Аграрлық заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлық кадағалау және жалпы құзырет органдары жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау. Бұл органдарға Үкімет және жергілікті атқару билігі органдары жатады.
Үкімет өз мәжілісінде ауыл шаруашылығы саласындағы атқару билігінің мемлекеттік құрылымдарының басшыларының есебін және баяндамаларын тыңдау жолымен бақылауды жүзеге асырады. Бұл саладағы заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалайды.
Жергілікті бақылау, яғни белгіленген әрекеттердің заңсыздығын айқындауға ғана құқылы емес прокурорлық органдармен салыстырғанда жергілікті атқару билік органдарының аграрлық заңдардың сақталуына бақылау. Ауыл шаруашылығында мемлекеттік бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негізі Конституцияда, заңдарда, Үкіметтің және басқа да атқару органдарының нормативтік актілерінде бекітілген.
Ауыл шаруашылығында бақылауды жүзеге асыруда кең өкілеттілікке Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және орталықта және жергілікті жерлерде арнайы мемлекеттік бақьілау-қадағалау қызметтері (инспекциялары) бар оның аумақтық басқару органдары ие. Ол органдарға мыналар жатады: Мемлекеттік ветеринарлық инспекция, Мемлекеттік фитосанитариялық инспекция, Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекциясы, Мемлекеттік астық инспекциясы, Өсімдік қорғау бойынша мемлекеттік инспекциясы, Жерлерді қорғау бойынша мемлекеттік инспекциясы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және т.б.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық қызметтері (инспекциялары)-ветеринария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, фитосанитария, өсімдік қорғау, өсімдік карантині, астықты қорғау, сақтау және пайдалану саласында, жерлерді қорғау және пайдалану саласында, еңбекті ұйымдастыру және қорғау саласындағы арнайы бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде танылады.
Бұл қызметтер өз функцияларын ведомстволардың емес мемлекеттің атынан жүзеге асырады.
Өз жұмыстарында бұл органдар оларға берілген функцияны жүзеге асыруда көмек корсстетін атқару билік органдарына сүйенеді. Ауыл шаруашылық министрлігінің аумақтық басқармаларының бақылау-қадағалау функциялары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2001 жылғы 13 наурыздағы №57 бұйрығымен бекітілген осы органдар туралы ережелерде көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 16 тамыздағы №254 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық және аудандық аумақтық басқармаларының мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережесімен Мемлекеттік астық инспекторларының құқықтық мәртебесі анықталды. Берілгсн актілерге сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының мемлекеттік астық инспекторы — Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық баскармасының лауазымды тұлғасы және мемлекеттік қызметкер болып табылады. Уәкілстті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгсн тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарыиа сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас астық инспекторы» және «Мемлекеттік астық инспекторы» деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы.
Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторларының:
1) астықтың сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен астықты өндіру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергісіз кіруге (қызмет куәлігін көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттік бақылауды және оған мониторинг жүргізуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;
3) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
4)Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылык туралы хаттамалар жасауға;
5) астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу, астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу, астық қабылдау кәсіпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндіріп алу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторы лауазымын, егер заңдарда басқаша көрсетілмесе астықты сақтау және кайта өңдеу бойынша инженер-технолог немесе агроном жоғары кәсіби білімі бар, 1 жылдан артық мамандық бойынша іскерлік стажы бар Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторы лауазымына тағайындалады және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» әрекет етуші заңдарына сәйкес Ауыл шаруаііылығы министрлігімен келісе отырып, Ауыл шаруаиылығы министрлігініц облыстық аумақтық басқармасының бастығымен лауазымынан босатылады.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторының негізгі міндет-тсріне берілген аумақта астықтың сақталуьш және сапасын, соның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық жоне сапалық жағдайларын, астық ресурстары мониторингін мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру жатады.
