Шамалар арасындағы тәуелділік

Қандай бірлік е кесіндісін алмасаң, та, кез келген а кесіндісі үшін теріс емес нақты сандар жиынында оның сол е кескіндісінетән өлшеуші деп аталатын сан сәйкес қойылады. Конгруэнтті кесінділердің бір ұзындық бірлігіне тән өлшеуіштері де бірдей болады.

Егер с кесіндісі а және в кесінділерінен тұрса, онда ол кесіндінің е бірлік кесіндісіне тән өлшеуіші а және в кесінділерінің осы бірлік кесіндіге тән өлшеуіштерінің қосындысына тең болады.

Бірліке кесіндісінің өлшеуіші 1-ге тең.

Бір бірлік кесіндіні екінші бір оған тең емес бірлік кесіндімен ауыстыру, әрбір кесіндінің өлшеуіштерінің өзгеруіне әкеледі.

Әр бір кесіндінің ұзындық деп аталатын шамасы болады дейді. Тең кесінділердіңұзындықтары бірдей, екі кесіндінің қосындысының ұзындығы осы екі кесіндінің ұзындықтарының қосындысына тең.

Қандайда бір S жиынында эквивалентті (а-в) және «құрылады» (а=в+с) деген екі қатынас анықталатын болсын. Егер S жиынында өлшем системасын орнастыруға болатын болса, яғни S жиынының әрбір а элементіне бір-ақ нақты (а) санын төмендегі 1-4 шарттарын қанағаттандыратындай етіп сәйкес келтірсек, онда S жиынында шама анықталған дейді.

(S жиынының әрбір элементінің шамасы бар).

  1. Егер а-в болса, онда f (а)= f (в)
  2. Егер а=в+с болса, онда f (а) =f (в) + f (с)
  3. S жиынының белгілі бір е элементіне 1 саны сәйкес келеді.
  4. Егер S жиынында 1-3 шарттарды қанағаттандыратын екі өлшем системасы орналастырылған болса, яғни S жиынының кез келген а элементіне бірінші өлшем системасында t (а) саны сәйкес келсе, онда f (а) = kf (а) теңдігін қанағаттандыратын саны табылады.

Егер 1-4 шарттарды қанағаттандыратын өлшем системасында екі а және в элементтерін тек бір ғана сан сәйкес келетін болса, а және в элементтерін тең шамалы деп атауы болады.

S жиынының элементтерінің арасында жаңа қатынас, тең шамалылық қатынас енгізілді. Ол эквиваленттілікқатынасы болады. Кескінділер үшін тең шамалылық қатынасы крнгруенттік қатынасқа дәл келеді екі кесінділер конгруенттік болғанда және тек сонда ғана тең шамалы болады.