1.Қазақ тілінен саналы әрі тиянақты алған білімдерін іс жүзіне асыруда жүйелі жұмыс тәртібі үлкен рөл атқарады. Сондықтан өнімді әдістерді методика қағидаларына сәйкес жүргізіп отыру мақсаты көзделеді. Жоғарыда айтылған әдістерді іске асыру арнайы тақдалған материалдар негізінде жүргізілетін жұмыстың психологиясына байланысты. Әдістін, қолданылу жүйесі білім алу көздеріне негізделе отырып, мына сияқты жұмыстық басты процестерін ескереді: 1) әдістің іске асырылу жүйесі объектіні меңгертудің психологиялық басқыштарына қатысты. Мүғалім мен оқушының қарым-қатынасы бойынша бұрын өтілген материалдар мен жаңадан өтілетін объектілер жөнінде оқушыларда белгілі дәрежеде үғым, түсінік пайда болады. Бүл кезде өтілген материалдар оқушылар ойында сәулеленеді.Белгілібір объекті логикалық ойлаудың тәсілдері мен екінші сигнал жүйелері нәтижесінде ой қорытындысы жасалады. Ой корытындысын жасауға себеп болатын бастапқы басқыш осы сәулеленуден туады. Берілген білім мен дағдыларды оқушылар белгілі дәрежеде жартылай игереді. Түсіндірілген объектілер жөнінде белгілі көлемде білім сапасын меңгертеді. Жүйелі жаттықтырылудың, мол пысықталудың негізінде толық меңгеру туындайды; 2) әдістің іске асырылу жүйесі материалдың ауыр жеңілдігіне байланысты орындалады. Өтілген тақырыптьщ өзіндік белгілері бесеуден артық болса, оқушыларға туырлау соғуы мүмкін. Сондықтан мүғалім алдымен түсіндіру әдісін талдау тәсілдерімен ұштастырады. Өткенді еске түсіру және жақа материалмен байланыстыру мақсатында алдыңғы сабақта не өтілгені жинақталады. Соған сәйкес оқушылардын, түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Қойылған сүрақтарға бірде оқушылар, бірде мүғалімнің өзі жауап кайтарып отырады. Бұдан кейін оқушыларға үш сөйлем карточкалар арқылы таратылып беріледі. Олардың өзіндік белгілерін түсіндірмелі тәсілмен дәлелдейді. Сонан кейін сабақта қайсы тақырып өтілетіні, онын, теориялық және практикалық мәні ескеріледі, тақырыпқа арналған көрнекі қүрал тақтаға ілінеді, қазақ тілі материалдарының өзіндік ішкі заңдылықтары түсіндіріледі. Қазақ тілі тақырыптары туралы айтылған тілдік белгілерді қорытып, жинақтайды, осы материал жайында оқушылардың қойған сүрақтарына жауап береді. Мүғалім материалдың ауырлығын ескере отырып, дағдылар құрамын іске асырады; 3) әдістің іске асырылу жүйесі материалды оқытудағы басты мақсаттарға қарай жүргізіледі. Мәселен, жоғарыдағы жүйемен жүргізілетін түсіндіру әдісінде мынадай мақсаттарды көздеуге болады: өткен материалды еске түсіру, оғаң сөйлемдер таратып беру, көрнекі құралды пайдалану, материалды талдау әдістері арқылы жинактайтын дағдылар көрсету, олардың өзіндік белгілерін таныту, нақтылы жаттығу жұмыстарын көрсету.
2.Белгілі бір грамматикалық тақырыптарды ету үстінде әдістер жиынтығы бірімен-бірі кірігіп, төгенделіп, байланысып отырады. Мүндайда әдістін, екі түрлі кызметі ескеріледі: а) толық элементті әдіс; ә) аралас элементті әдіс. Толық элементті әдіс тілдік материалдардан білім беруде өзінін, ішкі қүрылымын істің өн бойында бүтіндей сақтайды.Сөйтіпоқушыларғатеориялық
білім мен практикалық дағды беруде жетекшіқызмет| атқарып, белгілі бір әдіс жүйесінде дараланып отырады. Ал аралас элементті әдістер білім беруде жаппай қатысып, әрбір әдіс элементтерінің тиісті орында қызмет атқарғандығы сезіледі. Материалды түсіндіруде өтілгенді еске түсіру үшін, талдау, түсіңдіру әдістері, хабарлауі амалдары, көрнекілік тәсілдері, әңгіме әдістерінің элементтері қолданылады.Түрліәдістерэлементтерінің қосылуы теориялық материалдардын, меңгерілуіне жағдай жасайды. Әдісті іске асыруда негізгі мақсаттармен бірге тақырыпқа сай ескерілетін принциптерді ұмытуға болмайды. Мәселен қазақ тілі тақырыптарын оқыту үстінде: а) әдіс элементтерін ұштастыру; ә) оқушылардың зейінін қазақ тілі тақырыптарына аудару; б) тақырып-тың өзіндік белгілерін тірек ету; в) тақырыптың әсерлі-1 лігі мен мәнерлілігін күшейту; г) ауызша сөйлеу дағдысын арттыру; д) жазу сауаттылығын арттыру; е)оқу-1 шылардыңөзбетіншежұмысістеубелсенділігі мен саналылығын күшейту т. б. қадағалаған жөн.Сөйтіп әдістің іске асырылу жүйесі лингвистикалы фактілерді тірек етіп, психологиялық факторлар негізінде дидактикалық-методикалық принциптер бойьшша жүзеге асады. Таза практикалық жүмыстарды орындауда түсініксіз сөздерді түсіндіру, ауызекі тілді дамыту, мә нерлеп оқу, қосымша әдебиеттермен жүмыс істеу тәсілдері жұмсалады. Теориялық тілдік материалды оқытуда әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру, кітапты пайдалану әдістері қолданылады.