Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың мақсатына Қазақстан Республикасы аумағында өздеріне тиесілі валюталық операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резеденттер еместердің Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актілері нормаларын сақтауын қамтамасыз ету жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру барысында:
1) резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық құндылыктармен операциялар жүргізу ережесін белгілейді;
2) шетелдік валюталардың және шетелдік валютадағы бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасындағы айналысының саласы мен тәртібін айқындайды;
3) шетелдік валютамен операциялар жүргізуге, онын ішінде осындай операциялардың көлеміне және сыйақы (мүдде) ставкаларының деңгейіне, резидентердің экспорттық операцияларының төлемдік валютасына, жекелеген экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысу нысанына қатысты қажетті шектеулер енгізеді;
4) Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты жекелеген операцияларды лицензиялау және тіркеу, экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттеріне шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібі мен мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
5) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде шоттар ашу тәртібін айқындайды;
6) резиденттер үшін шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына міндетті түрде аудару тәртібін белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген валюталық операцияларды жүргізуді тіркеу ережесін белгілейді және тіркеу куәлігін береді;
8) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жүргізуге лицензиялар беру ережесін белгілейді және лицензиялар береді, сондай-ақ лицензияның колданылуын тоқтатады және оны қайтарып алады;
9) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық, валютасының шетелдік валюталарға қатысты ресми бағамын белгілейді;
10) мемлекеттің алтын — валюта активтерін қалыптастырады және олармен операциялар жасайды;
11) уәкілетгі банктердің тізілімін жүргізеді және жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және уәкілетті мемлекеттік статистикалық органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын резидент еместердің орындауы үшін міндетті валюталық операцияларды есепке алу әрі есептілік тәртібін және нысандарын белгілейді;
13) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, сондай-ақ шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік- есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
14) жасасылған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдардан шетелдік валюталар тартады;
15) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортынан түскен шетелдік валютадағы түсімдерді міндетті түрде сату режимін енгізеді және жояды;
16) валюталық репеу және валюталық бақылау мәселелері жөнінде есептілік әзірлеу тәртібін, оны, нысандарын және оны табыс ету мерзімдерін белгілейді;
17) банктердің және өзге де түлғалардың Қазақстан Респуб-ликасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда тиісті заңнамада көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың міндеттері:
1) жүргізілетін валюталық, операциялардың Қазақстан Рес-публикасының валюталық заңнамасына сәйкестігін айқындау;
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің негізділігін және оларды жүзеге асыруға қажетті ресми құжаттардың бары-жоғын тексеру;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің толықтығы мен объективтілігін тексеру ретінде көрініс табады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық бақылауды жүзеге асыратын басты орган ретінде:
1) валюталық операциялар жүргізетін резиденттер мен резидент еместердің, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы нормаларын тиісінше сақтауын тексереді;
2) резиденттер мен резидент еместердің өз валюталық операциялары бойынша есепке алулары мен есептілігінің толымдығын және дұрыстығын тексереді;
3) валюталық бақылау агенттеріне олардың орындауына міндетті тапсырмалар береді;
4) валюталық операцияларды жүргізуге байланысты құжаттарды және ақпаратты сұратады;
5) жүргізілген валюталық операциялар бойынша есептілік тапсырудың және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы нормаларының сақталуы жөніндегі мәселелер бойынша тексеру жүргізу тәртібін белгілейді;
6) валюталық операцияларды жүргізу барысында анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы талаптар қояды;
7) Қазақстан Республикасы валюталық заңнамасында және өзге де тиісті заңнамалык актілерде көзделген, Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент еместері үшін орындауға міндетті болып табылатын тиісті шараларды қабылдайды.
Ал валюталық бақылау агенттері (әдетте уәкілетті банктер) валюталық бақылау жүргізу мақсатында резиденттер мен резидент еместерден:
1) жеке басты куәландыратын құжатты;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты;
3) заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын;
4) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін;
5) заңды тұлғаларға мемлекеттік статистикалық орган тарапынан, бірегей біріздендірілген код берілгенін растайтын кұжатты;
6) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжатгы;
7) валюталық шартты;
8) лицензияларын, тіркеу куәліктерін, хабарлама туралы куәлікті;
9) мәміле паспортын;
10) экспорт (импорт) мәмілелері бойынша міндеттемелерді орындауды не орындау кажеттігін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.