Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылрдын өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлері

1.Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,оқушылардың білімді терең және есте сақтай алатындай игеруі өз бетінше жұмыс істегендегі оның ойлау қабілетінің нәтижесі.Сондықтан білімді бекіту мен оны қолдану өзіндік жұмыстар арқылы қол жетеді. Бірақ оқушылардың саналы ойлау дәрежелері әртүрлі болғандықтан,өз бетінше жұмыс істеуді саралап ұйымдастыру қажеттігі байқалады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,оқытудың кезеңі мен дәрежесіне қарай оқушыларға тапсырмалар мен жаттығулардың түрлері беріліп және оларға берілген тапсырмалардың қиындығы белгілі ұпайлар арқылы көрсетілген жағдайда оларды таңдау оқушылардың өзіне жүктеледі.Кейде оқушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты жеке тапсырмалар беріледі.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,деңгейлері әртүрлі өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар алған білімді бекітіп оны тәжірибеде оқып жүріп те және өмірде де қолдануға біліктілікпен дағды қалыптасады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту барысында егер оқушыда өзіндік жұмысты орындаудың іскерлігі қалыптасса онда ол оқыту үрдісінің басқа да кезеңдерінде белсенділігі артып,оқуға деген қызығушылықпен құштарлық пайда болады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда кез келген өзіндік жұмыстың нәтижесі жоғары болу үшін,білім дәрежелері мен қабілеті әртүрлі оқушыларға арнап құрылған тапсырмаларды дұрыс таңдауға көп байланысты.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда тапсырмаларды құру үшін оқушылардың деңгейін болжау қажет.

2.Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында орындауға арналған өз бетінше жұмыстың кейбір үлгілеріне талдау жасайық:

1) Психологиялық дайындық (балалар бір-біріне жылы лебіз айтады,назарларын сабаққа аударады).

2) Үш топқа бөліну.

1 топ “Боз ат”.

Топтың аты” боз ат” бұл,

Келдік біздер жарысқа.

Дыбыстардың сырларын,

Баяндаймыз сайыста.

2 топ “Шұбар ат”.

“Шұбар” атты тобымыз

Көп нәрседен хабармыз.

Боз,Құлагер тобымен

Сайысуға дайынбыз.

3 топ “Құлагер ат”

Топтың аты Құлагер,

Қазақ тілін мақтаймыз.

Ереженің барлығын

Есімізге сақтаймыз.

-Енді “Бәйге”жарысын бастаймыз.Үш топқа үш парақша берілген.Шашыраған әріптерден сөз құрастыру керек.Шыққан сөзді орыс тіліне аудару және дыбыстық талдау жасату.