Бірінші сынып оқушыларының жазу дағдысы графикалық –каллиграфиялық жазу дағдысы екендігі

1.Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да солғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ере-жесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде уғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелер мен қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (боз құнан, бозғұнан емес) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақтальіп жазылады.

Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс — әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т. б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан. т. с. с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.

Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т. б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т. б.

Қысқасы, жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.

  1. Белгілі бір жүйелі білім танымдық қызметте ақпараттық байланыстардың синтезі арқылы қалыптасады.Бүкіл ақпараттық байланыстар балаға жан-жақтан “ бұрылады” да, ойлау әрекетімен оның нәтижесінің,өнімінің арасында операциялық жүйе пайда болатын ми қызметін жаңа бір тәсілін тудырады.Сондықтан авторлық оқулықтарды жазуда оқу әрекетінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін нейропсихологиялық жүйе пайда болатын ми қызметін реттеуші психофизиологиялық механизм-жалпылама ақпараттық интеграцияны негізге аламыз.Зерттеулердегі бала тілін,әсіресе жазба тілін дамыту және сол тіл арқылы ақыл-ойдың шығармашылығын дамыту мақсатындағы жасалған интеграциялар-тіл-жазу-нәтижесінде шығармашылықты дамытумен қатар,мектепке жаңа келген баланың алғашқы жылындағы қызметінің жаңа тәсілін тудырады.

Ол жаңа тәсіл – балаға жазу дағдысына үйрету. Бұл әрекеттің жаңа тәсілінің мәні, жаңалығы мынада: бала психологиясының мектепке дейінгі табиғи даму динамикасын үздіксіз, бірізді жалғастырып алып кету арқылы алдағы уақытта баланың жазу дағдысын дамытып,шығармашылығын арттыруда интеграция арқылы негіз салу және әрі қарай дамыту. “ Тілі дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды”. Әсіресе графикалық жазу дағдысы маңызды және күрделі мәселе.

Осы уақытқа шейін жазбаша тілді меңгерудің, яғни оқушының жазу дағдысын қалыптастырудың бастауышта үш кезеңі ( элементтік кезең, әріптік кезең, әріптерді жалғастырып жазу кезеңі) бары, сол кезеңдерге қойылатын талаптарды орындауға төселдіру қажеттігі және мұның бәрі өте күрделі процесс болып табылатындығы туралы айтылып және басшылыққа алынып келеді. Ғалымдардың “ жаңа түрдегі психологиялық операция пайдалану керек”, “жазу дағдысын үйрену қажет” деп отырғандары – баланы жазу әрекетіне үйретудегі жаңа тәсіл. Олай болса,баланың мектепке дейінгі ішкі ойын сыртқа шығаруының табиғи тәсілін мектепке келген бірінші жылы “Әліппеден” оқыған, жазғанымен, яғни оқу, жазумен оны интеграциялауымыз, тәжірибе көрсеткендей, графикалық жазу дағдысы ұғымын дамытудың көзі болады деп ойлаймыз.

Кішкене бала тілі шықпай, қолына қарындаш ұстайтын шаққа келгенде – ақ, түрлі сызықтар сыза бастайды. Л.С.Выготскийдің зерттеуі бойынша ол бізге, үлкендерге, шимай сызық болғанмен, бала үшін ішкі ойдың көрінісі, яғни бала ойын қолының қозғалысы арқылы көрсетеді.Тілі шыға бастаған кезде бұл шимайлар мағыналы сызықтарға айнала бастайды.Бала ол сызықтарына ішкі ойлау арқылы мағына беріп, бара-бара ойын сыртқа тіл арқылы шығарып сурет сала бастайды.Сурет сала отырып, сөйлеп отырады. Міне, біз осы ішкі психикалық процесс арқылы балада табиғи тәсіл қалыптасады деп қарастырамыз.Сонда табиғи тәсіл деп отырғанымыз әуелі шимай, кейінгі суреттер салу – баланың ішкі ойының сыртқа шығу тәсілі.Бұл тәсілді бала мектепке дейін дамытып келеді. Мектепке келгеннен кейін бұл тәсіл ескерілмей, жазуға үйретудің дәстүрлі әдістемелік жолы қолданылады.Балаға таныс емес жаңа тәсіл оның даму динамикасын күрт басқа арнаға салып жібереді.Бір ағаштың бұтағын кесіп, екінші ағашқа телігендегі жасандылықтың табиғи өсу қалпына түсіп кетуіне кететін уақыт пен күтім қажеттігіндей, жасанды шаралар, әдіс, тәсілдер баланың жазу дағдысын дамытуды кешеуілдетеді.Баланың өзі білетін символикасын, яғни толық ойды білдіретін фразаларды суретпен бере алу қабілетін, басқа символикалық ( әріптік) жазуға бір қалыпты көшірмей,бірден көшіру бала дамуын тежеп тастайды.Әбден әріптерді үйреніп, сөздерді сөйлемдерді жазып кеткенше, табиғи тәсілін тоқтатып қойып, әңгіме жазар шақ келгенде, “ ал енді әңгіме жаз” деген тапсырманың балаға қорқынышты болатыны осыдан деп ойлаймыз.Бұдан шығудың жолы – балаға графикалық жазу дағдысын үйрету.Оны сызба бойынша былай көрсетуге болады.

Балаға графикалық жазу дағдысы ұғымын түсіндіру.

Ішкі ойлаужазу дағдысы

ІІ-символикалық жазу (сөздің, ойдың суретін салу арқылы жазу)

 

идеограммалық

тәсілі

Баланың алғашқы символикалық жазуы – пиктографиялық жазудан( заттың суретін салу арқылы жазу)одан кейінгі екінші символикалық жазуы – идеограммалық жазуға ( сөздің, ойдың суретін салу арқылы жазу) көшіру процесі жазу механизміне үйретеді.Осылай жазу дағдысына үйрену ғана жазба тілге көшуге ықпал жасайды.Баланы жазуға үйретуге психологиялық жағынан дайындайтын осы кезең болуға тиіс.Мұны зерттеп көру өте қиын жұмыс.Бірақ бір анық нәрсе:баланы нағыз жазуға үйрету жазу дағдысын қалыптастырумен келмейді,заттардың суретін салудан сөз суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді.