Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айкыңдауы арқылы пайда болады
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, онын өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалык қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандык заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайындағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты коғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық, құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен баска да заңдық, нормативтік қүжаттар) әңгіме болғанда — шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы,яғни меншіктің кұқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін кереміз (мысалы, АК-тін 188-27 6-баптары). Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз калауы боиынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тін 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188 бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген:»Меншік қүкығы дегеніміз — субъектінін заң қүжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауьнша иелену, паидалану және оған билік ету құқығы. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге «тиесілі» деген сөзбен шектеліп калмай, мүліктеріне өз калауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сөйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толык құқылыОсындай үстемдікпен қол жеткізу арқылы меншік иесі заттын табиғат берген касиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдік тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затка ұстемдікті шектеу меншік иесінін еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ыкпалын тигізеді, демек.затка меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың Шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғанын иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құкығы заң арқылы. қорғалады.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айрылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтіріледі. Иелену құқыгы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін зан жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік егуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғы шарт жасайды.
Заң иеленуді занды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену занды негізде жасалса, онда ол занды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұнын екеуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып калған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған, тек аталған баптың 3-тармағыңда ғана бөтеннің затына құқық ретінде иеленудің жасалу жолы мен теуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда ерекше негіз бар «Иелену мерзіміне» жол беріледі (АК-тің 20-бабы).1 Иеленудін мұндай құқығы меншік құқығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстауымен ерекшеленеді
Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиетін алудың, сондай ақ одан пайда табудың заң жүзіндегі қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқыгы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабы 2-тармағы).
Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінін меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде отеді (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі). Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.