Унивеситетте оқуыту поцесі – тек оқу сабақтары ғана емес, ол өзара байланысқан аудиториялық сабақтар; студенттердің өзбетінше жұмыстары және олардың қоғамдық еңбек іс — әрекеттері бөліктерін құрайды.
Оқу жылы жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) мектептердегі сияқты тоқсандарға емес, жарты жылдық оқу семестрлеріне бөлінеді. Сонымен қатар, студенттердің өз таңдаулары мен арнайы пәндер бойынша сабақтар да ұйымдастырылады. Аудиториялық сабақтар құрамында, мектептерде көп қолданыла бермейтін, лекция оқылады. Өзбетінше орындалатын жұмыстар мектеп оқушыларының үй тапсырмаларының жаңа формалары ретінде – курстық жұмыс және жобалар, онан әрі емтихан және дипломдық жұмыстарға жалғасады. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытында жүргізілетін іс – шаралар болып табылады. Сондықтан да ЖОО оқу процесі – оқытушылар мен студенттердің шығармашылық қарым – қатынысы болып табылады.
Оқу процесі қатаң жоспарлау негізінде ұйымдастырылады. Жоспарлау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде жалпы міндетті білім беру стандартты арқылы жүзеге асырылады. Оларда мамандық квалификацияның сипаттамасына байланысты меңгеруге қажетті білім, біліктілік және дағдылар назарға алынады.
Мысалы:
0313 шифрлы: «Кәсіби оқыту (профильмен)» мамандығы Қазақстан Республикасы Білім Министірлігінің 1996 жылғы 16 қаңтарындағы 11 бұйрығымен бекітілген.
Аталған мамандық бойынша кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – кәсіби мамандықтың маңызы мен ерекшелігін жете түсінген, табиғи танымдық деңгейі ғылыми жүйеде негізделіп қалыптасқан, өндірістік – техникалық, экономикалық эрудициясы мен мәдениеті жоғары, кәсіби оқудың бір профилі бойынша мамандықты жетік игерген жеке тұлғаны даярлап шығару.
Оқудың қалыпты мерзімі:
- өндірістен қол үзіп (күндізгі оқу) – 4 жыл;
- өндірістен қол үзбей (сырттан және кешкі оқу) – 5 жыл;
Квалификация – инженер – педагог (арнаулы және техникалық пәндер оқушысы). Квалификация аты жоғары оқу орнының (ЖОО) таңдап алған профилі бойынша анықталды.
Ескерту. Стандарт Республикалық оқу — әдістемелік бірлестік (РОӘБ) Кеңісі 1996 жылы 21 қазанда мақұлданған, Білім министірлігі 1995 жылы 18 сәуірінде бекіткен 0313 – «Кәсіби еңбекке баулу (профильмен)» мамндығы бойынша Мемлекеттік стандарт жобасының ескертулер мен ұсыныстарды сараптай отырып, толықтырылған варианты болып табылады.