Облыстық және оған теңестірілген соттар

  1. Ибрагимов. Х Қазақстан Республикасы құқықты қорғау органдары.
  2. Семенов. В. М. Құқықты қорғау органдары.
  3. Қазақстан Республикасы Призидентінің Соттар және судьялар мәртебесі туралы заң күші бар жарлығы 20. 12 . 1995 жыл

  1. Қазақстан Республикасы Призидентінің Соттар және судьялар мәртебесі туралы заң күші бар жарлығының ( 20. XII. 95) 15-бабында Қазақстан Республикасында Облыстық және оған теңестірілген соттар Қазақстан Республикасын әрбір аумақтық облыстарында Әділет Миністірінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының Призидентімен құрылады.

Облыстық және оған теңестірілген соттарсоттар төрағаларынан , соттар коллегиялары төреғалары, тұрақты жұмыс істейтін соттардан тұрады. Облыстық және оған теңестірілген соттар тәртібі мынадай.

  1. Сот президиумы.
  2. Азаматтық істер бойынша сот коллегиясы.
  3. Шаруашылық істер бойынша сот коллегиясы.
  4. Қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы.

Облыстық және оған теңестірілген соттар қалалық және аудандық соттар көре алмайтын істерді І-ші инстациялы сот есебінде көреді. Осы облыс аумағындағы аудандық соттар үстінен бақылау жасайды. Бақылаубарысында аудандық соттар көрген істерді кассациялық және бақылау тәртібінде және аудандық соттар істерді көріп шығарған шешімдерді, ұйғарым, үкімдерді анықтамалардың заңды екендігін тексереді. Облыстық және оған теңестірілген соттар аудандық соттардан кез келген істерді талап қылып алу мүмкін немесе заңдарға сай басқа бір аудандық соттар көріп шешуіне беруі мүмкін. Аудандық соттарға практикалық жәрдем көрсетеді. Міне осылай аудандық (қалалық) үстінен сот іс-әрекеті бойынша басшылық жасайды. Өз ретінде заңдарға сай Облыстық және теңестірілген соттар үстінен Жоғарғы сот басшылық жасайды.

  1. Облыстық және оған теңестірілген соттар 1) Өз құзіретіне сай І-ші инстанциялы сот есебінде іс көруі мүмкін аппеляциялық (кассациялық) бақылау тәртібінде жаңадан ашылған немесе белгілі болған жағдайлар бойынша істерді көреді.

2) Аудандық қалалық соттар үстінен сот іс-әрекеті бойынша бақылау жасайды.

3) Сот статистикасын жүргізеді оған талдау жасап, зерттейді осы арқылы сот практикасын толықтырады.

4) Заңдарға сай басқа да іс-әрекеттерді істейді

.

Міне осы туралы Қазақстан Республикасының Призидентінің Конституциялық заң күші бар жарлығының (Соттар және судьялар мәртебесі) 17 бабында толық айтылған. Осы заңның 18 бабында облыстық және оған теңестірілген соттардың Президиумы туралы айтылады. Президиум сот төрағасынан және жыл сайын жабық дауыс беру арқылы сайланатын 4 облыс сот мүшелерінен құралады. Облыстық және оған теңестірілген соттардың Президиумы .

  1. Өз құзірентіне сай бақылау тәртібінде процессуальді, іс жүргізу заңдарына сай жаңадан ашылған немесе белгілі болған жағдайлар бойынша істерді көреді.
  2. Коллегиялардың істері бойынша сот коллегиялары төреғаларының есебін тыңдайды. Сот аппараты мәселелерін көреді
  3. Сот практикасы бойынша материалдарды көріп шығып оларды зерттеп сот статистикасынаталдау жасайды аудандық ,калалық соттардың сот әділеттілігін орнату істері бойынша заңды іс көруін қадағалайды.

4.Заңдарға сай басқа өз міндеттерін жүргізеді.

Облыстық және оған теңестірілген соттар Президиумы өз мәжілісін өз мүшелерінің жартысынан астамы 50% болса іс ісін жүргізуге құқылы. Преидиум қаулысы оның төрағасы арқыла белгі қойылғаннан кейін заңды күшке ие болады. Президиум өз жұмысын өздері қабылдаған регламент тәртібімен жүргізеді.

3.Облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағасы судья болып сот жұмысын ұйымдастырады.

  1. Сот Президиумын шақырады, және Президиум мәжілісінде төрағалық жасайды.
  2. Сот коллегиялары мәжілісінде төрағалық жасап I- инстанцияляқ істерді көреді.
  3. Заңдарда көзделген тәртібке сай , сот қаулыларына наразылық білдіреді.
  4. Заңдарға сай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істері бойынша шешімдерді, анықтамалардың орындалу күшін тоқтатуы мүмкін
  5. Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот мүшелеріне және сот коллегияларына дәмегерлерді (кандидаттарды) таңдауда Әділет Министірлігі ұсынысына қатысады.
  6. Сот коллегиясы іс әрекетіне жалпы басшылық жасайды . Сот коллегиялары төрағаларының өзара міндеттерін бөліп беріп белгілейді.
  7. Сот коллегияларының төрағалары уақытынша жоқ кездерде басқа да сот мүшелеріне оның міндеттерін орындау үшін уақытынша жүктеуі мүмкін.
  8. Сот статистикасын жүргізуді ұйымдастырады және сот практикасын толықтыру мақсатында оған талдау жасайды.
  9. Сот кадрлерінің біліктілігін асыру жұмыстарын ұйымдастырады.
  10. Әділет министіріне аппарат штатын ұсынады, сот аппараты лауазымды адамдарын жұмысқа алып ,оларды өз лауазымынан алып, кадр мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырып оны бақылау жасайды.
  11. Азаматтардың арыз, шағым ұсыныстары бойынша жеке қабылдау жұмыстарын жүргізеді, және осындай жұмыстарды ұйымдастырады.
  12. Бұйрықтар, өкімдерді шығарады.
  13. Белгіленген тәртіпке сай сот коллегиясының төрағаларына, облыстық сот мүшелеріне сыныптық шен , лауазымды атақ береді. Әіділет басқармасының бастығымен бірлесе отырып аудандық (қалалық) соттар қызметкерлеріне квалификациялық біліктілік шендерін беру үшін немесе алып тастау үшін ұсыныстар береді.
  14. Заңдарға сай өзіндеріне белгіленген басқа да міндеттерді атқарады. Егер де облыстық және де оған теңестірілген соттардың төрағалары уақытынша өз қызметінде болмаса оның міндетін бұйрық бойынша й сот коллегияларының біреуінің төрағасы уақытынша орындайды.