Банктердің қымбат бағалы металдармен операциялары ҚР Президентнің Жарлығымен, “Қымбат бағалы металдармен және қымбат бағалы тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” заңдық күш бар заңымен, Қазақстан Үкіметі және Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Қымбат бағалы металдармен және қымбат бағалы тастармен операциялар дегеніміз олардың физикалық күйін өзгерту әрекеттері, оларды тасу, сақтау және қолдану, құқықтардың ауысуы.
Аффинирленген қымбат бағалы металдарды әкелу мен әкетуді уәкілетті банктер мемлекеттік қолданыстағы заңнамамен белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстанның Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 19 қыркүйектегі №217 қаулысымен Банктерге аффинирленген қымбат бағалы металдармен операция жүргізуді лицензия беру тәртібі туралы ережені бекітті. Осы ережеге сәйкес заңды мекемелерге тиесілі аффинирленгенқымбат бағалы металдар Мемқоймада не Ұлттық Банктың қоймаларында немесе уәкілетті банктерде, ал жеке адамдарға тиесілі-уәкілетті банктерде екі жақты шарттарда көзделген талаптар мен тәртіпке сай сақталады (қымбат бағалы металдар одан әрі ұстауға немесе өңдеуге жіберілуге тиісті жағдайларда басқа кезде).
Банк Қазақстанның Ұлттық Банкіне аффинирленген қымбат бағалы металдармен операциялар жүргізуге лицензия беру туралы өтініш жасауға құқылы. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек: банк өткізуге қажет деп санайтын операцияларды жүзеге асыру қажеттігіне эконмикалық негіздеріме; лицензияланатын операциялар жүргізу жүктелетін бөлімше туралы ереже, оған бөлімшенің қүрылымы туралы, бөлімше қызметкекрлерінің сандық қүрамы қүрамы мен кәсіптік әзірлігі туралы мәліметтер қоса беріледі;мемлекеттік оргондардан Банктердің қымбат бағалы металдар қоймаларының құрылысы мен атқарылуы, сондай-ақ олардың күзет,қауіп – қатер және өрт дабылдарының құралдармен жабдықталуы Ұлттық Банк басқармасының 1995жылғы 17 тамыздағы94 қаулысымен бекітілген Қазақстанның Ұлттық Банкінің мекемелері мен екінші деңгейдегі банктер үйлеріндегі касса торабын жобалау мен құрудың техникалық талаптары туралы нұсқаулық талаптарының орындалғанын растайтын құжаттардың көшірмелері. Күзет және өрт қызметі уәкілетті бөлімшелері тиісті дәрежедегі түгел тексеруден кеиін қол қойған Банктің құндылықтар қоймасын күзет, өрт және қауіп – қатер дабылын пайдалануға қабылдау актісі қойманың техникалық беріктігін растайтын құжат бслып табылады. Қоймалар күзет дабылдарының үш сатысы мен жабдықталуға тиісті. Қоймалардың күзет, қауіп-қатер және өрт дабылдары міндетті түрде аудандық ішкі істер бөлімінің күзет бөлімінің орталықтанған бақылау орны мен байланысқан болуы керек. Қоймаға кіретін есік ернекше төзімді етіп жасалып, дабыл жүйесімен үштастырылған электронды құлып салынады.