Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі: кредиттеу- инвестициялау сипатындагы қаржылық құзыреті

Қазақстанның Даму Банкі жарғылык капиталына мемлекеттің катысуы 100 процентті кұрайтын, өзіне берілген ерекше күкыктык мәртебесіне орай Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейіне қосылмайтын, Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асырылатын инвестициялық-каржылық қызмет пен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу, қаржыландыру және ынталандыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған заңды тұлға, мемлекеттік кредиттік — қаржылық институт болып табылады.

Деңгей аралық Қазақстанның Даму Банкінің айрықша құзыретіне қайтарымды негізде қаржыландырылатын (бюджеттік кредит арқылы) республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындау жатады.

Республикалық және жергілікті бюджет каражаттары есебінен қалыптастырылатын Қазақстанның Даму Банкінің жарғылық капиталының мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды.

Қазақстанның Даму Банкі өз кызметінің барысында мемлекеттік инвестициялық кызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестициялар тартуға жәрдемдесу сияқты мақсаттарды көздейді.

Осындай мақсаттарды іске асыру тұрғысынан Қазақстанның Даму Банкіне:

1) инвестициялық жобаларға бес жылға және одан артық мерзімге (орта мерзімге) кредит беру:

2) инвестициялық жобаларға он жылға және одан артық мерзім жиырма жылға дейін (ұзак. мерзімді) кредит беру;

3) ел аумағында шыгарылатын өнімдерді экспортын ынталандыру максатында Казакстан Республнкасы резиденттерінің жспорттык операцияларын кредиттеу;

4) басқа қаржылық-кредиттік институттар беретін заемдар мен кредиттер бойынша кепілдік міндеттемелер беру;

5) бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына кредит беруді ынталандыру;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды каржыландырудың тетіктерін жетілдіру сияқты және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттер жүктелген.

Қазақстанның Даму Банкі өзіне тән функцияларын жүзеге асыру ауқымында:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзінің кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес инвестициялық жобаларды және экспорттық операцияларды іріктейді, сондай-ак осы жобалар мен операцияларды кредиттейді, онын ішінде бірлесіп қаржыландырады;

2) қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсететін агенттің функциясын орындайды;

3) республикалық және жергілікті инвестициялық, жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға, сондай-аұ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға банктік сараптама жүргізеді;

4) өз заемшыларының қаржылық жай-күйіне, өзі қызмет көрсететін республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізеді;

5) өз заемшыларының тиісті міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар колданады;

6) мемлекет кепілдік берген заемдарды қоса алғанда, мемлекеттік емес заемдар алады, оларға қызмет көрсетеді және өтейді;

7) мемлекет кепілдік берген заемдарға қызмет көрсетеді;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауына және заңды тұлғалардың өзге де борыштық міндеттемелерін орындауына байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару жөніндегі агенттің функциясын орындайды.

Қазақстанның Даму Банкі:

1) өзінің Кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған өз кредиттік саясатын анықтауға;

2) банктік сараптаманы және заемшының кредиттік қабілеттілігін талдау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қыйсындылығын анықтауға;

3) банктік сараптама жүргізу үшін сарапшыларды және кон-сультанттарды тартуға;

4) Кредит саясаты туралы Меморандумда белгіленген шектерде және тәртіп негізінде заем қаражатын қоса алғанда, өтімділігі жоғары қаржылық кұралдардың ішкі және сыртқы рыноктарында уақытша бос қаражатты орналастыруға;

5) осы Меморандумда белгіленген шекте заемдық қаражаттарды, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден заемдық қаражаттарды тартуға;

6) бағдарламаға енбейтін республикалық және жергілікті ин-вестициялық жобаларды іріктеп алуға және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруге;

7) жиынттық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;

8) отандық және шетелдік банктердің, сондай-ақ басқа да қаржылық институттардың қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.

Қазақстанның Даму Банкі агент ретінде қызмет көрсететін инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан осы Банкке қаражаттар аудару жолымен жүзеге асырылады.

Өзі қызмет көрсететін инвестициялық жобаларға қатысты агенттік қызмет көрсету шарттарына сәйкес Қазақстаннын Даму Банкі:

1) инвестициялық жобаларды іске асыруды қарржыландыру графиктерінің;

2) заемшылардың қаржылық жай-күйінің

3) іске асырылатын жобалар бойынша жұмыстар көрсететін қызметтер көлемінің нақтылы орындалуының мониторингін жүргізеді.

Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті инвестициялық жобалар ретінде қайтарымды негізде қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заемдар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобалардың банктік сараптамасын тиісті шарт негізінде жүзеге асырады.

Осындай инвестициялық жобаларды банктік сараптау нәтижелері жөніндегі Қазақстан Даму Банкінің қорытындысы жобаның тиімділігі, заемшының кредиттік қабілеттілігі мен төлем қабілеттілігі, заемды қайтарудың қамтамасыз етілуі туралы, қаржыландырудың нысаны мен шарттары туралы, сондай-ақ, жобаны қайтарымды негізде қаржыландырудың қыйсындылығы туралы қорытындыларды қамтиды.

Қазақстанның Даму Банкі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджеттің ақша каражаттарының шығыстары туралы, облыстардың, Алматы қаласының және Астана қаласының әкімдіктеріне жергілікті бюджеттердің ақша қаражаттарының шығыстары туралы, сондай-ақ бюджетті атқару және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың республикалық бюджеттен өзіне, жергілікті бюджеттерден об-лыстардың, Алматының және Астананың әкімдіктеріне бөлінген заемдық қаражаттардың игерілуі туралы есептілікті ай сайын табыс етіп отырады.