Студенттерге мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекеті не үшін қажет екендігінің мәнін ашу .Мектеп-оқушы –ата-ананың мазмұн мәнін ашу.
Баланың алғашқы тербие алатын орны- от басы.Баланың мінез- құлқы, әдет дағдысы отбасында қалыптасады.Тәрбие жұмысы нәтежелі болуы үшін класс жетекшісі жанұямен, яғни ата- анамен бірлесе отырып жұмыс жүргізуі қажет. От басымен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы тәрбиелік деңгейін деңгейін анықтап, мынандай 5 топқа бөлген жөн.
- Отбасында адамгершілік қарым- қатынасы деңгейі жоғары. Жағымды моральді ахуал қалыптасқан, балаларға өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасалған.
- Ата-аналар арасындағы жағымды қарым — қатнас қалыптасқан, бірақ бала тәрбиесінде қателіктер жібереді, балаға шексіз қамқорлық нәтежесінде өзімшілдік қасиеттер қалыптасқан, олар мұғалімнің үнемі өзіне ғана зейін аударуды талап етеді.
- Қарама қайшылықты отбасылар. Бұндай жағдайда ата-аналар балаларымен ісі болмайды, себебі, өздерінің бір- бірімен қарым –қатынасын шеше алмайды. Бұл жерде дұрыс тәрбие туралы сөз де болуы мүмкін емес.Жанұядағы жағдайды өзгерту үшін белсенді педагогикалық ықпал ету қажет.
- “ Сыртай дұрыс” отбасы, бірақ нағыз адамгершілік бағалықтар, үлкен –кіші арасында сыйластық сезімдері жоқ. Бұндай жанұямен жұмыс жұргізу өте қиын.
- “Қиын” отбасылар, оларға дөрекілік, ұрыс – керіс тән. Балаларды қорғау үшін,бұндай жанұяларға педагогтар, қоғам зейінін аударуына тура келеді.
Отбасын зерттеу бір жағынан дәстүрлі бір жағынан өте күрделі. Жанұя құрамы әр түрлі. Жанұямен жұмыс жүргізгенде бір ғана әдісті қолдануға болмайды. Жанұя мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Класс жетекші жанұяны зерттеу жұмысын педагогикалық бағытта жүргізе білмесе, бүкіл жұмысқа нұқсан келеді. Класс жетекшісі ата – аналарды өзіне көмекші , кеңесші айналдыруы, яғни ынтымақтаса жұмыс жүргізуі қажет. Отбасының бала тәрбиесімен айналысу деңгейіне қарай оларды мынандай үш топқа бөлуге болады.
1 – топ бала тәрбиесін білетін және онымен айналысатын ата – аналар. Класс жетекшісі өз жұмысында бұл ата – аналарды өзіне сүеніш етуі керек.
2 – топ бала тәрбиесімен айналысқысы келетін, бірақ тәрбиеде педагогикалық біліміжетпейтін ата-аналар. Сынып жетекшісі оларға ақыл-кеңес ұйымдастырып , педагогикалық насихат жүргізіп отыруы керек.
3-топ – бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын , айналысқысы келмейтін ата-аналар. Бұлар азшылық, бірақ та мектептегі “ қиын “балалардың санын құрайды.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.
- Б алалардың отбасына баруы. Сынып жетекшісі то басына бару алдында міндетті түрде мақсат қою керек.
- Отбасындағы баланың қарым-қатынасын зерттеу. Үй тапсырмасын қалай орындайтындығын бақылау. Отбасына бармас бұрын баратындығы жөнінде ескерту.
- Ата-ананы мектепке шақыру . Бұл тек бала тәртібін бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда ғана емес ,бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет.Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.Ата-анлармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты.Мыс:бала жақсы оқиды,тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ.Бұл жөнінде ата-анаға күні бұрын ескерту қажет.Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамытуң мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.
Міне ,осы жағдайларда ата-анамен кездесіп,оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің мұғалімдердің,мектеп басшыларның борышы,нақты көмегі.Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді.Осы күні олар мектепке ткеліп,тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады,қажетті педагогикалық кеңестер алады.
- Ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырып пен пікіралмасу, тәжірибе алмасу тұсында болуы керек.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың тәрбиелік мәні бар.Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет,сыныптар бойынша жылына төрт рет өткізіледі.Ата-аналар жиналысында оқу-тәрбие жұмысықаралады,оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді.Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді.Жиналымтарда сынып жетекшілері ата-анларды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен таныстырады.
- Педагогикалық білімдер университеті- ата-аналарда педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы.Мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатына пен өзөара формасына байланысты.Олардың негізгі міндетті түрде 5Жағдайды ескеру қажет.
1.Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы.Мұндацй жағдай,тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.
2.Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.
3.Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау,талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.
4.Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесеіс-қимыл көрсеті.
5.Мұғалімдердің ата-аналармен қарым-қатынасында педагогикалық әдептің,этиканың қатаң сақталуы.
- Баяндама- тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру формасы. Жақсы баяндамашы- ата-аналардың қызығушылығы,проблемаларын білетін мұғалім, тәрбиешінің өзі. Баяндамадағы басты жағдаяттарға ғылыми талдау.
- Ашық сабақтар. Ата-аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылды.
- Педагогикалық пікірталас- педагогикалық мәдениетті көтерудің,ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі қойылған мәселені талқылауға мүмкіндік береді.
- Рөлдік ойындар- ата-аналардың педагогикалық біліктілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті. Ата- аналармен өткізілетін рөлдік ойындар тақырыпта әр – түрлі болады. “Таңертең сіздің үйде”, “Бала мектептен келді”, “От басы кеңесі” т.б.
- Ата –аналармен өткізілетін конференциялар. Белгілі бір тақырыптарға орай ата-аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса оөат мұғалім ашады.Содан ткейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алмасу болады. Конференция өз жұмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.
Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып,отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады.Олар ата-аналардың үдгі істері ,отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер.олардың тізімі,оқушылардың отьасындағы күн режимі,отбасы тәрбиесітуралы жасалған баяндамалардың мәтіні,теле және кинофильмдердің тізіміт.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне тбайланысты фильм көрсеті.т.б.
- Ата-аналар алқасы. Мектепішілік және әрбір сыныпта сайланады. Ата-аналар алқасы өзара мынандай міндеткерліктерді бөліп атқарады.
- Төраға.
-Ата-аналар комитетін ұйымдастырады, жоспар құрады.
- Ата-аналар жиналысын ұйымдастыруға қатысады.
- Қазынашы.
- Ата-аналардан сынып ұжымы үшін жарна жинау.
- Сынып жетекшісімен біріге отырып,шығын сметасын жасау.
- Жұмсалған қаражат жөнінде ата-аналар алдында есеп беру.
3) Оқу процесіне жауапты адам. Балалардың сабақтарына қатысу. Қажетті
кітаптар мен көрнекіліктер алуға көмектесу.