1.Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді методикада жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, окушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістсрін қай материалға байланысты сұрыптап алу методиканың қиын әрі күрделі мәселелері. Сондықтан оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдардың көлемін таңдау аса қажет. Оқушыларға берілетін.білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Білім беру әдістерін іске асыруда оларды топтастыру, жіктеу ең, қажетті мәселе болып табыладыі Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық жақтан меңгереді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру методиканың соңғы жетістіктеріне негізделеді.
2.Қазақ тілінен білім беру әдістерін жіктеуде төмендегі методикалық мәселелер өлшем етіп алынады. Олар мыналар: 1. Қазақ тілінен білім беру әдістері білім алу көздеріне байланысты жіктеледі. Біз оқушылардың қазак, тілінен теориялық білім алуы мен практикалық дағды калыптастыруының негізіне тоқтап өтейік: а) оқушылар қазақ тілінен алған білімдері мен дағдысын үжыммен қарым-қатынас жасау негізінде кеңейтеді, еңбектің барлық саласында бір-бірімен сөйлеседі, көрген білгенін әңгіме етеді, сөйтіп қарым-қатынас жасау негізінде белгілі бір білім негіздерін молайтады; ә) тілдік материалдарды іс жүзінде қолдануды окушылар көркем әдебиетті оқу үстінде түсінеді; б) оқушылар білім мен дағдыны қазақ тіліне байланысты жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтары мен кластан тыс орындалатын жүмыстар бойынша алады; в) білім мен дағды мүғалімнін, түсіндіруі бойынша жеткізіледі; г) білім мен білік қазақ тілі оқулығы бойынша қалыптасады, д) білім мен дағды арнайы таңдалған дидактикалық материалдар — диктант, мазмүндама, үлестірмелі карточкалар және түрлі көрнекі құралдар негізінде шоғырланады.
- Қазак тілінен білім беру әдістері белгілі методист-ғалымдардың айтқан методикалық пікірлеріне байланысты жіктеледі. Профессор А. В. Текучев «Методика русского языка в средней школе» деген еңбегінде білім беру әдістерін білім алу көздеріне қарай жіктеуді мақүлдайды Орыс тілін оқытудыц заңдылықтарын көп зертеген методист-ғалым, профессор Л. П. Федоренко теориялық методиканы зерттеудің мәселелері жайында былай деп жазды: «Важными вопросами теории методики автор считает следующие: 1) принципы методики руского языка, вытекающие из закономерностей усвоения родиого языка; 2) теоретический анализ средств передаачи, в частности анализ методов обучения родному языку» !.
Сөйтіп қазақ тілінен білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше жіктеуге болады: а) қазақ тілін практикалык жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту (үдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі, ауызша түсіндіру әдісі, ауызша мазмұндау әдісі және мәнерлеп оку әдісі, ;і) казақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері. Бұған мына әдістер кіреді: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі, Г) қазак тілін теориялық-практикалық жақтан уйрету әдістері. Олар мыналар: дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік материалдың түрін өзгерту әдісі, тілдік тапсырмалары бар мазмүндау үдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, тілдік
тапсырмалары бар шығарма жаздыру әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі және диктант жазу әдістері.