:

— Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын көптік жалғауы дажуантүрде қосылады (-лар, -тар, -дар).

Мүғалім:

— Сөздің соңғы буыны жіңішке болса ше? Оқушы:

— Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда оларға -лер, -дер, -тер жалғаулары қосылады.

Мұғалім:

— Сездің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді р, д, й дауыссыздарына бітсе, онда оларға -лар, -лер жалғау-лары жалғанады. Тағы да қалай жалғанады екен?

Оқушы:

— Сөздің соңғы дыбысы үндіге бітсе, үнді дыбыстардан басталған -лар, -лер қосымшалары жалғанады.

Мүғалім:

— Сөздің соңғы дыбысы үяң з, ж және л, м, н, ң да-уыссыздарына бітсе, онда оларға үяң дауыссыздан басталған қосымшалар жалғанады.Сөйтіпсөздіңсоңғы дыбысы ұяң мен үнділерге бітсе, қалай жалғанады екен?

Оқушы:

— Сөздің соңғы дыбысы үяң не үнді дауыссыздарға бітсе, оларға -дар, -дер жалғаулары жалғанады.

Мүғалім:

— Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздарға аяқталса, онда оларға -тар, -тер қосымшалары жалғанады. Сөздін, соқғы дыбысы қатаңға бітсе, қалай жалғанады?

Оқушы:

— Сөздің сонғы дыбысы қатаңға бітсе, онда оған -тар, -тер қосымшалары жалғанады.

Мұғалім:

— Сөйтіп көптік жалғау заттын, нешеу екендігін білдіреді?

Оқушы:

— Көптік жалғау заттың бірнеше екендігін білдіреді. Мүғалім:

— Біз көптік жалғаудың қандай түрлерімен таныстық?

Оқушы:

— Біз көптік жалғауының -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер түрлерімен таныстық.

Мұғалім:

— Көптік жалғауының қандай өзіндік белгілері бар?

Оқушы:

— Көптік жалғауы буын мен дыбыс үндестігі бойынша жалғанады. Біз оны жоғарыдағы мысалдардан көрдік.

Мұғалім:

— Сөйтіп көптік жалғауы дегеніміз не? Оқушы:

— Заттың көп, яғни бірнеше екенін білдіретін қосымшаны көптік жалғауы дейміз.

Мұғалім:

— Тағы да кім айтады? Оқушылар қайталайды. Мұғалім:

— Окулық материалын дауыстап оқып шығыңдар. 2—3 оқушы дауыстап оқып шығады.

Мұғалім:

— Мәтіннен көптік жалғаудың астын сызып көрсетіңдер.

Окушы:

Мәтіннен көптік жалғаудын, астын сызып көрсетеді Мұғалім:

Тақтадағы жазылғанкөптікжалғауындауыстап оқып шығыңдар.

Оқушы бұларды дауыстап оқып шығады. Мұғалім:

—Окулықтағы жаттығудың шартын орындаңдар? Оқушы жаттығудың шартын орындайды. Мұғалім:

— Көптік жалғауын қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар?

Оқушы сөйлемдер кұрайды.

  1. Хабарлау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, тілдік материалдың жалпы заңдылығын, өзіндік белгілеріннақтылы мысалдар арқылы хабарлайды. Тілдік фактілердің жалпы қасиеттерін хабарлай отырып, оның жасалу жолдарына көздерін жеткізеді. Сабақты хабарлап жүргізудеі мына сияқты екі қүрылымдык элементтердің сақталмай тындығыбайқалады.Біріншісі — тақырыптыңөзіндік белгілері сұрақтарарқылымеңгерілмейді, екіншісі оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені өздері шығармайды, мүғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушыларсол тақырыптың өзіндік белгілерін көрнекі кұралмен түрлі дидактикалық мысалдарға бағдар жасай отырып, кең түсінуге мүмкіндік алады.

Хабарлау әдісі окушылардың өздерін ойландырып, алғашқы айтылған пікірінен жалпы ой қорытындысын шығаруға бағыттайды. Қазақ тіліне орай берілген анықтама; ережелерге және оның өзіндік белгілеріне байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері қатысқанда, біріншіден, хабарлап отырған тақырыпты саналы түрде түсінеді, екіншіден, оны тұрақты, толық меңгереді, үшіншіден, практикалық жұмыс қажетіне жұмсай білетін болады.

Қазақ тілі материалдарын хабарлау әдісімен меңгеруде, оның құрылымдық элементтері де аса зор қызмет атқарады. Жүргізілген методикалық тәжірибенің нәтижесіне қарағанда, хабарлау әдісінің мынадай кұрылымдық, элементтерден құралатындығы анықталды: 1. Мұғалімнің арнайы сұрыптап алған дидактикалық материалдарына оқушылар көз жүгіртеді. 2. Анықтамалар мен ережелерді мұғалімнін өзі айтып береді. 3. Мүғалім материалдың өзіндік белгілерін жазып, тақтаға іліп кояды. 4. Мүғалім материалдың өзіндік белгілерін біртіндеп хабарлайды. 5. Өтілген материалға байланысты практикалық дағдылар жүйесі орындалады. Енді осы хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық.

