- Аудандық (қалалық) сот жалпы сот жүйесі ішінде негізгісі болып есептелінеді. Бұл аудандық (қалалық) сот қызметінің сот әділдігін атқарудағы көлемінен оның орындалуынан келіп шығады. Аудандық (қалалық) соттар қылмыстық азаматтық істердің көпшілігін, әкімшілік істерінің өз құзіретіндегілерін жалпы қазақстан Республикасының әкімшілік тәртіп бұзу кодексіне сай барлық істерді көреді. Аудандық (қалалық) соттар әрбір ауданда, болып өз жұмысын атқарады. Аудандық (қалалық) соттар тек бірінші инстанциялы сот болып есептелінеді. Бұл соттар тек осы қылмыстық, азаматтық істерге қатысты мәселелерді іс жүзінде көреді. Аудандық(қалалық) соттар барлық қылмыстық істерді көре алады. Тек мыналардан басқа:
- қасақана кісі өлтіру егер де бұл жазаны ауырлататын жағдайлармен болған жағдайда
- аса үлкен залал келтіріліп қылынған ұрлық яғни қылмыс
- мемлекеттік қылмыстар және басқа да қылмыстар егер де олар әскери соттар құзретіне кірсе.
Барлық азаматтық істер, әкімшілік істерінің жауапкершілігі көрсетілген сот органдарына қызметіне кіретін істерді көреді.
Аудандық (қалалық) соттар Республика Президенті (Әділет министірі) жағынан Әділет министірі ұсынысымен құрылады. Бірнеше ауданға 1 сот болуы да мүмкін. Аудандық соттар өз төрағасынан және күнделікті жұмыс істейтін судьялардан құрылады. Аудандық соттарының мүшелерінің құрамын Әділет министірі ұсынысымен Президент шешеді, ал олардың сотын әр аудан үшін белгілеу Әділет министірі құзретіне кіреді. Әрбір судья азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын жүргізіп осы туралы тіркеу кітапшасына жазады. Қабылдау бөлмелерінде сот құжаттарының үлгілері болуы керек.
3 Соттар шығарған анықтамаларды, шешімдерді, қаулыларды, ұйғарымдарды, үкімдердің орындалуын (қылмыстық істердің, мүліктік залалды өндіру) сот орындаушылары іске асырып, орындайды. Жарлықтың 77-бабының 2-ші жарлығына сай сот орындаушылары жоғарғы соттардан басқа соттардың барлығында болады, оларды осы лауазымға Әділет министірлігі басшылары тағайындап орнынан алуды да осы органдар жүзеге асырады. Сот орындаушылары мынадай жұмыстарда өз қызмет бабындаатқарады.
- Шешімдерді, анықтамаларды, қаулыларды азаматтық істердің шаруашылық істерді келіспеушіліктер бойынша да орындалуын қамтамасыз етуді.
- Қылмыстық істер бойынша мүліктік залалдарды өндіру бойынша сот шығарған шешімдерді анықтамаларды қаулылардың орындалуын жүзеге асырады.
- Заңдарға сай басқа да шешімдер мен қаулыларды орындайды .
Жарлықтың 78 бабында сот приставтары барлық соттарда болады деп атап көрсеткен. 7 июль 1995 жылы қабылданған Сот приставтары туралы Қ.Р. заңында Сот приставтары лауазымды адамдар болып мынадай жұмыстарды атқарады деп, атап айтқан:
—- Еркінен айырудан басқа шаралардың орындалуына бақылау жасайды.
—- Сот мекемесін, судьяларды және басқа да сот мәжлісініңқатысушыларын қорғайды.
—-Сот мәжілісінде, іс көріліп жатқан кезде тәртіптің болуын қамтамасыз етуді.
—- Сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді .
—- Сот органдарының өз жұмыстарын атқару кезінде, басқа да функцияларды атқарып жәрдем көрсетеді.
5) Соттар және судьялар мәртебесі туралы жарлықтың 24- бабына сай Қ.Р. териториясындаәскери соттар ; армиялардың , гаринзондардың әскери соттары құрылады деп айтылған әскери соттарды системасы басқа соттар системасынан өзгешелігі әскери соттар әкімшілік – территориалды принципке сай емес Қ.Р. қарулы күштері структурасына сай құрылады.
