Кіші мектеп жасындағы оқушыларына сабақ,тәрбие саласында халықтық педагогиканың элементтерінқолдана отырып патриоттық,имандылық,адамгаршілік тәрбие беру жолдарын түсіндіру .
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салтына көркемдік саласынан тәлім-тәрбие беру оның күнделікті өмірдің тыныс-тірщілігімен байланысты болған.Сондықтан ол өзінің сүйініші мен күйінішін жыр жолдары,ән-күй саздары арқылы шебер жеткізе білген.Өзінің көшпелі өміріне ыңғайлы етіп тұрмыстық заттарын әшекейлеуде ,оларды көркемдік тұрғыдан ыңғайлы етіп жасауда ісмер болған. Эстететикалық талғам деңгейі жоғары болған Күнделікті еңбек қызметінде қолданбалы,қолөнерін дамытып отырады.
Киім киісінде,жүріс-тұрысында,қонақ күтісінде,сый-сыяпатында толып жатқан эстетика элементтері өз ұрпағын педагогика ғылымынсыз-ақ әдемілік пен әсемдікке баулуда тәрбие берудің тиісті құралына айналған.Сондықтан да қазақ халқында“Өнер көзі-халықта”,” Шебердің қолы ортақ”деген ақыл сөзі жоғарыда айтқанымызға дәләл болмақ.
Сонымен бірге халқымыздың өлең-жырлары,мақал-мәтелдерді,ертегілері,шешендік,қара сөздері әрі көркем, әрі образды болып келетін ауыз әдебиетіне тән жанрлары әр түрлері жастағы эстетикалық тәлім-тәрбие беруде мәдени мұраға айналды.
Ертеден өнер қуған, сауықшыл болған қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген .Аң аулап,қазақ елі ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген,Осы орайда мектеп қабырғасында жүргізіліп,қолдау тауып отырған айтыс өнері,әншілік-күйшілікжарыстар,қыз сыны ,халықтық мәдениет,өнер саласынан түрлі элементтерін көрсету,бәрі де бүгінгі ұлттық тәрбиенің өзегі болмақ.
Балаларды ерте бастан еңбекке,алуан түрлі өнер бұйымдарын жасауға баулыған қазақ жұрты көркемдікке,талғамдыққа,өнер мәдениетін игеруге, ұлттық асыл мұраларды көз қарашығындай сақтауға дағдыландырған.
“Өнерді үйрен де жирен”-деп Абай атамыз айтпақшы өнер атаулының көркемдік-танымдық иаңызы зор, ол тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде аса маңызды құрал болып табылады.”Ел боламын десең,бесігіңді түзе”демекші,ұлтымыздың болашағы бүгінгі ұрпақты ұлттық мәдениет,адамгаршілік тұрғысынан тәрбиелеу мәселелерінде көзден үнемі таса етпеуіміз қажет.
Ұлттық педагогика тарихы Әл-Фарабиден басталады. Ал қазақ ғылыми педагогикасының негізін салған-Ыбырай Алтынсарин. Халықтық педагогика дегеніміз-адамның таным ,наным,ұғым, салт-дәстүр, сенім, әдеп-ғұрып, мінез-құлықтың жиынтығы. Халқымызда өз ұрпағына жақсы тәрбие беретін жақсы салт-дәстүрі болған. Тәрбие беруде адамды тәрбиелік кезеңдерге бөліп қараған
Жалпы дәстүрдің 60-тан асқан түрлері бар. Халықтық педагогиканы мектепке енгізу оңай шаруа емес. Оның ғылыми негізін білуіміз керек. Біздің мақсатымыз -өз халқының этногендік ерекшеліктерін бойына жинақтаған,мәдениетін,тілін, әдет-ғұрпын, дінін толық меңгерген жеке тұлға эталон адамды қалыптастыру.
