Жеке тұлғаның жеке заңын қолдану аясына жеке тұлғаның азаматтық құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен әрекет қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке және отбасы қатынастары мен мұрагерлік қатынастарға байланысты құқықтары жатады.
Жеке заң екі вариантта қолданылады:
азаматтық заң;
б. тұрғылықты жер заңы;
Азаматтық заң – бұл жеке тұлғаның азаматтығы болып табылатын мемлекттің заңына бағынуды айтамыз.Ал тұрғылықты жер заңы – жеке тұлғаның тұрақты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз.
Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен қоса алғанда көптеген мемлекеттерде үстемдік түрде қарастырылып келеді. Бұл азаматтық заңның қолданылуына себеп болған 1804 жылғы тарихи Француз Азаматтық кодексі. Онда шетелде жүрген француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі пен азаматтық жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген. Кейіннен “ұлттық заң” мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде, 1896 жылы Герман Азаматтық заңдарында бекітілді.
Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия мемлекттерінен басқа латынамерикалық (Куба, Коста-Рика, Панама т.б) және араб мемлекеттерінде(Алжир, Египет т.б) азаматтық коллизия қағидасын қолданады.
Ал англо – американдық құқықтағы домицилия концепциясы басқа құқық жүйелеріне қарағанда ерекше, себебі ол Рим құқығына негіделген.
Англосаксондық жалпы құқық жүйесі бойынша пайда болу домицилиясы мен таңдау домицилиясына бөлінеді. Мысалы некемен туылған балаға әкесінің домицилиясы, некесіз туылғандарға шешесінің домицилиясытиісті болады.
Таңдау домицилиясын қабылдау үшін тұлғаның ол жерде тұрақты өмір сүруі, сонымен қатар, осыған сәйкес ниеті де болуы қажет.
1930 жылы Италияда алғаш рет неке бұзудың шекті жағдайларына рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Осындай азаматтық заңға байланысты қайшылықтардың негізінде сот тәжірибесі бас нормаларды сақтай отырып, субсидиярлық коллизиялық норма жасап шығарды: егер ерлі-зайыптылардың жалпы, ортақ азаматтықтары болмаса, онда жеке заңның екінші нысаны – тұрғылықты жер заңына бағынады.
Осыған орай, Латын Америка мемлекеттеріне ортақ азаматтық қағида мен тең дәрежеде домицилия қағидасын қолданатын Бусманте кодексін қарастыруға болады.Осы кокстң 7-бабына сәйкес: “Бұл келісім шартқа отырған мемлекеттер өз жеке заңы ретінде домицилия заңын немесе азаматтық заңын қолданулары тиіс”.
Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігі жеке заңның аралыс жйесіне өтуде. Өйткені, онда реттеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Сондықтан, жеке заңның аралыс жүйесіне өту халықаралық жеке құқықтың дамуында үлкен маңызды рөл атқаруда.
Соңғы кездері жеке заңның аралас жүйесі халықаралық жеке құқықтың барлық жаңа кодификацияларында бекітілген.
Мысалы, 1979 жылғы Венгрияның “Халықаралық жеке құқық туралы” Заңында жалпы ереже ретінде бұл заң “жеке заңды”қолданады. 10 бапқа сәйкес: “Адамның құқық қабілеттілігін, әрекет қабілеттілігнжәне жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ жалпы мәртебесін оның заңына сәйкес қарастыру қажет”. Осы заңнамада жеке заңның келесі түсінігі берілген:
Жеке заң – осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы;
Бұл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекенжайы орналасқан мемлекеттің заңы.
Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады.
Қазақстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, Қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны қолданылған.
Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық негізінде қарастырылған : шетелді азаматтың әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады. Аталған үрдіс ҚР жаңа Азаматтық кодексінің “Халықаралық жеке құқық” бөлімінде дами түсті.