Тәрбие адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс. Ол алғашқы
қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болады. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері зор болды.
Еңбек процесінде ересектермен күнделікті қарым – қатынас жасауда, бар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет – ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт – сананы сақтауға үйренді. Алғашқы қоғам тапсыз болды, тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамда ер балалар ер азаматтармен бірге қару – жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты. Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез – құлық тәрбиенің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т.б. шыға бастады. Жеке меншіктің, құлдықтың және отбасының шығуына байланысты алғашқы қауым ыдырай бастады. Қоғамды билеуші топтар: дін басылары, көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесімен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады.
- Ертедегі Грецияда (Спарта мен Афиныда) тәрбие.
Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қауым орнына құлдық қауым пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болыа, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет , Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді. Шығыс мәдениеті ертедегі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ертедегі Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттекия орталығы Афины, Лакония орталығы Спарта болды.
Спартада құлдарды көптеп қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді. Құл инленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға үйрету жүргізілді. Спарта тәрбиенің мақсаты қатаң тәртіпке құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.
Афинада IV-Vғылым мен мәдениет дамыды. Құл инленуші қоғамда қыз балалар отбасында тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 14 жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, әнғ тақпақ айтуға жаттықтырды. 14 жасында ер балалар палестра яғни күрес мектебіне көшіріліп, онда 2-3 жыл д/ш жаттығушыларының жүйесімен таныстырылды, жүзуге үйретілді. Бай отбасылардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін дайындық алды. Құл иеленушілерден басқа жай халықтың өз балаларын мектепке оқытуға мүмкіндігі болмады.
Көрнекті грек филосфы Платон тәрбиенің мемлекеттер тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. өзінің педагогикалық пікірінде ол спортта және афина тәрбиесін ұштастыруға тырысты. Платон мемлекет дамуы тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады. 3 тен 6 жасқа дейінгі берілген тәрбиелердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады. Атақты грек филосфы және ғалым Аристотель мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасындағы тәрбиенің өз ара байланысты болуын жақтады.Аристотель алғашқы рет баланың дамуын кезеңдерге бөлді.Аристотель тәрбиенің әр түрлі салаларының байланысты болуын жақтады.
- Феодализм дәуріндегі тәрбие.
Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиялар феодалдар мен дін иелері болды. Феодалдық қоғамның негізгі тірегі – дін мекемелері.Орта ғасырда Қытай мен Индияда Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнда берілді.
Иранды, Сирияны, Палистинаны, Египетті,африканың солтүстік жағалауын VII –VIII ғасырда арабтар жаулап алып ірі мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытай мен, Индиямен,Европамен экономикалық байланыс жасады. VIII – ғасырда арабтар Пиремей жарты аралын жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европада жерінде мұсылман мектептер ашылды. IV – ғасырда Рим империясы Батыс және Шығыс империя болып екіге бөлінді. Батыс империя бірнеше ұсақ мемлекеттерге бөлінді, шығыс империя Визиянтия деген атпен мың жылдай сақталды.
Визиянтия мәдениетінің шығыс Европа жеріне таратуда славияндар үлкен роль атқарды.
Алдымен манастырь мектептері, кейін сабор мектептері ашылды. Маностырь және сабор мектептерде мұғалімдік қызметті діни қызметкерлер атқарды.Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие әскери болды.
XII -XIII ғасырда Батыс Европадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді,қолөнері мен сауда дамыды, университеттер ашылды.
XII –ғасырда Италияда, Францияда, Англияда т.б. елдерде XIV ғасырда Чехияда, Польшада ашылды.
Арабтар жаулап алуының нәтижесінде ислам дініне бағынған халықтарда мектеп және дініне бағынған халықтарда мектеп және медреселер ашылды. Мектептегі негізгі міндеттер болды құрамның тексін оқуға үйрету еді. Балалар алдымен араб тіліндегі барлыққ әріптің атын білуге тиіс болды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Кейбір медреселер де орта біліммен қатар, жоғары білім де берілді. Алдымен медреседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттері.Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Медреседе екі бағытта білім берді (дін және заң).
Дін және заң қызыметімен шұғылданатындар негізгі сүйенетіндері құран болды. Медреседе оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Медреседе үстем таптың балалары ған оқыды. Мұсылман мектептерінде болды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды. Медресе жаратылыс сабағынан білім беріледі, математика аз оқытылды.
Қол өнерін, табылатын жөніндегі ғылымдық медицинаны математиканы игеру мектептен тыс жүргүзілді .
Әскери және тәрбйесіспорт ойындары арқылы жүргізілді. Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандарда кездеседі. Соның бірі – ескі тәжік тілінің диолектісінде жазылған XI –ғасырда “Кабус — наме” халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Мектеп пен медреседе оқығаны үшін балаларға ақы төленді. Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады.
4.Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
Қайта өрлеу дәірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндірісі дамыды, буржуазия табы туды. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астраномия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды.
Қайта өрлеу дәуірінде Англияның социал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды (1478 – 1535). Томас Мор еңбекшілердің тұрмысының нашар екендігін көрсетіп, Англиядағы қоғамдық құрылысты батыл сынады. Томас Мор қоғамдағы үстем таптың өкілдерінен құтылу керек деп санады. Мор дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Томас Мор жаппай бастауыш білім беруді, әйелдердің ерлермен бірдей білім алуын жақтады.