Жер учаскелерін пайдалану құқығы

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалалушылардың міндеттері:

— жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезінде жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына (өтеусіз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға;

— санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес өндіріс технологияларын қолдануға, өздері жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

— жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

— жер салығын, жер учаскелерін пайдалану төлемақысын және Қазакстан Республикасының зацдары мен шартта көзделген басқа да төлемдерді уақытылы төлеугс;

-жануарлар дүниесін, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтауға, жер учаскесінде орналасқан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет қорғауындағы тарих, сәулет ескерткіштерін, археологиялық мұра мен басқа да объектілерді қорғауды қамтамасыз етуге;

— жер учаскесінде шаруашылық және өзгеде қызметті жүзеге асыру кезінде қүрылыс, экологиялык, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) сақтауға;

— мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының жер заңда-рында белгіленгеп жердің жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы табыс етіп отыруға;

— басқа меншік иелсрі мен жср пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;

— топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлығының нашарлауына, сондай-ақ топырактың құнарлы қабатын сыдырып алу құнарлы қабаттың біржола жоғалуын болғызбау үшін қажст болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны сыдырып алуға жол бермеуге;

— көзделген тәртіппеп сервитуттар бсруді қамтамасыз етуге міндетті. Уақытша жер пайдаланушылардың уақытша жер пайдалану туралы шарттарда козделген басқа да міндеттердің болуы мүмкін. Жер учаскелеріиің меншік иелері мен учаскснің жер пайдаланушыларына, егер өзгеше көзделмесе, жер учаскесіне ауыртпалықтар салатын барлық міндеттср (оны мақсаты бойынша пайдалану, сервитуттар беру, салықтар мсн өзге де міндетті төлемдер төлеу және басқалар) жүктеледі. Жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режимін, сервитуттар мен нормативтік қүқықтық актілер негізінде белгіленген басқа да пайдалық талаптарын жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының, өз бетінше өзгертуіне болмайды. (ҚР ЖК-нің 65-бабы).

  1. 2. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану қүқығы мынадай жағдайда:

-меншік иесі — жер учаскесін немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иеліктен шығарып басқа тұлғаларға берген;

— меншік иесі меншік құқығынан немесе жер пайдалануііы жер пайдалану қүқығынан бас тартқан;

— жер учаскесіне меншік құқығынан немесе жер пайдалану қүқығынан Қазақстан Республикасьшың заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.

Меншік иесінен, сатып алуды коса алғанда, жер учаскесін және жср пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын алып қоюға:

— Меншік иесінің немссе жер пайдаланушыныц міпдеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер паТідаланушыдан жер учаскесі мемлсксттік қажеттер үшін сатып алуды қоса алғанда, алып қойылған;

— Мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бүза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесі меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;

— Радиактивті ластауға үшыраған жер учаскесін, қүмы тец жер учаскесі беріле отырып, меншік иссінен нсмссс жср пайдалануиыдан алып қойған;

— Тәркіленген реттен басқа жағдайларда жол берілмейді.

Жер пайдалану құқығы бүдан басқа да мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкіп:

— учаске берілген мерзімнің өтеуі;

— жер учаскесі кепілде түрған жағдайларды қоспағанда, жер учас-кесін жалға беру шартының немесе өтеусіз ауқытша жер пайдалану шартының мерзімінен бүрыи тоқтатылуы;

Жер пайдаланушыға қызметтік жер телімін берумен байланысты туындаған ецбек қатынастарыпың тоқтатылуы мүмкіи. (ҚР ЖК-нің 81-бабы).

Жер учаскесі мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу немесе жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушыныц келісімімен құны тең басқа жер учаскесін беру арқылы алып қойылуы мүмкін. (ҚР ЖК-нің 84-бабы).

Егер учаскені пайдалану Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бүза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері күнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына өкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен жоне жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін (ҚР ЖК-нің 93-бабы).

Меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қою жер ресурстарын баскару жөніндегі аумақтық органның талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.