Банк жүйесінің кредиттік-қаржылық орталық ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз өркендеп даму шағы нарықтық экономика жағдайында айқын көрініс табады.
Банк жүйесіндегі кредиттік-қаржылық процестерді мемлекеттік, корпоративтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Республикасындағы банктер елдің қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады, сондай-ақ олар ақша-кредит жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын камтамасыз етеді.
Банк жүйесіндегі банктік қызмет Қазақстан Ұлттық Банкі құзырының ауқымында және екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады. Өйткені банктік қызмет тиісті заңнамалық, актіде белгіленген банктік операцияларды жүзеге асыру және банктердің құқықтық мәртебесі мен функциялары ауқымымен шектелген.
Банктік қызмет уәкілетті орган берген лицензиялар рұқсаттар негізінде барлық, банктік операцияларды жүйелі түрде банк жүйесінде жүзеге асыруға бағытталған экономикалык іс-әрекеттер болып табылады.
Банктер жүзеге асыратын банктік операциялардың тиісті заңнамалық актіде нақтылы әрі мұқият белгіленуі коммерциялық ұйымдарға уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін басқарушы-реттеуші ықпалдың шегін айқындауға, банктік-құқықтық тәртіптің және заңдықтың қатаң сақталуын бақылауға-кадағалауға зор мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Казақстан Республикасы Агенттігінін ұйымдастыру-реттеу ықпалдарының аукымында:
— екі тараптың (жақтың) мүдделерін кұжат жүзінде айқындап, белгілеу арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын тарту жөніндегі банктік операциялар;
— заңи, техникалық-экономикалық ресми құжаттар негізінде қайтарымды, мерзімді әрі ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру жөніндегі заемдық-кредиттік банктік операциялар;
— ресми кұжаттар нысанында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банктік шоттар арқылы жүргізілетін төлемдер және ақшалай қаражаттарды аудару жөніндегі банктік операциялар нарықтық ұлттық және халықаралық талап-стандарттарды есепке ала отырып жаңаша мазмұнда жүзеге асырылуда.
Банктердің банктік қызметінің экономикалық-құқықтық маңызы мен мән-жайлары оның аясында туындайтын қаржылық-экономикалық және банктік құқықтық қатынастардың мәні арқылы нақты айқындалады.
Банк жүйесін және банктік қызметті ұйымдастырушы-реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдар атқаратын негізгі рөл мемлекеттің экономикалық-қаржылық міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру барысында айқын көрініс табады. Банктік қызметті жүзеге асырушы субъектілердің іс-қимылдарына, банк жүйесіне тікелей мемлекеттік ықпал ететін Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органдарының қатарына жатпайды.
Алайда Қазақстан Ұлттық Банкі атқарушы билік органы болып табылмағанымен, өзінің айрықша уәкілеттілігі мен құзыреті шеңберінде мемлекет атынан, мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып өз атынан екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге қатысты ұйымдастыру -экономикалық ықпалын тигізетін (мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын), орталық кредиттік-қаржылық әрі мемлекеттік монетарлық билік органына жатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік орган ретінде ел эко-номикасының елеулі саласы банк секторын экономикалық басқаруды жүзеге асырады және осы орайда өздері жүргізетін банктиік операцияларына қатысты барлық банктердің міндетті түрде орындауына жататын заңға тәуелді нормативтік кұкықтык актілер шығарады.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банктік қызмет аясы ақшаның көмегімен басқарылады, яғни оларға қатысты, арнайы мемлекеттік экономикалық (ақшалай) басқару жүзеге асырылады.
Ақша-кредит саясатын жүргізуші мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкі экономикалық басқару барысында коммерциялық банктер мен олардың көптеген элементтерінің, әсіресе сан мыңдаған шаруашылық субъектілерінің экономикалық-қаржылық мүдделері мен еріктерін міндетгі түрде есепке алады.
Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін мемлекеттік банктік менеджмент аясындағы әртүрлі меншік нысанына негізделген (барлық банктердің қызметі объективті және субъективті факторларды ескере отырып жүзеге асырылатын мақсатты бағдар тәртіптеуші ықпалмен қамтылады.
Банктік қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелерінде банк бөлімшелерінің құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілетгігі; банктің атынан және онын есебінен мәміле жасайтын адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігі; құрылымдық бөлімшелер (басшыларының құқықтары мен міндеттері; ішкі аудит қызметінің, кредиттік комитет пен басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымы, міндеттері, қызметі және өкілеттігі белгіленеді.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін тікелей және жанама ұйымдастырушы-реттеуші Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және кадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің қызметтері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауды; ақша-кредит және қаржы жүйесінің тұрақтылығына қол жеткізуді банктердің, банк кредиторларының, банк салымшыларының және өзге клиенттерінің мүдделерін қорғауды; ұлттық валюталық жүйені дамытуды; тиісті заңнамалық актіде көзделген жағдайда банктік қызметті, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді; қаржылық ұйымдардың қаржы рыногындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауды камтамасыз етеді.
Мемлекеттік ұйымдастыру-реттеу банктердің операциялық қызметіне байланысты құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауға бағытталады.
Сонымен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан банктерге және олардың қызметіне қатысты жүзеге асырылатын басқарушы-ұйымдастырушы және реттеуші-қадағалаушы қызметтер әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру сипатында көрініс табады.
Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік баскару банктерге және олардың операциялық қызметіне уәкілетті мемлекеттік органдар тигізетін экономикалық-әкімшілік сипатты ықпалдың тиісті банктік заңнамалық, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актіде айқындалған ереже — принциптерінің, міндет-мақсаттарының, амал-тәсілдері мен әдістері — жолдарының іске асырылуы нәтижесінде көрініс табатын ұйымдасты-рушы және реттеуші мемлекеттік қызмет болып табылады.
Банктік қызмет саласы тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) мемлекеттік басқаруға ат салысатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджет жоспарлау министрлігі, Қазақстан Ұлттық Банкі Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі елдегі барлық банктердің, қызметтері мен сыртқы экономикалық байланыс, қатынастарын тиісінше дамыту, сондай-ақ банк жүйесінің на-рықтық талаптарға, қоғамдық-мемлекеттік мүдделерге және халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында олардың кредиттік-қаржылық құзыреттерінің үйлестірілген экономикалық, құқықтық, саяси және ұйымдастыру іс-шараларының бірыңғай жүйесіне бейімделуін көздейді.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың басқарушы-реттеуші функциялары елдің ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, депозиторларының, өзге де клиенттерінің мүдделерін қорғауға, банктік қызметін адал бәсекелестік арнасында жүзеге асырылуына жағдай жасауға бағытталады, сондай-ақ осындай мемлекеттік басқару ықпалдары банктердің ағымдағы операциялық қызметіне кедергі келтірмейді.
Бұл ретте айта кететін бір жайт, мемлекеттік басқару органдарына атқарушы билік органдарының жүйесіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органдар жатады, сондай-ақ осы басқару қызметі атқарушы билік тармағына негізделеді.
Ол банк жүйесіне, банктерге, сондай-ақ олардың қызметіне, әрекеттеріне мәмілелері тікелей экономикалық-әкімшілік ықпал етуші Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару органдары болып табылмайды.