1.Қазақ тілін практикалық жақтан үйренуде түсініксіз сөздерді түсіндіру тәсілдері үлкен қызмет атқарады. Бүл, негізінде, білім мен дағды беру және сабақ жүйесі тұсында жүзеге асырылады. Өйткені теориялық білім мен практикалық дағды бір жақты меңгерілмейді, әр жақты жүмыс қарқыны бойынша ойда сақталады. Мектептегі түрлі пәндерден оқушылар білім алумен бірге, сол пәндерге тиісті сөздерді, терминдерді игереді. Тікелей қазақ тілінен алған білімі негізінде өздерінін, сөздік қорын, сөйлеу дағдысы мен жазу шеберлігін арттырады. Сондықтан тіл мүғаліміәрбіржұмыста, білім беруде және сабақ үстінде кездесетін. қиыншылықтарды жою, болдырмау мүмкіндіктерінің алдын алады. Сонын, бірі түсініксіз сөздермен жүмыс істеу. Түсініксіз сөздерді жүйесіне қарай екі топқа бөлуге болады: 1) әдебиет материалдарына байланысты және 2) тіл материалдарына байланысты түсініксіз сөздер. Әдебиет материалдарының тақырыбы мен идеялық мәнін оқушылардын, бірден дүрыс әрі жетік түсінбеуі, көбінесе, сол тақырыптын. ауыр-жеңілдігіне, яғни таңдап алынған мәтіндегі сөйлемдердің молдығына тікелей қатысты. Сондықтан осы сияқты объектілерді түсіндіруде нақты методикалық жұмыс жүйесі талап етіледі.
Әдеби шығармалардан алынған текстерде түсініксіз сөздер мынадай орындарда ұшырайды: а) мәтін ішіндегі жеке сөздер; ә) мәтін ішіндегі сөз тіркестері; б) мәтін ішіндегі жеке фразалық тіркестер; г) мәтін ішіндегі идиомалық тіркестер; ғ) мәтін ішіндегі кұрмалас сөйлем сыңарлары; д) мәтін ішіндегі төл сөз бен автор сөзі; е) прозалық шығармалардан алынған мәтіндегі абзацтар; ё) поэзиялық шығармалардан алынған мәтіндегі жеке шумақтар; ж) драмалық шығармалардан алынған диалогтық және монологтық сөйлемдер.
2.Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру материалды оқыту үстінде жүзеге асырылады. Мүғалім түсініксіз сөздерге түсініктемені көркем шығармалардан алған үзіндіні немесе толық түрін оқу түсында контекспен байланысты ұғындырады. Мүғалім мәтінді оқи оты-рып, түсініксіз сөздерге тоқталады. Мүнда мүғалім бір сөз бен екінші сөзді, бірінші сөйлем мен екінші сөйлемді, бірінші абзац пен екінші абзацты, бірінші бөлім мен келесі бөлімді, алғашқы тарау мен келесі тарауды үнемі қадағалап, ұштастырып отырады. Қөркем шығармалардан алынған үзіндіні оқу үстінде, олардың алдымен жеңіл түрлері ғана бағдарланып, бірте-бірте ауыр объек-тілері түсіндіріледі. Оқу үстінде түсініксіз сөздерді белгілеп сөздік дәптеріне жаздырып қояды. Мәтінді толық оқып болғаннан кейін, дәптердегі жазылған немесе оқу тұсында белгіленіп қойылған сөздерге түсініктеме береді. Мәтіндегі түсініксіз свзді мағынасы сол сөзге жуық сөздер мен тіркестерге және сөйлемдерге қарсы қою арқылы түсіндіруге болады. Айталық, Абайдын, «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінен нәфрәтлі, ғибратлі, ақын-мизан сияқты сөздер кездеседі. Нәфрәтлі сөзін — жеркенішті, ғибратлі сөзін — үлгілі, енегелі, ақын-мизан сөзін — таразы, өлшеуіш дегенсөздермен ұғындырғани абзал.