Әскери сотар системасының төменгі звеносы гаризон армия соттары болып олар 1 инстанциялы соттар болып есептелінеді. Олар әскери бөлімдерге өте жақын орналасады. Әскери соттардың системасыныңекінші звеносы болып қарулы күштердің түрі, әскери округ, әскери топтар соттары қарулы күштердің екінші инстанциялысоты болып есептелінеді . і. Төменгі соттар істері бойынша бақылау пистанциялары болып жаңадан ашылған жағдайлар бойынша істерді басқадан көру үшін сол істерді қайта жалғастыру үшін қозғауы мүмкін. Армияның, соединение; гарнизондардың әскери соттары аудандық соттарға теңестіріліп аудандық соттар мәртебесімен бірдей құзіретке ие болып есептелінеді. Род воиск яғни Армия құрамаларының түрі облыстық соттарға теңестіріліп облыстық соттар мәртебесіне тең деп есептелінеді. Әскери соттар судьяларына дәмеленушілерді Әділет Министрлігі Әскери сот басқармалары жағынан офицерлік құрамынан, әскери қызметте немесе запастағы тұлғалардан алынады. Әскери соттардың судьялары егерде бірінші рет осы қызметке алынып жатқан болса онда олар міндетті түрде біліктілік экзамендерін тапсыруы шарт. Қ. Р. Әскери соттардың органы төмендегідей болып суреттеледі.
|
|
|
|
ҚР Президентінің Конституциялық күшке ие соттар және судьялардың мәтебәсі туралы жарлығына сай гаризон, армиялардың әскери соттары заңдарға сай өздеріне белгіленген істерді көріпанализ яғни талдау жасайды, және өз тәртібіне сай басқа жұмыстарды атқарады. Әскери соттардың төрағалары судья бола отырып Әскери соттардың жұмыстарын ұйымдастырады, судьяларға істерді бөліп береді, судьяларға басқа да заңдарға сай тапсырмалар беруге құқықты, жеке азаматтар әскери қызметкерлерді қабылдау арыздарымен , шағымдарын көреді. Сот жұмысын ұйымдастырып оған анализ жасайды.
Лекция Прокуратура органы.
Жоспар:
1 Прократура органының түсінігі.
2 Бас Прокурор және оның құзіреті.3 Прократура оргындарының қызыметкерлері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
2 Құқықты қорғау органдары.Ибрагимов Х. Ю
3 Құқықты қорғау органдары.Семенов В.М
4 Прокуратура туралы заң күші бар ҚазақстанРеспубликасының Президентінің жарлығы21-декабрь 1995ж
- Қазақстан Республикасының Канститутциясының 83 бабына сай және Қазақстан Республикасының Президентіміз заң күші бар жарлығының яғни Прокуратура туралы жарлығының (21.12.1995)1- бабына сай Қазақстан Республикасының Прокуратурасы Қазаақстан Респубейкасының Президентіне бағынышты мемілекеттік орган болып заңдардың толық орындалуын және Қазақстан Республикасының территориясында басқа да нормативті құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының орындалуын бақылау жасайтын бір ден-бір орган болып табылады. Бадан басқа Прокуратура органы оперативті (жедел) іздестіру іс-әрекетін, тергеу, әкімшілік және орындаушылық-атқару істерінің де заңдылығын бақылайтын орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Прократурасы туралы жарлығын 2 бабының 2-і тармағында Қазақстан Республикасының Прократурасы өз іс-әрекетін ешқандайда органға мемілекеттік мекемеге бғынышты емес жағдайда атқарады деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы өз алдана дербес ортақтастырылған жүйеге ие мунда төменгі Прокуратура органы жоғарғы Прокуратура органына бағыну принцпінде жұмыс істейді. Прокуратура органы Републикамыздың әкімшілік териториясында құрылысына сай құрылған. Қазақстан Республикасының Прокуратура органының жоғарғы звеносы болып Қазақстан Республикасының Бас Покуроры саналады.
