Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту әдістері

1.Әрбір жеке пән мүғалімдері оқушылардьщ ой-өрісіні дамыта отырып, бір пәнненалғанбілімінекінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны мақұл. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы шоғырланып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

2.Пәнаралық байланыс пәндердің өзара қамтитын материалына, зерттеу сипатына және жақын-алыстығына қарай жұмыс жүргізу тәсілдерін белгілейді. Пәнаралық: байланыс талабын жүзеге асыру жүйесінде мұғалімдердің алдын ала ойластырып жасаған жоспарлары болуы тиіс. Пәнаралық байланыс тәсілдерінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: а) бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра отырып, мазмұны жағынан үқсас тақырыптардыд пәнаралық байланысын жасау; ә) жеке пәндер материалдарын меңгерту бары-сында өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалану; б) жеке материалдарды терең меңгерту тұсында ғана пәнаралық байланыстылықты жүзеге асыру; в) пәнаралық байланысты әдіс ұқсастықтарына қарай жүргізу; г) бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану; ғ) оқулық материалын өмірдегі әр алуан мін-деттермен байланыстыру.

Ана тілі мүғалімі әдебиет материалдарын сабақ. жүйесінде үнемі пайдаланып отырады. Бұлай етудің әрі ғылыми, әрі практикалық мәні бар. Пәнді оқыту және тәлім-тәрбие жұмыстарында тіл мен әдебиетті тығыз ұштастырып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде оқушылар ана тілін, оның сөз байлығы мен сөз өнерін үйренеді. Қазақ тілі сабағында әдебиет материалдарын пайдалана отырып, олардың сөз байлығын шоғырландырып, әдеби тілде сөйлеуге үйретіп, шығармашылық іске дағдыландырып отырған жөн. Оқушылар өз халқының өнері мен ғасырлар бойғы тарихын, оның көркем сез өнерін әдебиет арқылы таниды. Сөйтіп өмірдің шындығын, халықтын, тарихы мен тілін жақсы біледі, үғады. Әдеби шығармаларды тілмен байланыстыру оқушылардың үғымын дамытады, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Әдебиетке байланысты тақырыптар ертегілерден, жұмбақ пен макал-мәтелдерден, әңгіме мен очерктерден, өлеңдер мен поэмалардан, пьеса мен повесть, романдардан таңдалып алынады.

Енді біз қазақ тілі мен әдебиеттің байланысын іске асыратын жұмыс жүйесіне тоқталайық: а) «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісінен алынған үзіндіні оқи отырып, дыбыс пен әріптерге ажыратыңдар да, неше дыбыс, неше әріп барлығын түсіндіріңдер. Жүмыс жүйесі: мұғалім алдымен ертегі үзіндісін дауыстап оқып шығады.

Оны оқушылар тыңдап отырады. Бұдан кейін екі-үілгілі оқушы дауыстап оқиды, оқылған сөйлемдерді басқалары дәптерінё жазады. Әрбір оқушы сөйлемді өз бетімен дыбысқа, буынға бөледі де, қалай болғандығын түсіндіреді. Жазып болған оқушы қолдарын көтеріп, жауап береді; ә) төмендегі жұмбақты оқып шығыңдар да, жауабын тақтаға жазып, фон тәрізді буындарды еске түсіріңдер:

Мұрнында бар инесі, Бетінде бар түймесі. Аузын ашса сөйлейді, Табыңыздар не осы?

(Патефон).

Жұмыс жүйесі: мұғалім жүмбақ жазылған карточканы 3—4 оқушыға таратып береді. Әрбір оқушы өзіне берілген карточканы дауыстап, мәнерлеп оқиды. Сонан соңі соңғы 4-оқушы өз карточкасын дауыстып оқып, барлық оқушыларға жаздырады.Оныбылайайтып тұрады. Мұрнында бар инесі — жай сөйлем,жазыпальщдар, қайталаймын, тексеріңдер;ендіекіншісейлемдіоқимын — Бетіндебартүймесі — қайталаймын,тексеріп ; шығыңдар; үшінші сөйлемді оқймын — Аузын ашса сөйлейді — түгел жазыңдар, жай сейлем, қайталаймын, тексеріп шығыңдар. Енді соңғы сөйлемді оқимын — Табыңыздар не осы? — бұл сұраулы сөйлем,қандайтыныс белгісі қойылады. Жауабын тапқан оқушы тақтаға шығады да жауабына сәйкес термин сөздерді тақтаға тізбектеп жазып қояды: патефон,магнитофон,телефон, таксофон, электрофон; б) мына мақал-мәтелдерді оқып отырып, түбір сөздерге жалғанған қосымшалардын, үндесуін дәлелдеңдер:

1)Туған жердің жері де көрікті, Елі де көрікті.

2)Еңбек түбі — береке, Көптің түбі — мереке.

3)Ынтымак, түбі — игілік, Тірлік түбі — бірлік.

