Студенттерге бала тәрбиесінде үйелменмен бірлесежұмыс істегенде ғана тәрбие жұмысымыз нәтижеллі болатынын түсіндіру.Үйелмен не үшін сәтсіздікке ұшырайды , пайда болу себептерін түсіндіру
Үйелмен ең алғашқы тжастарды тәрбиелеу ұясы.Оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі.Үйелмендегі ең бас тұлға ана менәке,ата мен әже.Оларды қазақ халқы өте жоғары бағалайды.
Қазақ халқының тарихы өте бай.Үйелмен үшін ежелден келе жатқан тә!н қасиетінің бірі баласын жанындай көрген .
Әрбір үйелменде балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу,денесін шынықтыру,үлкендерді құрметтеу,туысқандық кең байланыс,ізгілік қатынастар жасау осының бәрі қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты.болуы.Үйелменде әрбір ана өз баласын кірлі көйлек кигізбей,дәмсіз тамақ ішкізбей,он саусағынан өнер таматын шебер етіп тәрбиелеуді арман етті.Ата иен әже отбасының ұйытқысы,үйелмен мүшелерінің тірегі,үлгі өнеге көрсетуші,ақыл айтушы,балаларының, немерелерін өсіріп тәрбиелейді,өмірге еңбек етуге жолдама береді.
Ғасырлар бойы қазақ үйелмендері жас өспірімдерді тәрбиелеуде көптеген әдістерді қолданып кедген.Олар:түсіндіру,үйрету,сенім, мадақтау, мақұлдау,үлгі-өнеге көрсетут.б. Бұлардың көпшілігі қазіргі кездегі гогика мен психология ғылымдарының саласында қолданылып жүрген әлдістер және тәсілдер мазмұны мен мақсатқа –сәйкестігі жағынан бір-біріне байланысты.Сондықтан біз оларды кейбір түрлеріне ғана тоқталмақшымыз.
Ымдау-бұл өте нәзік тікелей немесе жанама түрде жеке адамға әсер ететін тежеулі әдістердің бірі.
Жазалау-Біріншіден ,кейбір үйелменде жабайы,әдеп-ғұрыптардың,ескі және ерсі көзқарастарының байқалуында,Екіншіден,әке мен ананың отбасында өктемдік жасауында.
Сонымен , жазалау әдісі баланың мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды,әдістерді болдырмаудың өткір педагогикалық ықпал жасау құралы.
А.С.Макаренко халықпедагогикасына сүцне отырып,үйелменді қоғамның бастапқы ұйымы,онда еңбек өмінмен,ақыл-ой ,дене тәрбиесімен байланыста іске асады.Үйелменде еңбек тәрбиесінің маңызын айта келіп,А.С.макаренко мынандай құнды пікірлерді ұсынады.
1.Адамға әр түрлі еңбек қасиеттерін табиғат бермейді,олар оның бүкіл өмірінде ,әсересе жас кезеңдерінде тәрбиелейді.
2.Ескі заманда таптық теңсіздік жағдайында адам еріксіз жұмыс күші тесебінде еңбек етті.Біздің елімізде әрбір адамды еңбекке үйретіп дағдыландыру-тәрбиешілердің ерекше міндеті.
3.Баланың еңбек ету барысында басқа адамдарға дұрыс қатынасы тәрбиеленеді,бұл енді адамгершілікке дайындық
4.Еңбек тәрбиесінде баланың бұлшық-еттері,көру мүшесі,сезім түйсігі,т.б.дамып қана қоймайды,еңбек тәрбиесі әсіресе,адамның рухани және психикалқы дамуына зор әсер етеді.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша еібек тәрбиесін баланы күнделікті еңбек дағдыларына дарытудан бастау керек.
Үйелменде кездесетін теріс қылықтардың кейбір түрлері:
А)үйелмен мүшелерінің,әсіресеәке мен ананың арасында бірыңғай талаптың, көзқарастың жоқтығы;
ә)үйелменде балаға жеткілікті назар аудармаудың тапшылығы;
б)ата-ана мен бала арасындағы егесу;
в)үелменде болатын маскүнемдік,ұрыс-керіс,неке бұзушылық;
г)әртүрлі жағдайда баланың терісқылықтағыадамдардың қарамағына түсуі.
Мектеп — өскелен ұрпақты тәрьиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор.
Үйелмен жағдайы және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ата- аналар түрлі еңбек іс — әрекеттеріне үйретулері қажет.Бала үйелмен мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орыңдауы зор қуаныш. Үйелменнің бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілетін оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруғабақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты – б
Бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген үйілмендерде ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналды. Егер ата- аналар қоршаған табиғат және өз өлкесін көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болады.
Үйелменде балалардың тәбе процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгіледі атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
- Үйелменнің этикалық құрамы және құрылымы: толық емес үйелмен, бір баланы, көп балалы үйелмен, бір ұлттық, көп ұлттық үйелмен.
- Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: үйелмен мүшелерініңғ білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджетті, жалпы материалдық әл – ауқаты, селолық және қалалық үйелмен.
- Үйелменнің мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демелыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.
- Ішкі үйелмендік қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, үйелмен мүшелерінің өз міндеттерімен көзқарасы.
- Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
- Үйелменнің тәрбиелік потенциалы: үйелмендік тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үйелмендік тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі- үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден үйелменде болатын өктемдік баланың өзін-өзі билеушілігінен айырыды, әрбір қадамына бақылыу жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй- күйі төмен болады.
Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, әкемен ананың және басқа үйелмен мүшелерінің тарапынан біріңғайталаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата- аналарды немесе ересек үйелмен мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өскеді.
Төртіншіден, ата-аналар балаларды еркінен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бүкіл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Қорыта айтқанда, күделікті ертемен маңдайынан ата иіскемеген, әже бауырының жылылығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.