Банктік құпияны құрайтын мәліметтерді тарату үшін қылмыстық жауаптылы

Қазақстанда заң шығарушы «банктік құпия» мамандандыру жолын таңдады және Азаматтық кодекстің 745-бабы сілтеме норманы белгіледі: банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді, ал банк күпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және оның беру негіздері банк кызметін реттейтін заң актілерімен белгіленеді. Клиенттердін қорғалу құқығын банктер бұзған жағдайда банк қызметін реттейтін заң актілерінде, банктік қызмет көрсету шарттарында және басқа заң актілерінде келтрілген жағымсыз салдар пайда болады.

Мәселен, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жоддарымен, құралдарында ұстап алу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кіру, арнаулы техникалык кұралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында езге де заңсыз тәсілдермен жинау жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезендегі жалакысын немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінге мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айырылуға жазаланады. Коммерциялық немесе банктік кұпияны құрайтын мәлі-меттерді олардың иесінің келісімінсіз, бұл кұпия қызметіне не­месе жұмысына сеніп тапсырылған адамның пайдакүнемдік не­месе өзге де жеке басының мүддесіне жария ету немесе пайдалануы, бұл әрекет ірі зиян келтірсе, екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысын немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге камауға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңнің жалақысын немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуға жазаланады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттері банк шоттарының бар екендігі, олардың иелері мен нөмірлері туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияла-рын жүргізудің жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүліктерінің бар екендігі, олардың иелері, сипаты мен құны туралы моліметтер кіреді. Таратылу процесіндегі банк берген несиелер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды. Банктер өз депозиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары мен депозиттері жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүліктердің құпиясына кепілдік береді. Өзінің қызмет міндеттерін жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәліметтер алуға мүмкіндік алған банктін лауазымды адамдары, қызметкерлері және өзге адамдар оларды жария еткені үшін қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кірмейді.

Банк құпиясы есепшоттың (мүліктің) иесіне, есепшот (мүлік) иесінің жеке өзі банкіде болған сәтте берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес берілген қарыздар бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында көрсетілген адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін. Банктердің заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына міндетті түрде хабарлауы, валюталық заңдарға сәйкес экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін клиенттердің экспорт және (немесе) импорт операциялары бойынша мәліметтерді кеден органдарына беруі, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшін салымдарға (депозиттерге) үжымдык кепілдік беру (оларды сактандыру) женіндегі ұйымға және агент-банктерге беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.

Банк шоттардың бар екендігі және нөмірлері туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орнындағы адам қол қойған жазбаша сауал негізінде, есепшоттың иесі банкінің қарыз алушысы, кепілдік берушісі, кепілдеме берушісі немесе кепіл берушісі болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкке беріледі.

Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы тура­лы анықтамалар мыналарға беріледі: анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша; соттарға: сот ұйғарымы негізінде олар жүргізіліп жатқан істер бойынша; прокурорға: тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде, өз құзыреті шегінде, оз қарауындағы материалдар бойынша; прокурордың санкциясымен клиенттердің экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына; салық орган­дарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғаға қатысты; атқарушылық іс жүргізу органдарына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негізінде;

Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы жөне нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәліметтер мыналарға беріледі: жеке тұлғаның өкілдеріне: нотариалды түрде куәлан-дырылған сенімхат негізінде; анықтау және алдын ала тергеу органдарына: есепшоттарда немесе банкіде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкіне арест салынуы, олар өндіріп алынуы немесе мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының бірінші басшысы немесе тергеушісі қол қойып, мөрімен куә-ландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негізінде, олар жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша; соттарға: есепшоттарда немесе банкіде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкіне арест салынуы, олар өңдіріп алынуы немесе мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негізінде олар жүргізіп жатқан істер бойынша; прокурорға: тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде, өз кұзыреті шегінде, өз қарауындағы материалдар бойынша;

Банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы тура­лы оның жеке шотынан алынған көшірме нысанында беріледі. Клиенттің банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы оның жеке шотынан үзінді көшірме болуға тиісті мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құкықтық актілерімен айқындалады. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, олардағы ақшаның қалдығы ту­ралы анықтамалар, сондай-ақ банктің сейф жәшіктерінде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкінің бар екендігі, сипаты мен құны туралы қолда бар мәліметтер, олардың иесі қайтыс болған жағдайда мыналарға беріледі: мұра өкімінде есепшот (мүлік) иесі деп көрсетілген адамдарға; соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрін қойып куәландырған жазбаша сауалы негізінде олар жүргізіп жатқан мұрагерлік істер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуге тиіс; шетелдік консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлік істер бойынша. АҚШ-та техникалық және технологиялық жетістіктердің басым бөлігі «өндіріс құпиясы» ретінде қорғалады. Бірақ та американдық заңгерлерге «өндіріс кұпиясы» деген терминге толықтай анықтама беру мүмкін болмай отыр, сондықтан АҚШ-та ондай ұлттық заң жоқ, дегенмен сол тәрізді зандар оның жиырма екі штатында бар. Германияда жеткізушілер мен тұтынушылардың банктік операцияларын жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жағымсыз бәсеке туралы заң әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев банктік құпияны қатаң сақтауды қамтамасыз ету міндеттерін алға қойды.

Мұның өзі экономиканың дамуына қаржы нарығының тереңдеуіне, оның либерализациялануына, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін Қазақстан Ұлттык Банкі мен бақылау органдары арасындағы тиімді (оптимальды) теңдікті жүзеге асыруға байланысты туындайды.

Құқық бұзушылыкты тежеу мәселесі Қазақстан Республи­касы Президентінің 2001 жылғы 2-ақпандағы №201 өкімімен бекітілген 2001—2003 жылдарға экономика жүйесіндегі құқық бұзушылықпен күрестің Тұжырымдамасымен айқындалады. Мемлекеттің экономикалық кауіпсіздігі өте күрделі, сан-салалы және көп функциялы жүйе болғандықтан қаржы бақылау жүйесін жетілдіру қажет. «Терроризммен, лас ақшаларды жасырумен» күрестің халықаралық тәжірибесіне сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістердің ресмилендіруге қарсы әрекет ету мақсатында қаржы операцияларының мониторын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды жүзеге асыру керек. Қылмыстық кірістерді жасыру фактілері және олардың экономикаға енуі көптеген елдерде байқалады және мұның өзі қауіпті құбылыс болып саналады. Әлемдік экономиканың жаһандануы, өсіп келе жатқан капиталдардың нарығы ақшаның орасан зор сомасын қозғалыска түсуіне мүмкіндік жасайды, мұны қылмыстық элементтер пайдаланып күрделі схемалар арқылы қылмыстық жолмен тапқан ақшаны ресмилендіруіне мүмкіндік береді.

Осыған байланысты 1998 жылы банк операцияларына бақылаудың ережелері мен әдістері жөніндегі Комитет «Ақшаларды жасырып жұмсау ниетімен қылмыстық жолмен тапқан ақшаларға банктік жүйені пайдалануға беру туралы» декларация қабылданды. Жасалған ұсыныстар мынадай шараларды көздейді: шот иесі туралы банк шоттарын ашқан кездегі ақпараттың түпнұска екендігі, ақшаны жасырын жұмсаумен күрес жүргізбейтін елдерден клиенттердің үлкен сома бойынша қаржы мекемелері операцияларына, құқық қорғау органдарына берілген ақпараттарына және ондай клиенттерінің банк операцияларын тоқтатуына ерекше назар аудару.

Әлемдік қаржы секторында алыпсатарлық операцияларға ақшаларды жасырын жұмсау және қаржы нарықтарында қылмыстың көбеюі оңтайлы жағдай жасайды. Жыл сайынғы қылмыс капиталының мөлшері 600 миллиард АҚШ доллары шамасында болады. Осыған байланысты ақшаны жасырын жұмсау проблемасы бойынша арнайы комиссия құрылды, (ФАТФ) оған 20-дан астам елдер мен бірқатар ұйымдар мүше болып табылады. ФАТФ-тің бұл арнайы «қара» тізіміне бірқатар елдерден оффшорлары енгізілген.