Жүмыс жүйесі: мұғалім жылжымалы тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді іліп қояды да, бір оқушыны орнынан тұрғызып, мақалды дауыстап оқытады. Осы сөйлемдегі жердің, жері, елі сияқты сөзді ауызша түсіндіріп, ажыратуды талап етеді. Оқушы: жер — түбір сөз, жалпы зат есім, атау септікте; -дің қосымша, бүлар екіге бөлінеді:жұрнақ және жалғау, -дің ілік септіктің жалғауы, оны мьша сияқты сыңарлары бар: -дың, -дің, -ның, -нің, -тын, -тің. Мұғалім бүдан кейінгі оқушыны тақтаға шығарады да, екінші сөйлемді дауыстап оқытады. Сонан соң мақаладағы барлық сөздерді мына тәртіппен жаздырып, түсіндіреді: еңбек — түбір сөз, зат есім, жалпы есім, атау септікте тұр, түбі — түбірі — түп, көмекші есім, тәуелді жалғаудың 3-жағында тұр, береке — түбір сөз, жалпы зат есім, атау септікте тұр. Бұдан кейінгі тақтаға шыққан оқушы үшінші мақалды түсіндіре отырып, талдау жасайды. Сөйтіп морфологиялық тақырыптарды таныту түсында үндестік заңынын, өзіндік белгілерінүйретеді;

в)Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіненалынған үзіндіні оқи отырып, дауысты дыбысәріптерініңжазылу емлелерін түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім мәтіндегі әр сөйлемді өзі дауыстап оқып шығады. Бұрыннан дайындалған карточкаларды оқушыларға таратып береді. Мұны ауызша да, жазбаша да жаттығу үлгілерімен түсіндіруді талап етеді. Әрбір карточкада жаттығу жұмысын орындау шарты көрсетіледі: зат есімнің тәуелденуін түсіндіріңдер, зат есімге қандайкөптікжалғауы жалғанып тұрғандығын айтып беріңдер, зат есімге қандай жіктік жалғауы жалғанып түрғандығын түсіндірін,-дер, сөзге қайсы септік жалғаулары жалғанып тұрған-дығын және осы жалғаулардағы үндестік заңын түсіндіріңдер. Сөйтіп морфологиялық тақырыптарды таныту тұсында үндестік заңыньщ өзіндік белгілерінүйретеді;

г)С. Мүқановтың «Колхозды ауыл осындай» өлеңіндегі дауыссыз дыбыстарды атаңдарда,олардыңжазылу емлесін түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім тақтаға: С. Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай» өлеңі деп жазып қояды. Сонан соң кластағы әрбір оқушыға бір-бір шумақтан өлеңді оқытады. Окушылар бір шумақ өлеңді оқи отырып, ондағы дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін түсіндіреді; д)Сейфуллиннің «Альбатрос» поэмасынан алынған үзіндіні оқи отырып,ондағыдауыссыздарды атаңдар да, ол қалай жасалып тұрғандығын айтып беріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім мәтінді дауыстап оқиды да, ондағы іріктеліп алынған жеке сөздерге сейлем құрауды жүктейді. Бүдан кейін әрбір оқушы жеке сөздерге байланысты сөйлемдер кұрайды. Құралған сөйлемдерін дауыстап оқиды, жатық әрі дұрыс күрылған сөйлемдерді тақтаға жазып қояды. Оны жаппай түрде талдап, сөйлем оралымына назар аударады. Әр сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардын, түрлерін талдап, түсіндіреді; е) Ғ. Мұстафиннін, «Миллионер» повесінен алынған үзіндіні оқи отырып, буыннын, түрлерін ажыратыңдар. Жүмыс жүйесі: мұғалім сабақ соңындаүй тапсырмасы(еңбегі) ретінде, онын, орындалу шартын бағдарлайды: а) повестеналынғанүзіндіні бір рет дауыстапоқыпбереді; ә) сөйлемдегі жеке сөздерді буындарға бөледі; б) неше дауысты буын және онын, қай түрі екендігін айырады; ж) С. Мүқановтың «Ботагөз» романынан алынған сөйлемдерді буынға бөлдіре отырып, буынның тасымалдану, ерекшелігін ауызша да, жазбаша да түсіндіріңдер. Жұмыс жүйесі: мүғалім әрбіроқушығамәтіндіоқытады да, түсіндірмелі жолмен ауызша үғындыруды жүктейді, жақсы түсіндірген оқушылардын, сөйлемі тақтаға жазып қойылады; з) М. Әуезовтің «Абай» романынан .алынған үзіндіні оқи отырып, оны кластан тысжүмыс ретінде орындаңдар. Жұмыс жүйесі: оқушылардын, үйде орындап келуіне арнап, мұғалім романнан үзінді мәтіндерді таңдайды. Осы мәтін ішінен үндестік заңынын, өзіндік белгілерін айыра отырып түсіндіруді оқушыларға тапсырады. Мұғалім кластан тыс кітап оқыту жүмыстарында, оқушылардын, дұрыс оқу шеберлігін төселдіреді. Мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанынжақсытүсініп,әдеби тілмен айтып беруге дағдыландырады. Сөйтіп ол көркем шығармадағы жаңа сөздерді, сөз жасау тәсілдерін, қазақ тілінін, анықтамалары мен ережелерін және сөз саптау, сөйлем қүраудын, стилистикалық жақтарын оқушылардың өзіне зерттетіп отырады.