Облыстық мемлекеттік астық инспекторы оған жүктелген міндет-термен қоса келесі функцияларды жүзеге асырады:
-астық нарығына катысушылардың астық туралы заңдарды барлық жеке және заңды тұлғалардың астықты өндіру, қабылдау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және тарату бөлігінде сақтауына мемлексттік бақылауды жүзеге асырады;
— астық қабылдау кәсіпорындарында, олардың лабораторияларында астықтың сапасын анықтаудың дұрыстығын, олардың астыққа мемлекеттік стандарттарды сақтауын және астыққа байланысты сауда-саттық операцияларының, қабылдаудың, өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың сапасын бағалау әдістерінің сақталуын және астыққа есеп айырысудың дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
— астық қабылдау кәсіпорындарында, сонымен қатар астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген мемлекеттік ресурстардағы астыққа сандық-сапалық есептің жүргізілуінің және сақталуының дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
— астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сақтау бойынша қызметтерді жүзеге асыру кезінде кәсіби талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
— заңдарға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады. Берілген негізгі міндеттерді және оған жүктелген функцияларды жүзеге асырумен қоса, облыстық мсмлекеттік астық инспекторы заңдармен белгілепген тәртіпте келесі құқықтарға ие:
— ешқандай бөгетсіз астық қабылдау, өңдеу, сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау және тарату ұйымдарына олардың меншік нысанына қарамастан кіріп шығуға, сонымеи қатар аккредиттелген тексеріс лабораторияларына сапаны белгілеу үшін талдауға сынама алып, жіберуге;
— жеке және заңды тұлғалардан астықты өндіру және тарату туралы мәліметтер сұрауға және алуға;
— астық ресурстарының мониторингін жүргізуге;
— астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың сақталуын және сандык-сапалық есебін жүргізудің дұрыстығын бақылауға;
— өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар, қайта өңдеушілер және басқа да ұйымдардың арасында келіспеушіліктер туған жағдайда астықтың және оның қайта өңделген өнімдерінің сапасы бойынша қорытындылар беруге;
— астықтың меншік иесінің есебінен аккредиттелген лабораторияларда орта тәуліктік үлгілерді таңдап тексеруді жүргізуге;
— астықтың сапасын анықтау үшін астық қабылдау лабора-торияларының құралдарын пайдалануға және астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысшыларының және мамандарының үлгілерін таңдауға әкелуге;
— астықтың сапасын сертификаттау бойынша сынау лабора-торияларының аккредитациясы бойынша комиссияларға қатысуға;
-технологиялық процестерді жүргізудің белгіленген тәртіптерін, қабылдау, сақтау, өңдеу, тасымалдау және астықтың сапасын анықтау тәртібін бүзушылықты жою туралы ұйымдардың басшыларына орындаулары міндетті тапсырма беруге;
— белгілі болған заң бұзушылықтар туралы санитарлық-эпиде-миологиялық және басқа да бақылау-қадағалау қызметтеріне мәлімдеуге;
— заңдарға сәйкес лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға, соның ішінде айыппұл төлетуге;
Аудандық астық инспекторының өкілеттіліктері осы облыстық мемлекеттік инспектордың өкілеттілігімен ұқсас, бірақ ауданға қатысты бөлігінде ғана.
Жер заңнамасының сақталуын жүзеге асыру жоспарлы (уәкілетті орган жоспарлаған және бекіткен) және жоспарланбаған (болған жағдайларға сәйкес тағайындалатын, тез арада шешуді талап ететін шағымдар, өтініштер мен арыздар) деп бөлінетін тексерулер арқылы жүргізіледі.
Мемлскеттік бақылау, сондай-ақ жерге түгендеу, зерттеу жүргізу, жерді пайдалануға байланысты сызбалар меп жобаларды әзірлеу, мемлекеттік жер кадастрлары мен мониторингін жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру рәсімі бақылаушы орган шығаратын шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне тексеру жүргізу туралы нұсқаулықтары және тексерулерді есепке алудың нысанды карточкасы негізінде жүргізіледі, олар құқықтық статистика жөніндегі комитетте және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының немесе аумақтық органдарының арнайы есепке алуымен тексеру басталғанға дейін тіркеледі.
Мемлекеттік бақылау мақсатында жер учаскелерін сол күйіндс зерттеу жер учаскелері меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың қатысуымсн, сондай ақ олар бас тартқан жағдайда оларсыз жүргізіледі, зерттеу нәтижелері бойынша жасалған құжаттарға бұл туралы тиісті белгі қойылады.
Анықталған жер заңнамасының бұзылуы, жерді зерттеу сызбасы қоса бсрілетін, осы жұмыстарды жүргізген мамандардың қолдары қойылған актімен рәсімделіп, құзыретіне осы мәселені қарау кіретін органға беріледі.
Анықталған жср заңнамасының бұзылуын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен өздерінің функцияларына сәйкес қарайды.
Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әкімшілік жаза қолдану туралы шешіміне Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 148-бабының 3-тармағына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
- Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жер заңнамасы бұзылуының іс жүзінде жойылуын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен нұсқаулықтарын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың орындауын қадағалайды.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жыл сайынғы мемлекеттік есептілікті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жасайды.
Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да өкілетті органдарға мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және оның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті;
Қазақстан Рсспубликасының Экономика және сауда-саттық министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Су ресурстары бойынша Комитет.
Жер учаскесін алып қою туралы талап арыз мсншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдаламу кажстіпе туралы жазбаша ескерту жасалғапнан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесіиің мсншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбағаи жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Жер учаскесін алып қою туралы талап арыз Қазақстан Республи-касының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында козделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдалануға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішіндс меншік иесі немесс жер пайдалану учаскені пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.
Егср меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті. Бұл жағдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі мүмкін.
Сот шешімімен учаскені меншік иессінен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу жөне атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық сауда-саттықта сатылады.
Сатудан түскен сома, учаскені алып қою шығыстары шегеріле отырып, бұрынғы меншік иссіне немесе жер пайдаланушыға төленеді. Бір жыл ішінде кемінде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейін ондай жер учаскесін немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесі сот шешімімен арнайы жер корына қосылады (ҚР ЖК-пің 94-бабы).
Қазақстан Республикасының заң актілерінде кезделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де қүқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібімен санкция түрінде өтеусіз алып қойылуы мүмкін.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үй мен шаруашылык қора-жайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері Қазақстан Республикасының кылмыстық-атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуге тиіс. Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін (ҚР ЖК-нің 94-бабы).