- Жаллы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында бейнелеу өнеріне оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
- оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
- өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсіпігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту;
- оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
- бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.
Қазіргі кезде жасөслірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өлерінің ықпалы зор екелдігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сүлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа лсихологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушының ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол әсіресе танымдық шығармашылық белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде арттыратындығын көруге болады. Педагогтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болыл табылады.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т.б. бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатылдығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.
Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының композициялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз түсінігін, пікірінәңгімелейді. Бұл оқушыларды өнер танығыштыққа тәрбиелеп, коммуникативтік қабілеттерін арттырады. Осыған орай қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қол өнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер кеңінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талдап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, эстетикалық, іскерлік, коммуникативтік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындауды жүйелеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекетік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріліп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің маңызы зор.
Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту Лекция жоспарыланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:
Бағдарламадағы көрсетілген әрбір бейнелеу өнері саласы бойынша оқыту негізі екі бөлім арқылы қарастырылады:
- Өнерді қабылдау.
- Машықтық көркем іс-әрекет.
Өнерді қабылдау ол оқушылардың өнер түрлерін, өнер шығармалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы оқытушымен, сыныптағы жолдастарымен пікірлесе отырып танысуды
көздейді.
Ал машықтық көркем іс-әрекет барысында оқушылар заттан қарап, есте сақтап, елестетіп бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, көркем құрастыру, безендіру ереже заңдылықтарымен (композиция, пропорция, перспектива т.б.) танысып, іс жүзінде меңгереді.
Бағдарламада көрсетілген бейнелеу өнерін оқытудың мақсат, міндеттерін мынадай сабақ түрлері арқылы жүзеге асыруға болады. Ол:
- заттан қарап бейнелеу сабағы;
- тақырыптық бейнелеу сабағы;
- сәндік сурет және көркем құрастыру сабағы;
- мүсіндеу сабағы;
- өнер туралы әңгіме сабағы.
Бұл сабақтарда оқушылар заттан қарап, есте сақтап және елестетіп сурет салуға үйренеді, Тақырып бойынша сурет салып, оқыған, тыңдаған аңыз-ертегілерді иллюстрациялайды. Көркем еңбек элементтері бар сабақтарда оқушылар түрлі-түсті қағаздардан, табиғи материалдардан көлемді бұйымдар құрастырып, сәндеп безендіреді.
Сонымен қатар, оқушылар графика, кескіндеме, дизайн өнерлері бойынша біліктілік пен дағдыларын қалыптастырады. Ол өмір шындығынан, қоршаған заттардан өсімдікті көре білу және оны суретте әсемдік сезіммен бейнелей білу, жекелеген заттарды өзінен қарап немесе есте сақтап бейнелеуде пропорция, құрылымдық құрылыс, түстік рең, композициялық дұрыс шешімін таба білу және әр түрлі көлемді бұйымдарды өсемдік талғаммен безендіре білу мәселелері болып табылады.
Сонымен қатар осы жұмыстар барысында салынатын затты немесе кұбылысты алдын ала бақылау немесе зерттеу, эскиздер орындау, долбарлар және қысқа мерзімді суреттер орындау, заттарды бір-бірімен салыстыру, өз жұмысын салынатын затпен немесе құбылыспен салыстыру, суретті бейнелеуде әр түрлі бейнелеу кезеңдерінің ережелерін пайдалану, бейнелеудегі жалпыдан біртіндеп жекеге көшу немесе жекенің жалпыға үйлесімі қағидаларын ұстану біліктілігін меңгереді.
Сәндік суреттер салу, безендіру жұмыстары, көркем еңбек әлементтері бар сабақтарда, мысалға «Өсімдік жапырақтарынан өрнек құрастырайық», «Қағаздан шахмат фигураларын құрастырайық» т.б. осы сияқты сабақтарда оқушылар шынайы табиғи заттарды, көріністерді белгілі бір стилдендірілген рәміздік белгілер бейнесіне айналдырып, оларды симметрия, ырғақ (ритм) түстік үйлесімділігін тауып, композиция жасау біліктілігін меңгереді.