Аграрлық құқық – кешенді құқық саласы ретінде

Құқық жүйесінде осы уақытқа дейін құқық жүйесін және заң жүйесін ажырататын шектер жоқ, сондықтан заң жүйесі салаларының кешенді сипаты құқық салаларына ауысты. Қазіргі кезде ғалымдар осыған дейінгі құқық жүйесін өзгертуге әрекеттер жасап жүр. Мемлекет және құқық теориясында құқық жүйесі мен заң жүйесінің өзара қатынасы туралы түсініктер бар. Осыған орай, профессор В.К. Бабаев мынаны көрсетеді: Егер саралау негізі әр салаға арнайы пәні мен құқықтық реттеу әдісі болып табылатын құқық жүйесінде кешенді құрылымдық құрамдар болмаса, онда заң жүйесінде функционалдық мақсатқа немесе мемлекеттік басқару саласында қолданылуына байланысты белгілер бойынша құрылған әр түрлі кешенді құрылымдар кездеседі. Мысалы, ауыл шаруашылық, алуда, шаруашылық заңдары кешенді болып табылады.

Сондықтан аграрлық құқық кешенді құқық саласы болып табылады дегенге нақты негіз жоқ.

Бірақ аграрлық құқық саласының жақтастары кешенді сала теориясына негіздейді. Оған мысалы, кәсіпкерлік құқықты, экологиялық құқықты жатқызады. Олар аграрлық құқықты ауыл шаруашылық өндірістік қызмет саласында аграрлық қатынастарды (жер, мүліктік, еңбек, ұйымдастыру-басқару) реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі деп анықтайды.

Б.А. Воронин кешенді құқық саласының мәні белгілі қоғамдық міндеттерді шешуге бағытталған локальдық әлеуметтік жүйелер деп түсіндіреді. Осы мақсатта кешенді саланың мәні олардың заңдық бірыңғайлылығына қарамастан әлеуметті ортаның қажетті элементтерінен құралады. Бірақ кешенді құқық салаларының табиғаты туралы ойлар әлі соңын тапқап жоқ.

Біз, бүгінде, аграрлық құқықтың пайда болуы, мазмұны, даму заңдылықтары өзінше объективтік кешенді құрылым және жүйеліліктік емес жүйенің және құқық құрылымының нәтижесі болып табылады дейміз

Аграрлық құқықтың өз бетіншелігі кез келген құқық саласының негізінде оның пәні мен құқықтық реттеу әдісі жатыр деген жалпыға мәлім құқық теориясының ережелеріне негізделеді. Бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар құқық саласына біріктіріледі. Осыған байланысты құқықтық реттеу пәні белгілі құқық саласымен реттелетін айрықша қоғамдық қатынастар тобы. Осы айтылған теориялық алғышарттардан А.И. Бобылев аграрлық құқықтың пәні бірыңғай сипатқа ие ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалған айрықша тобы деп ойлайды.

Қазақстандық құқық жүйесінің ерекше саласы ретінде аграрлық құқықтың құрылуының объективтік негізі ерекше құқықтық реттеуді қажет ететін кең және ыңғайлы қоғамдық қатынас саласының болуы болып табылады. Бұл — ең біріншіден ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге байланысты қатынастар. Нақты бұл қатынастар басқа қатынастарға да ерекше әсерін тигізеді, соның ішінде аграрлық құқықтың мәні болып табылатын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және тарату саласында, аграрлық өндірістің материалдық-техникалық базасын құруда, оны өндірістік-техникалық қамтамасыз етуде ерекше мәнге ие.

Аграрлық құқық пәнінің маңызды құрамдас элементі ауылдың әлеуметтік саласындағы қатынастар болып табылады.

Аграрлық құқықтың негізгі мәнін аграрлық заңдар немесе оларды ауыл шаруашылық заңдар деп атайды.

Заңдар саласы — қоғамдық қатынастардың нақты саласын реттейтін нормативтік актілердің жүйесі.

Аграрлық заңдар ауыл шаруашылық қызметі саласында пайда болатын қатынастарды реттейтін әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің, яғни заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулыларының, тиісті министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқамаларының кешені болып табылады.

Бұл жағдайда ауыл шаруашылық қызметі өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны тарату және ауылдық тауар өндірушілердің өздерінің алғашқы өңдеуі болып түсіндіріледі.

Бұл аграрлық заңдар агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі — АӨК) толығымен қамти ма, жоқ па соны білдіре ме? Агроөнеркәсіптік кешенді ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды, оны қайта өңдеуді, ауыл шаруашылық техниканы жөндеуді және басқа да ауыл шаруашылық қызметтерін жүзеге асыратын оның қызмет ететін өндірістерімен қоса ауыл шаруашылығы құрайды.

Егер құқықтық реттеу пәні аграрлық құқық нормаларының мәні, қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін көрсетсе, құқықтық реттеу әдісі бұл қатынастар қалай, қандай әдістермен және қандай құралдармен реттелетіндігін көрсетеді.

Белгілі құқық саласын ашып көрсетудің маңызды өлшемі (кретерий) оның қағидалары, яғни берілген құқық саласының құрылымының және қызметінің негізгі ойларын анықтайтын бастапқы ережелер, бастамалар.

Құқық саласының құрылуының маңызды өлшемі ретінде құқықтың қайнар көзі, ең алдымен құқықтық актілер, бастапқы орынды алады.

Аграрлық құқықтық саласының құрылуында субъективтік фактор ретінде құқық саласының мәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың берілген түрін реттеуде қоғам мен мемлекеттің мүдделілігі танылады. Қазақстан Республикасының дамуының барлық кезеңдерінде мемлекет өз ауыл шаруашылық өндірісінің дамуын қалады, экономиканың аграрлық секторында реформалау бағдарламаларын жасады, қоғамның өмір сүруінде аграрлық саланың құрылуының мақсаттары мен міндеттерін анықтады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданды.

Аграрлық құқық ауыл шаруашылық және онымен байланысты басқа қызмет саласындағы (жер, мүліктік, еңбек және ұйымдастыру-басқарушылық) аграрлық қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты құқықтық нормалар жүйесінің бірлігін сипаттайтын арнайы кешенді құқық саласы.