Мәтіннің негізгі белгілері,құрылысы,түрлері

1.Шағын комплектілі бастауыш мектептерде мәтін тек соңғы он жылдықтарда ғана қолға алынып,зерттеле бастады.Сондықтан мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жағынан зерттейтін тіл білімінің саласы,мәтін лингвистикасы жетіле бастады.

Мәтін көбінде сөйлеудің жазудағы немесе баспадағы нәтижесі деп те анықталады.Мәтін кез-келген көлемдегі тиянақты ой деп қаралды.Сөйлеудің нәтижесі ретінде текі сөйлем бар жерде мәтін мәселесі туындайды.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда ғалымдардың пікірлері түрліше.Біреулер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп атаса,көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін мәтінге жатқызады.

Мәтін болу үшін оны құрайтын элементтерді,олардың бір-бірімен байланыстылығын,яғни тұтас мазмұны,жасалу құрылымын ажыратуымыз керек.

Мәтін мынадай мағыналық категорияларды бейнелейді: кейіпкер, уақыт,кеңістік, хабар көзі, автор және оқырман бейнелері.Ал жай мәтінге бұлардың тек соңғылары ғана тән.

2.Шағын комплектілі мектепте мәтіннің өзіндік мынадай ерекшеліктері бар деп есептеледі:

  1. Мәтін түзетін сөйлемдер және олардың өзара білдіретін ой-пікірі бойынша байланыстылығы;
  2. Мәтіндегі қайырымдар және олардың тақырып мазмұнына бағыныштылығы;
  3. Мәтіннің түрлілігі,яғни форманың тіл арқылы көрінетіндігі.

Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады.Егер бір сөйлем құрмалас сөйлем болып,өте жайылыңқы болса да оны біз мәтін деп айта алмаймыз.Мұнда тиянақты ой болғанымен ол мәтін бола алмайды,бар болғаны-сөйлем,мазмұн жоқ.Ал бұл сөйлем синтаксистің құрмалас сөйлем заңдылығы бойынша үйлескен яғни мәтіннің заңдылығынан өзге.Бұл құрмалас сөйлемді жеке тиянақты сөйлемдерге бөлшектеуге болмайды,мәтіндегі сөйлемдер байланысының заңдылығымен бөлшектеуге келмейді.

Осыған орай,мәтін кемінде екі немесе бірнеше сөлемдерден тұрады деуге болады.Сондай-ақ көлемді мәтін бірнеше сөйлемдер байланысып қайырым құрайды.Ал қайырымды сөз еткенде айтылатын ойдың тиянақтылығы жөнінде емес,онда салыстырмалы түрде аяқталған ой-пікір беріліп,тек микротақырып қана ашылғандықтан оның салыстырмалы дербестігі болады.

Бірнеше сөйлемнен тұратын қайырым өзінің бастауы тақырыптық сөйлем және қайырымдық фраза болып табылады.Сонымен бірге мағына мен формасы жағынан тізбектей байланысқан сөйлемдердің сөйлемде аяқталған интонация мен ұзақ үзіліс(пауза)арқылы беріледі.

Кез-келген мәтін әдетте бірнеше сөйлемдерден тұратын жеке-жеке маңызды бөліктерге бөлінген.Осындай әр бөліктер жаңа жолдан басталады,яғни жолдың басқы жағында оңға қарай бос орын қалдырылады.Азат жол мәтінде композициялы-мағыналық және стилистикалық қызметтер атқарады.