ПРАКТИКАЛЫҚ ЖАҚТАН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

1.Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері сабақ жүргізу үстінде іске асырылады. Бұл арқылы оқушылар сөздің мағыналық қасиетін, табиғатын, сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын сезеді, ауызекі тілдің байлығы мен әдеби тілдің өзіндік белгілерін үйренеді. Мәдениетті сөйлеу үлгісін қалыптастырып,дұрыс оқып, оқығанын қайталап айтып беруге жаттығады. Сауатты және дүрыс жазу шеберлігі төселіп, әзінің тілін стилистикалықтүрғыдан жетілдіреді, ғылыми, саяси және көркем шығармаларды талғап оқу қабілеті артады. Окушылар қоғамдық қүбылыстарды тіл аркылы біліп, сезіну, түсіну және үйрену жолымен білімдері мен дағдыларын қальштастырады.

2..К. Маркс пен Ф. Энгельс тілдің өзіндік ерекшеліктері мен оның қоғамдық мәнін былайша бағалаған: «Тіл де сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл, дәл айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де, өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп тіл де, сана сияқты,,басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және кажеттігінен келіп туады» Заттар мен құбылыстарды ажырату және олардың белгілі бір қасиеттерін бөліп алу процесінде ғана оқушыларда таным пайда болады. В. И. Ленин таным теориясы жайында былай дейді: «Таным дегеніміз адамның табиғатты бейнелеуі. Бірақ бұл жай, тікелей.түтас бейнелеу емес, біркатар абстракциялардың процесі, ұғымдардың, заңдардың тууының, қалыпта.суының процесі»

Қазақ тілін практикалық жақтан үйрету керек. Оқушылар, біріншіден, бірімен-бірі қатынас жасайды, білмеген сүрақтарын бірінен-бірі сұрайды, екшшіден, өзіне тапсырылған қоғамдық, ұжымдық жұмыстарды(фото-монтаж, газет шығару. мақала жазу,үйірмеге қатысу т. б.) орындайды, үшіншіден, оқыған пәнін меңгертуде практикалық дағдысын арттырады. Олар әдебиет, тарих, география, анатомия,ботаника,математика,физика және химия сияқты пәндерден ана тілінде білім алады. Алған білімдерін практикалықістерге жаратып, твор-честволық еңбекпен шұғылданады, оқушылардың түрлі пәндерге байланысты үғымымен түсініктеріжетіледі, үйренуге деген талабы артады, пәнді жақсы көруге қызығады. Түрлі пәндер саласындағы түсініктер мен берілген фактілер қазақ тілінен білім беруге материал есебінде қызмет атқарады. Пән мүғалімдеріөзжүмысын қазақ тіліне сәйкес мынадай білім беруге бағыттайды:; 1) мұғалім сөзінің дүрыс айтылуы, грамматикалық жақтан жатық қүрылуы, сөздік қорының молдығы мен сөз саптауының орамдыкелуіменоқушыларға үлгі бола алады; 2) оқушылар мұғалімге еліктей отырып, берілген сұрақтарға толық жауап беруге әрекет жасайды; 3) мұғалімге еліктеу, мұғалімнен үйрену нәтижесінде оқушылардың сөздік қоры молаяды; 4) оқушылардың ауызша берілген жауаптарын оқылып отырған тақырыптың өзіндік белгілеріне қарай дүрыс ұйымдастырып,шығарма,жазба жұмыстарын жүйелі жазуға дайындалады; 5) мұғалім оқушылардың ауызшажәнежазбашатіліндегі-грамматикалық, стилистикалыққателеріндеркезіндеі түзетіп, дүрыс бағалап отырады.