Халықтың ауызекі поэтикалық шығармаларының ішінде тәрбиенің тапсырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдерін маңызы зор .Оларда адамдармен күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар намыс, қайсарлық ,ер жігерлік туралы түсінігі ,ептілікті, шыдамдылықты жылдамдықты, күш қайратты ,әсем қимыл –қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа ,тапқырлыққа қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге ,сонымен бірге жеңіске жетуне деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, ‘’Асау мәстек’’ ойыны ептілікті шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырсак,’’Қалай айтуды білемін’’ ойыны табиғат құбылыстарынанхабардар болуды талап етеді.Жан-жануарлардың мінез-құлқын , олардын сыртқы көрінісін , олардың шығаратындыбысын айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын-сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген білгенін есте сақтай білуқабілетіне мән беріледі. Халық ойындары көркем эстетикалық ден тәрбиесінің ажырамайтын бөлігі болып саналады. “Қоғикөк ” ойынында билеп жүріп, хормен өлең айтуда үйлесімділік байқалады. Халық ойындары тосыннан туған қызықты кезеңдермен балаларға ұнайтын, санамақ, қаламақ, жаңылтпаш, жұмбақ, күлдіргі ойындармен жиі сүйемелденіп отырады. Санамақ пен қаламақ, әдетте, ойынның басында ойынға қатысушыларда тез ұйымдастыруға, олардың жүргізушіні әділ таңдай білуіне, ережені қолма- қол бұлжытпай тиянақты орындауына көмектеседі. Көңіл күйге тез әсер ету қабілеттерін эстетикалық талғамын дамытады. Санамақ балалардың екі топқа бөлінуінен қажеттілік туғанда пайдаланылады немесе санамақ арқылы жүргізушіні таңдайды. Ал қаламақ арқылы кейбір ойындарда жасырын ат бойынша ойнаушылар жетекшіден алма- кезек кімді қалайтынын сұраған кезде пайдаланылады. Мысалы: “Ойнаушылар: Аспандағы жұлдыз керек пе? Судағы құндыз керек пе?” деп сұрайды. Жүргізушінің бірі “судағы құндыз” деп жауап берсе, құндыз бала сұраған қайдан іздеп таптақ,- деп, ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал аттарын қоя отырып, соңғы баланы тентек теке атандырады…
Педагогика баланың дамуына өте нәзік, күрделі диалектикалық процесе деп қарастырады. Даму процестерінің қозғаушы күштері ішкі қайшылық күресі. Даму процесінің сан өзгерістері сан өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы: баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: Алғашқы кезеңде бала тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөздік қорына байланысты. Сексеннен астам сөздерді меңгергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым –қатнасы кеңейіп, олардың сұрақтарымн сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады..
“Ұяда не көрсең,ұшқанда срны ілесің”деген аталы сөзді халқымыз бекер айтпаған,Бұл тәлімгерлік мақал білім-тәрбие беретін мектеп пен отбасына ортақ қағида .Ол үшін әр отбасы, әр ата-ана құқықтық нормалар туралы ұғымдарды жете түсінуді талап етеді.
Балалар ертегіге өте қатты қызығады ,сондықтан олар естіген ,көрген образдарға қатты еліктейді.Мыс:”Ұшқыш кілем”,”Бай баласымен жарлы баласы”т.б.
Қазақтың ұлттық ойындары:Көкпар,сайыс,күрес,теңге алу,қыз қуут.б.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты.Оның шаруашылық,экономикалық,әлеуметтік тұрмысынан туған.Сондықтан,оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды. Қазақтың ұлттық ойындары дер кезінде қағаз бетіне түсіп үлгермегендіктен ұмыт болған.
Бастауыш мектептерде балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі.Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыружәне тәрбиебілім беру мүмкіндіктерін шешеді.
Ойын барысында қозғалғыш ширақтығы бұкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Қазақтың ұлттық ойындарының тағы да бір ерекшелігі-оған өлең сөздің араласып орындалатындығы.
Ойын барысында тақпақ айтып,өлең оқып,ән салады.Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы”Ойлауды қажетететін ойындарға”жатады.Олар көбінесе логикалық ойлау мен математикалық,философиялық ойлануды дамтытуды талап етеді.Солардың сөресі”тоғыз құмалақ”.
Ұлттық-қозғалмалы және спорттық ойындарыд үзілістерде, ұзартылған күн топтарындағы ертеңгілік,кештердегі ұжымында еркін сезіну мақсатқа жетудегі табандылық атмосперасын қалыптастыруға ұмтылу қажет.