1.Шағын комплектілі бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытудың технологиясы жөнінде сөз еткенде академик В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясында оқу үрдісінің ақпараттық моделі параметрлер түрінде орналасқан,яғни жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде оқу үрдісін бүтіндей не жеке күйінде сипаттайтын оқу үрдісі заңдылықтарын жобалау кезеңінде ғана емес,жүзеге асыру кезеңінде тұрақты,жалпыланған түрде бейнелей алатын бес параметр сұрыпталып алынады.Яғни педпгогикалық технология құрамы мыналардан тұрады:
1.Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,оқыту мазмұны мен құралын анықтайтын шешуші мақсаттар тобы.Мұғалім тараудың,тақырыптың көлемінде шағын мақсаттарды анықтайды.Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі оқу тақырыбының мақсаттарын құру,әдетте ол мақсаттар тақырып көлеміне байланысты 2-ден 5-ке дейінгі аралықта болады.
- Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,оқушының білім деңгейін жобалау,болжау.Болжау дегеніміз деңгейлік оқытуға бағытталған өзіндік жұмыс.Әрбір шағын мақсатқа сәйкес божау жұмысы іске асырылады және шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.
- Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда, оқушының сыныптан тыс іс-әрекетінің көлемі. Деңгейлік мөлшерде саралап жазылған тапсырмалар жиынтығы.Бұл параметр оқушыны оқытудың тіндетті деңгейін(стандарт),жоғары(4пен5)деңгейін орындауға жеткілікті мөлшерде тапсырмалар беріледі.
4.Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда, оқыту үрдісінің логикалық құрылымы.Шағын ғана мақсаттың мазмұны мен саны оқушының даму аймағын және әр аймақтың уақыт аралығын анықтайды.
2.Шағын комплектілі бастауыш мектепте білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты-ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген,тілдің қызметін жүйелі меңгерген,комуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуда,бұл мақсатты орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады:
Танымдық бағыт бойынша:
. оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру,мұнда әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын,маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік дағдыларды қалыптастыру;
. тілдің қоғамдық маңызын түсіндіру,ана тілінің бүгінгі таңдағы әлеуметтік рөлін,оның басқа тілдермен өзара байланысын,теңдігі мен бірлігін ұғындыру;
. оқушылардың логикалық ойлауын,қабылдау,түйсіну әрекеттерін жетілдіру,шығармашылық қабілеттерін арттыру;
. тілдік құбылыстарды абстракциялауды және жинақтауды білгізу,таным белсенділігін күшейту;
. тіл факторлары арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру,адамгершілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
. қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам,табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру;
Практикалық бағыт бойынша:
. оқушының сауаттылығын арттыру,әдеби тіл нормаларын меңгеру;
. тіл мәдениетін қалыптастыру,ауызекі сөйлеу,жазу,тыңдау мәдениетінің талаптарына сай дағдыларды жетілдіру;
. әр сабаққа бейнелі мағынадағы,фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөзді меңгеру.