Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын сабақтары

1.Шағын комплектілі бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда өздік жұмыс – оқушылардың білім, іскерлік, оларды практикада қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы қатысынсыз өткізілетін іс-әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, өз ісімен зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзөгені байқамауға үйретеді.

Өздік жұмыстар сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде бар. Бекіту және қайталауға 60%, 20% жаңа материалды мегеруге, 20% бақылауға беріледі.

Әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын тапсырмалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру үшін керек. Оларды оқыту үшінде қодануға болады. Тексере – оқытамыз деген ереже жұмыс істеді. Барлық өздік жмыстардың орынлауы тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа материалды қабылдап түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін, қайталуға, алдын-ала оқуға және бақылауға, сурет иллюстрация қарауға, көргендерін жазуға мәліметтер табуға тапсырмалар береді. Оны дайындық жаттығулары дейді

Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытқанда егер оқушы оқи алып, оқығаннын түсінсе, онда өздік жұмысты жаңа білімді меңгеру үшін де қолдануға болады. Егер мұғалім қатесіз оқу және оқығанын түсіну дағдысын қалыптастырса онда бағдарламаны меңгеріп, басқа жұмыстарға уақыт табуға болады.

Бір сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті жоқ. Ең алдымен оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалынан өздік жұмысқа оқушыларға түсінікті және әлі келетіндерді болу шарт. Іс-әрекет түрін жиі ауыстыруы нәтижені нашарлатып, уақыт көп кетеді.

  1. 1-4 сынып оқушылары үшін төмендегідей өздік жұмыс түрлері белгіленген:
  • жаңа материалды оқығанда орындалатын дайындық жаттығулары оқулық бойынша (қайталау, карточка, таблицамен жұмыс)
  • бұрын меңгерілген білімге ұқсас жаңа материалды өз бетімен оқу үшін мұқият нұсқау беріледі.

Алгоритмдік кесте, нсқауларға сүйеніп іс-әрекет тәсілдерін меңгерту мақсатымен жаттығулар орындату, осы арқылы бекіту жүреді:

  • алуан түрлі жаттығулар
  • оқу материалының барлық бөлімдерін меңгерген соң тексеретін, бақылайтын тапсырмалар беру.

Өздік жұмыстың ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызшаны сирек, тек жағдай болғанда өткізеді. Мысалы, бос бөлме болса, 2-3 бала фонетикалық жаттығулар орындай алады, жаңа өлеңді айтады, тақпақты жаттап, көрініске әзірленеді. Жазбаша өздік жұмыстарда көрсету, есту, қозғалыс, яғни естің барлық түрлеріне жұмыс істеу керек. Бір сарынды, іш пыстыратын тапсырмаларды бермеген дұрыс. Өздік жұмыс ұзақтығы көп себептерге байланысты. Ең алдымен тапсырманың көлемі және күрделілігі ескеріледі. Оқушылар жаңа материалмен жұмыс істей бастаса, онда өздік жұмыс шағын болады, себебі, оны орындауға көп уақыт кетеді. Тапсырманы орындау техникасы төмен болса, жаңа материалды қабылдауға оқушылар әзір емес болса, онда ақыл-ой, практикалық жұмысқа, өздік жұмысқа көп уақыт кетеді.