- Бейнелеу өнері бойынша мұғалім әңгіме сабақтарда бейнелеу өнері шеберлерінің өнерімен, шығармашылығымен және олардың таңдаулы шығармаларымен таныстырады, туындыларының көркемдік ерекшелігін түсіне білуге үйретеді. Бұл оқушылардың білім дәрежесін көтеріп, бейнелеу өнері ұғымдарын арттыра түспек. Мұндайда бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларының бір-бірімен айырмашылығын, өзара байланысын ұғындырудың өзіндік маңызы бар. Осыған орай, бейнелеу өнеріне арналған әңгіме сабақтардың біреуімен таныстырайық. Бұл сабақта бейнелеу өнері көркем өнердің қай саласына жататынын, туындының қандай жанр бойынша орындалғанын сөз етеміз. Сабақта қолданатын әдісіміз: бейнелеу өнері туралы әңгімелеу. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы нақты мысалдар келтіре отырып, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын түсіндіру. Оқушылардың бойына бейнелеу және оны түсіну дағдыларын қалыптастыру – сабақтың негізгі мақсаты болып табылады. Проекциялық фонарь, экран көрсеткіш, шығармалардың түрлі-түсті репродукциялары сабақта кең түрде қолданылады.
Көркем өнер – мақсатына, орындау техникасына байланысты музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, қолданбалы өнер болып бірнеше салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өмір шындығын өз мүмкіндіктерінше әсерлі етіп жеткізуді мақсат етіп көздейді. Мысалы, музыка өмір шындығын дыбыс, көркем әдебиеттік, бейнелеу-сызық, нүкте, бояулармен, кескіндеу арқылы әсер қалдырады. Театр мен кино бірнеше өнер түрлерінің (мәдениет, музыка, бейнелеу өнерінің) жиынтығынан жасалады. Ал қолданбалы өнер тұрмыс заттарын безендіреді. Көркем өнердің бір түрі – сәулетшілік өнері. Онда үйдің архитектуралық құрылысы мен әсемдігі көрсетіледі.
Өнердің әрбір саласы бірнеше түрлерге, түрлері жанрларға бөлінеді. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне: кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстық, батальдық (соғыс), пейзаж және натюрморт жанрларына бөлінеді. әрбір жанрдың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын шынайы бейнелеуді мақсат етеді. Осындай бағытпен толық түсінік берген соң жеке шығармаларға тоқталып оларды талдап түсіндіреміз. Бұл кезеңде сурет көрінісінің идеялық мазмұны және көркемдік ерекшелігімен қатар ол қайсы жанрға жазылған туынды екендігіне, бейнелеу өнерінің қайсы түріне жататындығына оқушылардың назары аударылады.
Сабақта қазақ суретшілерімен қатар басқа ұлттардың да өнер шеберлерінің шығармаларымен аралас қолдану артық етпейді. Қазақ суретшісі Ж.Шарденовтің «Алтын күз» атты шығармасы. Табиғат көріністерін бейнелейтіндіктен шығармалардф «пейзаж» деп атаймыз. Суретші туған жердің әсем көріністеріне деген өз ойын, сүйіспеншілігін көрерменге сурет көріністері арқылы жеткізген. Шығарма оқушының патриоттық сезімін оятады. Отанымыздың табиғат байлығын көрсетеді. Пейзаждық шығарма жыл мезгілі, уақыт кезеңдері, ауа райының жағдайы т.б. табиғат құбылыстары бейнеленеді. Бұл шығарма майлы бояумен жазылған. Нұсқа бейнесі өмірдегі көрінісіндей етіп, майлы бояулармен жазылса, мұндай сурет көріністерін кескіндеме шығармалары деп атаймыз.
Сурет көрінісінде қазақ жерінің табиғаты бейнеленген. Күзгі күн. Тынық өзен жағасына өскен ақ қайыңдар, ағаш жапырақтары сарғыш түске айналған. Күзгі табиғаттың тыныштық қалпын суретші өмірдегі көрінісіндей етіп бейнелейді. ¤мірде табиғаттың мұндай сұлу көріністері сан мыңдап кездеседі. Суретші бұл шығармада қазақ жерінің ерекшелігін көрсете отырып, табиғаттың жаңа бір образын жасаған. Шығарманы талдау барысында осындай түсініктер берген соң, сұрақ жауап әдісімен оқушыларды әңгімеге тартамыз.
– Балалар, суреттің аты қалай аталған?
– «Алтын күз».
– Бұл жұмыс бейнелеу өнерінің қандай шығармасына жатады?
– Кескіндемеге жатады.
– Себебі неде?
– Себебі түрлі түсті бояулармен жазылған.
– Бұл шығарма қандай жанр бойынша жазылған?
– Пейзаж жанры бойынша.
– Пейзаж деп қандай көріністі атаймыз?
– Бұл сурет көрінісінде табиғаттың қандай көріністері бейнеленген?
– Өзен, орман, т.б.
– Бұл жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілі.
– Оны қалай білдіңдер?
– Ағаш жапырақтарының түсінен білдік.
– Ағаш жапырақтары ќандай түске айналған?
– Сары-қоңыр түске.
– Оның себебі не?
– Ағаштың, өсімдіктердің жапырақтары күзде қурайды, сары түске айналады.
– Суретте қай жердің табиғаты бейнеленген?
– Қазақ жерінің табиғаты бейнеленген.
