АҚШ, Жапония, Ұлыбританияда заңнамалық төртіппен банктердің жарналары арқылы қаржыландырылатын сақтандыру жүйелері белгіленген және олар жұмыс жасайды. Атап айтқанда Ұлыбританияда барлық уәкілетті банктер жарналарын банктің банкрот болғандығынан ақшасын жоғалтқан кез келген салымшыларға жоғалған сомасының 75%-ын, бірақ көбірек 20.000 фунт стерлингтен аспайтын мөлшерде төлеуге арналған орталықтандырылған қорға салуға міндетті.
Германияда және Италияда депозиттерді жалпы сақтандыруды банктердің өздері арнайы қорға жарналардың салу жолымен ұйымдастырған. Францияда орталық банкке арнайы заңмен ауыр жайға тап болған банктердің салымшыларын қорғауды қамтамсыз ету міндеті жүктелген.
Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Үкіметі Қазақстаннын банк жүйесі мен дүниежүзілік үрдістердін ерекшеліктерін есепке ала отырып, депозиттерді сақтандыруды дамытудың үйлесімді нұсқасын жасау жолында жұмысты жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда 22 банк қатысушының кепілдік беру жүйесіне 2 кіреді. Қазақстан Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын іске асыру бойынша одан арғы іс-шаралар туралы» қаулысы 3 халықтың жедел депозиттеріне кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеуінің арқасында халықтың банк жүйесіне сенімі айтарлықтай нығайды.
Тұрғын-үй ипотекалық несиелеуді ықшамдау және кеңейту мақсатында ұзақ мерзімдік ипотекалық тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының аясында халыққа тұрғын үй сатып алуына немесе салуына несие беруді жүзеге асыратын банктер мақсаты заемшылардың дефолты жағдайында несие берушілердің тәуекелдерін сақтандыру болып табылатын Ипотекалық несие-лерге кепілдік жасау қорын құру аясында іске асырылатын арнайы сақтандыру бағдарламасын қамтамасыз етудің бір түрі ретінде пайдалана алады.
Қазкоммерцбанк, Альянс банкі және БТА Ипотека Ипотекалық несиелерге кепілдік жасау қорының алғашқы қатысушыларына айналды. Осы жүйе тұрғын-үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстанның Ұлттық Банкі мақұлдаған Ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесінің тұжырымына сәйкес қалыптастырылуда және несиелер бойынша орташа ставкаларды және бастапкы жарнаны төмендетуге, халықтың қалың тобының ипотекалық несиелерге қол жетерлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте осы жүйе бюджетке ерекше тәуекелдерді ұсынбайды және елдегі жалпы макроэкономикалық жағдайға негізделеді.
Қазақстан қаржыгерлерінің 111 конгресінде Қазақстан Рес-публикасының Президент! Н.Э. Назарбаев қысқа он жылдықта, ТМД-дағы құрылған үздік жүйенің бірі-қаржы жүйесі Қазақстан тарихында, қазақтардың тарихында еш уакытта болмаған деп атап көрсетті.
Қорытынды жасай отырып, банк қызметіне құқықтық реттеудің күрделі процесс болып табылатынын, оның бағдарларын Қазақстан Президенті анықтайтынын, ал ағымдағы және перспективалық мақсаттарды шешу Қазақстаннын Ұлттық Банкі, Қазақстан Үкіметі, банктер мен банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, Банктер мен қаржыгердің қауымдастығының, Казақстанның Әділет министрлігі және Қаржы министрлігі, басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің, сонымен қатар Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қалыптасу кезеңінен қазіргі таңға дейін банк қызметін реттеуді жетілдіруге қатысатын Қазақстан Республикасының Парламент мен Жоғарғы сотына жүктелгенін атап кетуіміз керек. Авторлар оларға еңбек нәтижелерінің азы ғана осы кітапты жазудың негізіне алынған орасан зор еңбегі үшін терең құрметін әрі алғысын білдіреді.