Геометрияның стреометрия бөлімі

Бір нүктеден шыққан және бір жазықтықта жатпайтын а,в,с сәулелерден құралғани фигураны үш жақты бұрыш деп аталады. Үш жақты бұрыштың жақтарынан жасалған екі жақты бұрыштары деп аталады. Көпжақ дегеніміз бнті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене егер көпжақ өзінің бетін құқрайтын әрбір жазық көпбұрыш жазықтығының бір жағына орналасқан болса , оны дөңес көп жақ деп аталады. Призма әртүрлі жазықтықтарда жататын және паралель көшіргенде бір – біріне дәл келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кескіндерден тұратын көпжақты айтады.

Көпжақтар призманың табандары , ал сәйкес төбелерді қосатын кесінділерт призманың бүйір қырлары деп аталады.

Егер призманың табаны n – бұрышты болса , онда ол n – бұрышты призма деп аталады.

Егер тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш болса , онда ол дұрыс призма деп аталады.

Призманың бүйір беті деп бүйір жақтары аудандарының қосындысын айтады . Призманың толық беті бүйір беті мен табандары аудандарының қосындысына тең.

Егер призманың табаны параллелограм болса , онда ол параллелепипед деп аталады. Параллелепипедтің барлық жақтары параллелограмдар.

Табаны тіктөртбұрыш болатын тік параллелепипедтеу тік бұрышты параллелепипед деп аталады .

Барлық қырлары тең болатын тік бұрышты параллелепипед куб деп аталады.

Пирамида дегеніміз — жазық көпбұрыштан пирамиданың табанынан , табан жазықтығында жатпайтын нүктеден пирамиданың төбесінен және пирамиданың төбесін табанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көп жақ.

Теорема: Дұрыс пирамиданың бүйір беті табанының периметрінің жартысы мен аксиомасының көбейтіндісіне тең.

Цилиндр деп бір жазықтықта жатпайтын , параллель көшіргенде дәл беттесетін екі дөңгелектен және осы дөңгелектердің сәйкенс нүктелерін қосатын барлық кесінділерден құралатын денені айтады.

Конус деп дөңгелектен конустың табанынан, бұл дөңгелектің жазықтығында жатпайтын нүктеден конустың төбесінен және конустың төбесін табанындағы шеңбердің нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған денені айтады.

Шар деп берілген нүктеден берілген қашықтықтан артық емес қашықтықта жататын кеңістіктің барлық нүктелерінен тұратын денені айтады.

Радиусы R сфераның ауданы мына формуламен есептеп шығарылады:

S=2 пRH мұндағы Н – сеигменттің биіктігі.