Мүғалім мақсат бағыныңқылы сабактас қүрмаласқа арнайы жасалған кестенітақтаның солжағынаіліп КОЯДЫ.

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмаластың жасалу жолдары. (68-беттегі кесте арқылы түсіндіріңіз). Сонан соң тақтаның оң жағына 3 сөйлем жазады. Бұл сөйлемдерді 3—4 окушыға дауыстап оқытады. Осындай белгілі жұмыстан кейін мұғалім мақсат бағыныңқылы сабақтасқа арналған мына анықтаманы дауыстап айтып береді. Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы са-бақтас дейміз. Бұдан кейін мұғалім мақсат бағыныңқы-лы сабақтастың мынадай сүраққа жауап беретіндігін айтып өтеді: не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? иеге? Мұғалім сондай-ақ мақсат бағыныңқылы сабақтас сәйлемдердің мынадай ерекшеліктерін жазып, тақтаға іліп қояды: 1) Мақсат бағыныңқының баяндауыштары -мақ, -мек жүрнағы жалғанған етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің келуі арқылы жасалады;

2)Мақсат бағыныңқынын, баяндауыштары тұйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы жасалады

3)Мақсатбағыныңқыныңбаяндауыштарышартты бұйрық және қалау райлы етістікке деп көмекші етістігіі тіркесу арқылы жасалады.

Бағынық-      
қыныңбаян- Тұлғалық Сұрауы Схемасы
дауышы      
Етістіктің -пақ/шы неетпекбо- I …бармақболып,
әр түрі болып лып? І-І
  -қысы, келіп немақсатпен? I … көргісі келіп, I—I
     
  үшін не үшін?  
  -па-с   I … үйрету үшін, I—I
  -айын   I … ақпас үшін, I—I
  -сын деп не деп? I … амандасайын деп,
  -са/м неге? I—I
      I… көмектессін деп,
      І-І
      I… бітіріпшықсам
      деп, I—I

Бұдан кейін мұғалім мақсат бағыныңкылы баяндауыштын, өзіндік белгілеріне қарай отырып, төмендегіше түсіндіреді: мақсат бағыныңқының баяндауышы -мақ-мек жүрнақтары жалғанған етістіктен кейін болып көмекші етістігінін, тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы Біздер иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меқгермең болып, зор қимылды бастағалы отырмыз (Ғ. Сланов) Сондай-ақ мақсат бағыныңқынын, баяндауышы түйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы жасалады. Мысалы, Әңгімені басынан бастау ушін, Саржан мен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін (Ә. Әбішов). Мүғалім бұдан кейін мақсат бағыныңқының шарты, бұйрық және қалау райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы жасалатындығын хабарлайды Мысалы: Бір ұстасып қалсам деп,

Күшіңді байқап шенейсін, (Жамбыл).

Мүғалім жоғарыдағы айтылған анықтама мен өзіндік белгілерге орай мына тәрізді дағдыларды іске асырады: оқулық материалын 3 оқушыға дауыстап оқытады; өзіндік белгілерді дауыстап оқытады; мақсат бағыныңқы баяндауыштарын сөйлемнен табады; оқулықтағы жаттығуды шартына қарай орындайды; мақсат бағыныңқынын, баяндауыштарын қатыстыра отырып, сөйлем құратады.

  1. Түсіндіру әдісі. Білім мен дағдыларды меңгертуде бұл әдістін, атқаратын рөлі үлкен: оқушыларға жаңа материалды меңгерту, түсініксіз құбылысты үғындыру кезінде берілген сүрақтарға жауап беріліп, оқулықтағы материалдар кеңейтіліп айтылады. Түсіндіру әдісі, негі-зінен, белгілі бір құбылысты кең бағдарлап, дәл танытуға байланысты алынған. Түсіндіру әдісі білім беру және білім алу мақсатына қарай, негізінен екі түрге бөлінеді: біріншісі — мүғалімнің түсіндіруі, екіншісі — оқушының түсіндіруі. Мүғалімнің түсіндіруі мына сияқты жұмыс процесі түсында көбірек байқалады: 1) мүғалімнің түсіндіруі түсініксіз объектілерді ұғындыру үстінде көп рөл атқарады. Қиын тақырыптарды баяндау, өзіндік жұмыстарын жүргізу және оны жүйелі түрде іске асыру процесінде орындалады; 2) қазақ тілі тақырыптарын талдау кезінде жүргізіледі. Берілген мәтіндегі сөздерді дыбыс, буын жүйесіне қарай ажырату, морфологиялық тақырыптардың дыбыстық белгілерін айыру, орфографиялық талдау, дыбысты, буынды, сөзді дұрыс айту, жергілікті тіл ерекшеліктерін болдырмау барысында жүзеге асады; 3) жаңа теориялык, білімді таныту кезінде іске асырылады. Тақырыптың терминін, жасалу жолдарын, өзіндік белгілерін, анықтамалар мен ережелерін шығару процесінде өткізіледі; 4) практикалық дағдылар жүргізу барысында қолданылады. Жаңа материалды меңгерту үшін түрлі жаттығулар орындалады.