Мұндай әңгіме оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Табиғат туралы түйіндеген ойы естерінде ұзақ сақталады.Келесі шығарма – Ә.Қастеевтің «Қазақ қызы» атты сурет көрінісі. Суреттің алдыңғы көрінісінде қазақ қызы бейнеленген. Соңғы жағына туған жер табиғаты көрсетілген. Қазақ елінің шығысы – таулы өлке, сондықтан тау пейзажы жазылған. Суретші қырғыз балаларының өміріндегі өзгерісті сурет көрінісінде шебер көрсетеді. Ол қолына кітап ұстаған қыздың портретінен анық байқалады. Қыз қолындағы кітап жаңа өмірдің символы. Ол алға қарай жүріп келеді. Бет әлпетінен байсалдылық, шешімділік, қуаныш аңғарылады. Бұл ойды суретші ашық түсті бояулармен білдірген. Суретші картина көрінісінде қазақ қызының жиынтық портретін жасаған. Портрет жанрында адамдардың бет-әлпетін бейнелеумен қатар, психологиясы, іс-әрекеті, мамандығы, т.б. ерекшеліктерін көрсетеді.
— Балалар, суретші өзінің портреттік шығар-маларында еңбегімен ел құрметіне бөленген адамдарды бейнелейді. Мұндай адамдар – жаны сұлу адамдар. Суретші портретте бет көрініс сұлулығы ғана емес, адамдардың жан сұлулығын да білдіреді. Мысалы, ондай портреттерге: Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев және Ыбырай Жақаевтың, Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтердің портреттері жатады. Сонымен шығармада кім бейнеленген?
- Қазақ қызы бейнеленген.
- Ол қайда бара жатыр?
- Мектепке бара жатыр.
- Оны қалай білуге болады?
- Қолындаѓы кітабынан білеміз.
- Бұл шығарма қай жанр бойынша жазылған?
- Портрет жанры бойынша.
Қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеев «Соңғы хабар» атты еңбегінде өзі өмір сүрген кезењіндегі қазақ халқының жаңарған тұрмысын көрсеткен. Шығарманың алдыңғы шебінде жайлаудағы малшылардың түскі мезгілі бейнеленген. Сурет көрінісінің композициялық ортасында радио қабылдағыш. Жиналған ауыл адамдары соңғы хабар тыңдап, қымыз ішіп, кейбіреулері өзара әңгімелесіп отыр. Киіз үйлер маңында балалар ойнап жүр, аттары ерттеулі, байлаулы тұр. Ал соңғы жағында кең дала, жайылымдағы мал тартымды бейнеленген.Бұл тұрмыстық жанрға жататын шығарма. Шығармадағы әрбір бейне белгілі ойға құрылған. Бояу түстері де сол ойға сәйкес таңдап алынған. Сурет көрінісі түрлі түсті бояуларға өте бай. Ашық түсті бояулар ерекше көңіл аударады. Бояу түстері кейіпкерлердің көңіл күйін ашып көрсеткендей. Суретші бұл шығармаларда еңбек адамдарының еңбектегі жеңісінің хабарын естіп, қуаныш үстінде отырған қалпын көрсеткен.
Тұрмыстық жанр бойынша жазылған шығармалар өте көп, олар еңбек адамдарының тұрмысын, өмірін әр қырынан көрсетеді.А.Ғалымбаеваның «Дастархан» атты шығармасына тоқталайық. Қазақ халқының тұңғыш әйел суретшісі А.Ғалымбаеваның киіз үйдің ішінде жайылған дастархандағы тағамдар мен ыдыстардың арасында нан ерекше көзге түседі. Өйткені бұл түстер салтанатты білдіреді. Бейнеленген заттардың түр-түсі, материалы, фактурасы анық байқалады. Суретші заттардың бұл қасиеттерін өмірдегі нұсқасындай етіп бейнелегендіктен, тіпті, ұстай алуға болатындай сезінеміз. Суретшінің бұл жұмысы натюрморт жанрына қосылады.
Натюрморт – жансыз заттар бейнеленген суреттер. Натюрморт ақ, қара бояулармен де, түрлі түсті бояулармен де беріледі. Әдетте, натюрморт белгілі ойды білдіруге айналады. Мысалы, ыдыстар, мамандықты білдіруге байланысты заттар, еңбек құралдары, т.б. бейнеленуі мүмкін. Қ.Барановтың «Алма бағында» атты шығармасы тұрмыстық жанрға арналған. Сурет көрінісінде алма бағындағы жеміс жинап жүрген әйелдердің демалыс сәті бейнеленген. Алма ағашының көлеңкесінде екі әйел отыр. Бірі баласын жоғары көтерген де, екіншісінің баласы қасында ойнап жүр. Олардың қасындағы үшінші әйел алма ағашына сүйеніп, оларға қарап қалған. Сурет көрінісі ананың балаға деген махаббатын, ана еңбегін лирикалық түрде баяндайды. Біз ана еңбегін қадір тұтамыз. Біздің елімізде өз еңбегімен ел байлығын арттырып жүрген құрметті аналар көптеп саналады. Сурет көрінісінде осындай аналардың образдарын көреміз. Бұрын талдаған сурет көріністері түрлі түсті бояулармен орындалса, бұл жұмыс тек қана ақ, қара сурет көрінісі – шығарма немесе көркем шығарма түстермен салынған. Мұндай бір түспен салынған сурет көріністері графикалық шығармаларға жатады.