Прокуратура органының жүйесіне областардың Прокуратурасы, Республика астанасы Прокуратурасы, Республикалық дәрежеге бағынышты қалалар Прокуратурасы, аудандар ара, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери , арнайы Прокуратуралар кіреді. (Көліктегі Прокуратура да кіреді )
Сонымен Прокуратура кез-келген заң бұзушылықтың алдан алып оған шаралар көреді. Заңға қайшы келетін құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Мемлекет атынан яғни Мемлекеттің мүддесін қорғап сотқа қатысады, заңдарда көрсетілген тәртіпке сай қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Заңдардың және басқа да Президент жарлықтарын, құқықтық актілердің толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы бақылауды жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Президентінің Прокуратурасы туралы жарлығының 10 бабында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасын Бас Прокуроры басқарады деп атап көрсетілген. Бас Прокурор Парламентінің Сенатының келісімімен Республика Президенті жағынан 5 жыл мерзімге тағайындалады. Бас Прокурор өзінің бір інші орынбасары және орынбасарларына ие. Олар Бас Прокурордың ұсынысымен Президент жағынан тағайындалады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасында басқарма бағыттары, бөлім бағыттары болады. Олардың орынбасарлары олардан басқа аға көмекшілері арнайы тапсырмалар бойынша жәрдемшілер, аға жәрдемшілер, басқарма прокуратуралары, бөлім прокуратуралары сияқты қызметкерлері болады. Бұл лауазымды тұлғалар қызметке Бас Прокурор жағынан тағайындалады және осы жоғарыда аталған лауазымды қызметкерлер өз жұмысынан Бас прокурор жағынан өз қызметінен босатылады. Бұл жарлықтың 12 бабындакөрсетілген. Осы жарлықтың 11бабына сай Бас Прокурор.
1)Заңдарға Президент жарлықтарының орындалуына басқа да нормативті актілердің Қазақстан Республикасының территориясында орындалуына бақылау жасайды. Төменгі Прокуратура органдарына басшылық жасайды.
2)Қазақстан Республикасының Конститутсиясына Республика заңдарында қайшы келген заңдарға, құқықтық актілерге оларды қабылдаған органдарға, лауазымды адамдарға наразылық білдіреді.
3)Жоғарғы сот кеңесі мүшесі.
4)Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарына олардың қызметкерлеріне орындалуы шартты бұйрықтар, өкімдер, инструкциялар, шығарады . Олар Республика Прокуратурасы іс әрекетін ұйымдастыру жұмыстарын, материялды жағынан әлеуметтік қамсыздандыру туралы болуы мүмкін.
5)Прокуратураны ұйымдастырып ашып қысқартуы мүмкін, олардың структуралық құрамын анықтайды.Осы құрамның құқықтары мен міндеттерін анықтайды, штат, айлық жалақы фондын көріп оны басқарады.
6)Қазақстан Республикасы Президентіне дәмеленушілердің
класстық шендерін әскери дәрежесін беріп көтеру туралы ұсыныс береді.
7)Область Прокурорларын оған тиістірілген прокурорларды, әскери прокурорларды олардың орынбасарларын, аудан қала прокурорларын қызметке қойып өз лауазымын алады.
8)Прокуратура органдарының іс әрекеті туралы Президент алдында есеп береді.
9)Белгіленген тәртіпке сай Прокуратура органы қызметкерлеріне класстық шен, мен әскери дәрежелерді тапсырады.
10)Прокуратура қызметкерлеріне Мемлекеттік наградаларды тапсырады, құрмет дәрежелерді береді.
11)Прокуратура қызметкерлерінің қару, жарақ алып жүруін анықтайды.
- Прокуратура органдарының кадрларына профессиональ дайындық және моральді этикалық жағынан көптеген талаптарға жауап беруіне тура келеді. Прокуратура органдарына қызметке кіруден бұрын алдан ала Республикалық мемлекеттік қызметкерлер туралы міндетті тексеруден өтуі тиіс.Мемлекеттік қызметттен , құқықты қорғау органдарынан қызмет этикасынан немесе қылмыс жасап қуылған жағдайлармен жұмыстан босатылған тұлғалар қызметке алынбайды. Прокуратура органына қызметке алынатын азаматтар Қазақстан Республикасының азаматы болған , денсаулығы тура келетін жоғарғы білімді тұлғалар болуы шарт. Прокурорлық қызметке тағайындалатын азаматтар болып өзінің іскерлік моральді жағдайларымен тура келетін дені сау тұлға болуы шарт. Әскери Прокурорлар болуы үшін әскери қызметкер болуы шарт. Область Прокуроры болуы үшін қойылатын талаптарға мыналар жатады. Олар 25 жастан кем болмаған Прокуратура органдарында 3 жылдан кем қызмет істемеген тұлғалар болуы шарт. Прокуратура органы қызметкерлері 3жылдан бір рет атестациядан өтеді. Енді қызметке алынғандар Мемлекетімізге адал қызмет етуі туралы ант тапсырады. Әскери шені бар қызметкерлер арнайы формалармен жабдықталып оларға айлық жалақысына қосымша ақша қосылады. Олар Мемлекет., үкіметжағынан қорғалады . Олар атылатын қару алып жүруі мүмкін.