1.Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатынзаттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.
Сөз құрастыру үшін буындар беріледі. Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр мектепте оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен,тақтаға дөңгелекшемен,сызықшамен т.б.с. с). Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі. Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілгендыбыстарданқиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда керсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.); 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.
2.Тіл мен жазудың арасындағы үлкен алшақтық батыс европа халықтарының жазу жүйелерінде көптеген замандар бойы елеулі реформаның жасалмауынан болып отыр. Мысалы, француз жазуында XIII ғасырдан, ағылшын жазуында XIV ғасырдан бері ірі өзгеріс болған емес. Бірінеше ғасыр бұрын қабылданып, елеулі өзгеріске түспеген жазу жүйелері тілдердің жүздеген жылдардың бойындағы дамуын, ондағы өзгерістерді, әрине, көрсете алмайды. Мұның өзі, әсіресе ағылшын тілі мен француз тілінде дәл осылай болып отыр. Айтылуына орфографиясы жақынырақ келетін тілдердің қатарына неміс, голланд, венгер, швед, норвеж тілдері және жазуында реформа жасалған т. б. кейбір европа тілдері жатады.
Славян әліппесі (азбука) IX ғасырдың екінші жартысында грек алфавитінің негізінде жасалды. Бұл әліппені Кирилл (Константин) өзінің ағасы Мефодиймен Моравияға сапар шегудің алдында (863 ж.) жасайды. Біздің еліміз 1963 жылы славян әліппесінің 1100 жылдық юбилейін атап өтті. Славян жазуының графикалық екі түрі болған: 1) кириллица (Константин Философтың екінші аты — Кирилл дегеннен алынған), 2) глаголица (көне славян тілінің «сөз» деген мағынаны білдіретін глагол деген сөзінен алынған). Кириллицада 43 әріп болған, оның 24-і византиялық устав жазуынан (византиское уставное письмо) алынған да, қалған 19-ы славян тілінің ерекшеліктерін көрсететін әріптер ретінде жасалған. Бұл 19 әріп грек-византия жазуында болмаған. Демек славяндыктар грек-византия жазуын жай ғана қабылдай салмай, оны өз тіліне ыңғайлап, соны (оригинальный) алфавит жасаған. Орыс алфавиті осы аталған алфавиттің заңды жалғасы болып саналады. Славян алфавиті славян тілдерінің, соның ішінде орыс тілінің, дыбыстық құрамына сайма-сай келетіндей етіліп жасалған. Бұл алфавиттің ең үлкен жетістігі де осында. Кеңес Одағындағы халықтардың орыс графикасына негізделген жаңа алфавиттерінің жасалып қалыптасуы олардың жазу мәдениетін дамытуда айрықша роль атқарып отыр .
Сонымен, жазудың шығуының және оның біртіндеп дамып, осы күнгі дәрежеге жетуінің ұзақ тарихы бар. Әр түрлі жазу жүйелерінің ішінде әріп жазу жүйесі жеңіл және өте-мөте қолайлы.
Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады. Орыс, грузин, армян, өзбек, қазақ жазулары т. б. солдан оңға қарай бағытталса, араб жазуы, керісінше, оңнан солға қарай бағытталады.