Ал оқушыныд түсіндіруі төмендегі орындарда жүзеге асады: 1) қазақ тілі тақырыптарын белгілі бір мақсатқа қарай талдау кезінде түсіндіріледі; 2) мүғалім үйретіл-ген мәліметтерді еске түсіру тұсында оқушылардан тү-сіндіруді талап етеді; 3) теориялық білімге байланысты қойылған сүрақтарға жауап беру үстінде оқушының түсіндіруі байқалады; 4) кластағы жаттығу жүмыстарын орындау кезінде оқушының түсіндіруі іске асырылады; 5) үй жұмысын түсіндіру үстінде жүзеге асады; 6) өтілген материалдарды қайталау барысында орындалады. Сөйтіп қазақ тілі материалдарын мүғалімнің өзі терең, тиянақты түсіндірумен бірге, сол материалдарға оқу-шылардың өздерін іздендіріп, практикалык дағдылар жүйесіне қатыстырып отырғаны мақұл. Мұғалім қазақ тілі материалдарын түсіндіруде тақырыптың өзіндік белгілерін саралай отырып, оны тиісті мысалдармен дәлелдейді, дидактикалық жаттығуларды керсетіп отырады.Тақырыптардың бірімен-бірінің байланыстылығын және алдағы айтылған ой мен кейінгі айтылған пікірдің ұштастығын нақтылы мысалдарментүсіндіреді.Мұғалім өтілген қазақ тілі материалдарының мысалдарын ауызша және жазбаша түрде таптырыпотырады.Көрнекі күралдар бойынша жүмыс істетіп,жалпықорытындыі шығарып отыруға баулиды. Мұндай жүмыс жүйесімең берілген білім оқушылардың түсінігін, тілдік фактілерді жете білудегі байымдауларын калыптастырады.

Сабақты түсіндіру әдісімен жүргізуде,оныңкүрылымдық элементтерін білудің де үлкен мәні бар. Методикалық тәжірибенің оңды нәтижелеріне қарағанда, түсіндіру әдісінің төмендегіэлементтерден тұратындығі анықталды: 1. Оқушылар мұғалімнін, арнайы таңдағаі көрнекі құралдағы мысалдарын қарап шығады. 2. Тақырыптың өзіндік белгілерін белгілі тәртіппен түсіндіреді.1 3. Мұғалім тақырыптын, өзіндік ерекшеліктерін жинақтайды. 4. Тақырыпқа тиісті анықтамалар мен ережелері шығарылады. 5. Материалға байланысты практикалық дағдылар көлемі іске асырылады.

Жоғарыдағы түсіндіру әдісінің құрылымдық элементтерін мысал арқылы түсіндіруге болады. Алдымен мұғалім «Сын есімнің сөйлемдегі кызметі» деген тақырыпқа байланысты кестені тактаның,сол жағына іледі.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Анықтауыш болады сүрағы: қандай? Сұйықтауқоныршашының арасы-нан бас құйқасы қылаңданып көрі-неді (М. Ә.).
Баяндауыш болады сұрағы: қандай? Сәтжанның пішіні жабыцқы (С. Б.).
Пысық-тауыш болады сұрағы: қалай? Омар сабақты жақсы оқыды.
Бастауыш болады сұрақтары: кім? не? Жомарт жоқтығын,жүйріктоқты-ғын білдірмес.
Толық-тауыш болады сұрағы: кімге? кімнен? Әдептіге елікте, әдепсізден жирен.

Тақтаның оң жағына мына сияқты мысалдарды жазады: Қалың ағаш арасынан әсем үйлер сығалап түрған тәрізді. Өнерлі ерге жүзеді. Жақсыда жаттық жоқ. Осы сияқты сөйлемдерді жаза отырып, мұғалім тақырыпты түсіндіруге дайындық жасайды. Көрнекі қүралдағы және тақтадағы жазылған мысалдарды екі-үш оқушы дауыстап окып шығады. Сонан соң ол сын есімнің сөйлемдегі қызметін түсіндіре бастайды.