Банкілік қызмет ұғымы. Банкілік құқық пәні және әдістемесі ұғымы

Банктік қызмет көрсету шарты — азаматтық және банктік заңнаманың, новелласы болып табылады, өйткені, Қазақ КСР АК-інде банктік іс бойынша мәселелерге бес-ақ бап бөлінген болатын, бұл орайда банктік іс косалқы заң актілері деңгейіңде — КСРО Мемлекеттік банкі нұсқамаларымен бүге-шегесіне дейін өте мұқият реттеліп отырды. Жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне әлдеқайда көп көңіл бөледі және оның ережелері принциптік сипат алады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 739-бабында екі тарап (банк және клиент) банктік қызмет көрсетуге шарт жасасуға құқылы екендігі қарастырылады, ол бойынша банк клиенттің тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Бұл орайда заң шығарушы банктік қызмет көрсету шартын: банктік шот шарты, ақша аудару шарты, банк салымы шарты, сондай-ақ заңнамада немесе тараптардын келісіміндс көзделген өзге де шарт түрлері бойын­ша деп бөледі.

Банктер клиенттерге банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады, яғни клиенттерге банктік қызмет көрсетудің барлық кешенін ұсынады, ол экономикалық қажеттіліктен туындайтын талаптарды қанағанаттандыра отырып, үздіксіз жаңарумен болады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 740-бабына сәйкес,банктік қызмет көрсету шартында заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тек соттар, тергеу орындары және анықтау органдары және атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарында және атқарушылық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде тыйым сала алады. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс. Тергеу ор­гандары мен анықтау органының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне заң актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 51-бабына сәйкес, заңды және жеке тұлғаның банктегі ақшасына және басқа мүлкіне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық іс жүргізу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың кау-лылары, шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары негізінде тыйым салынуы мүмкін. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшін тыйым салынған кезде, тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттік баж және соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемінен аспауға тиіс. Заңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспондентік шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бірінші басшысы қол қойып, мөрімен куәлаңдырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешімдері бойын-ша, прокурордың санкция беруімен тоқтатыла тұруы мүмкін, ал өндіріп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Занды тұлға мен жеке тұлғаның банкіде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерінен басқа ақшасы мен өзге де мүлкін тәркілеу заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) негізінде ғана жүргізілуі мүмкін.

Бүгінде мемлекетімізді жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын тигізуде. Осы орайда банктік қызметтің мақсатты бағыт-бағдарларының жаңаша нарықтық сипат алуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалуда.

Қазіргі уақытта банктік қызмет қоғам мүддесін мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін, қаржы жүйесін және қаржылық рынокты нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығынын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өге де қаржылық инструменттер жатады.

Банктік операциялар мен мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға – банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.

Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік маңызы мен мәні конституциялық, қаржылық, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. әкімшілік – рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше – корпоративтік экономикалық – қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жүмыс істеуін камтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және баска да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау — бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық, валюталық қатынастар құрайды.

Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдык катынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

1) олар Казақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге асыратын банктік операциялардын және мәмілелердің барысында туындайды;

2) олар коммерциялық банктердін лицензияланған операциялары мен мәмілелеріне байланысты туындайды;

3) олар жүйелі, мақсатты әрі тұрақты сипатта болады;

4) олар банк жүйесін және банктік қызметті мемлекеттік реттеу барысында туындайды;

5) олар мемлекеттің каржы, ақша-кредит және инвестициялық саясаты ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды;

6) олар мемлекеттік монетарлык билік органы Казақстан Ұлттық Банкінің кредиттік-қаржылық және әкімшілік қызметінің нәтижесінде туындайды;

7) олар қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінін коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруы, бақылауы және лицензиялауы барысында туындайды;

8) олар Қазақстан Ұлттык Банкінің, Қазақстанның Даму Банкінің мемлекеттік қаржылық ресурстарын калыптастыруға, реттеуге, мемлекеттің алтын-валюта активін қалыптастыруға байланысты туындайды;

9) олардын объектілеріне ақшалар, бағалы кағаздар, валюталық кұндылықтар және банктік құпия режимімен камтылған акпарат жатады;

10) олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит ашуі; инвестициялау, банктік кредиттеу операцияларына және бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;

11) олардын жүйесі банктік және өзге де заңнамалык актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес қалыптасады;

І2) олар қаржылық инструменттер айналымынан пайда алу барысында туындайды;

13) олар негізінен сенімгерлік сипатта болады.