Әділет принциптері. Сот төрелігі принциптері

  1. Әділет принциптері бұл мемлекеттік іс әрекет қимылдарына жалпы басшылық жасау, алғашқы тәртіп бола отырып идеалық саяси негізі болып табылады. Осы тәртіпті барлық заң ұйымдар тарапына негіз болып әділет орнату сұрақтарының, жалпы әділет оргындарының мемлекетітік механизмінде қоғамның саяси системасында басшылық жасайды.

Ол арнайы заң жазылымдарынан топтамдарынан ерекшелігі принциптердегі тәртіптер барлық адамдарға, лауазымды адамдарға, тәртіп сақтаушы оргындарға заң орындаушы органдарғада жалпы заң шығарушы органдарғада міндетті болып есептелінеді. Осы принциптердің тәрітіпті орындалынуы әділет іс әрекеттеріне де қолданылады.

Әділет принциптерінің сот заңдылықтарындағы алатын орны өте үлкен. Бұл принциптер өздерінде саяси – идеалық негізгі құқықтық нормаларды қамтып, сот іс-әрекетінің немесе сот ұйымдарының өз міндеттерін атқаруын реттеп отырады. Бұл нормалар орындалуы шарт болып барлық соттар немесе сот процесі “қатысушылары үшін де міндетті шаралар болып есептелінеді”.

Кониституциялық нормалдарды бұзу дұрыс шешім, ұйғарым шығаруға кедергі болып бұл шешімдер жоғарғы сот жағынан бұзылып, қайта көріледі.

  1. Сот әділеттілігі принциптері демократияның негіздері дегенде біз бұл принциптер Конституция және басқа заңдарда көрсетілетіндей демократияның мәнін ашып көрсетіп идеалын негіз болып есептелінеді, қоғамның дамуы құқық әділет принциптерінде мемлекеттің еркіндігін көрсетеді.

Принциптер жалпы алғанда жай құқық нормалардан жоғары тұрады. Себебі сот әділеттігі, немесе жалпы әділеттік Конституциялық норма болып табылады. Күшті заңдылықты сақтау демократияның бөлінбейтін бөлшегі болып есептелінеді. Принциптерді Конституциялық немесе конституцияда белгіленбеген деп бөлсе болады. Мысалы: Конституцияда көрсетілмеген объективті шындық принципі. Сот ісіндегі принциптерін үлкен, кіші бірінші немесе екінші деп бөлуге болмайды.
Жалпы принциптердің барлығы өз характеріне қарай маңызына қарай мемлекеттің сот әділеттігі демократиясын ашып көрсететін үлкен идеалық бастама немесе негізгі платформа болып табылады. Сонымен бірге Конституциялық принциптерді біз атап көрсетуіміз керек себебі Конституциялық принциптер басқа принциптердің дамуын, өзгеруін, күшейуін қамтамасыз етеді. Жалпы Конституция барлық құқықтық салалар, осы принциптердің өзі үшін де құқықтық база болып есептелінеді.

Бұдан басқа әділет принциптерініен өзгешелеу құқықтық салалар принциптерін атап өту мүмкін. Басқаша айтқанда әділет принциптерін сот құрлымы принциптерін және сот іс-әрекеті принциптері етіп бөлсе болады. Сот іс-әрекеті, сотты ұйымдастыру сот құрлымы (принциптермен) нормалар мен реттелсе бұдан басқа, қылмыстық және азматтық іс жүргізу принциптерімен әділет принциптерімен де реттеліп отырады. Бұл сала принциптері осы құқық саласы принциптеріне бекітілген. Мысалы: Айыпкердің қорғану құқығы принципі дәл осы қылмыс іс жүргізу құқығы пәнінің принципі болып есептелінеді. Жалпы көптеген әділет принципері 2 құқықтық сала

  • сот құрлымы.
  • сот іс жүргізуі.

А) қылмыстық іс жүргізу.

Б) азаматтық іс жүргізу,

әділет нормаларын реттейді. Сол себептен бұл принциптер құқықтық салалар ара принциптері деп те аталады.

Біздің мемлекетіміз әділет демократиялық бастама негізіне бүгінгі таңда көп көңіл бөлуде. Себебі құқықтың мемлекет болып орныға басталуы, құқықтық-сот реформасын өткізу існе осы бастамалар біздің сот әділеттігі, жалпы сот төрелігінің мәнін ашып көрсетеді. –Бұдан басқа сот заңдылықтарының дамуын көрсетеді, бұның өзі сот әділеттілігінің дұрыс жүргізілуін ашып мақсаты мен, міндетін анықтайды, ашып көрсетеді.

  1. Біздің негізгі заңымызда өте жақсы түрде әділеттік принциптері жазылған.Дәлірек айтатын болсақ кониституцияның 77 бабында 3 тармағында сот өз іс- әрекетінде мынадай принціптермен қарулануы керек.

1) Тұлға кінәсіз деп есептелінеді егер де оның айыбы сот үкімі арқылы дәлелденбесе. Бұл дегеніміз айыпкер немесе соттталушының сотпен ғана айыбы дәлелденген жағдайда ғана айыпкер деп танылады . Бұны қысқаша кінәсіздік призумпциясы принціпі деп те атайды. Бұл кінәсіздік призумпциасы .Біріккен ұлттар ұиымы.

Бас ассамблеясы қабылданған адам құқығы туралы декларацияда көрсетілген. Осы декларацияның 14 бабында көрсетілгендей қылмыстық іс-бойынша айыпкер, айыпты деп есептелінбейді, егер де оның айыбы занға сай дәлелденбесе кінәсіздік призумпцияасы мақсаты –адам құқығын қорғау, айыпкердің қорғануға құқығының болуы,айыпсыз адамды заңсыз, негізсіз жауапқа тартудан, сотталудан сақтап қалу. Осыдан келіп сот әділдігінің жалпы соттың нағыз демократиалық гуманды адамгершілікті болуы көрінеді және қамтамасыз етіледі.

Осы баптың 4 пунктінде әділеттік принціптері белгіленіп Қазақстан Республикасы соттары мен судьялары үшін жалпы және жалғыз болып табылады деп атап көрсетілген. Конститутцияның 78 бабында соттардан адамдар бостандығын, еркіндігін жалпы құқықтарынбұзатын заңдарды және нармативті құқықтық актілерді қолданылуы өз іс- әрекеттерінде пайдалануына рұқсат етілмейді делінген. Егерде соттар заңдармен нармативті актілер конститутцияда көрсетілген адам құқық тары мен еркіндіктерін таптауы мүмкін болған жағдайларда сот іс көруінде қолданатын болса осы актінің конститутциялық емес екендігін анықтау үшін Конституциялық кеңеске жүгінуі қажет.

1)Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылмайынша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептеледі.

2) Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші рет жазаға тартылмайды.

3) Сотта әркім өзінің сөзін тындатуға қақылы (сот процесіне қатнасушы әрбір адам толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. )

4) Конститутция белгілібір жағдайларда заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар:

а) Жауап кершілікті белгілейтін немесе күшеитетін.

б) Адамзаттарға жаңа міндеттер артатын.

в) Азаматтардың жағдайларын нашарлататын заңдар.

Бұл принціптің мәні мынада. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса онда жаңа заң қолданылады. Егер де жаңа заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылдануға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.

  • Айып тағылған адам өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Егер кісі қылмыстың жауапкершілікке тартылып жатса, оның кінәлі екендігін тиісті орган дәлелдеуі тиіс.
  • Адам өзіне-өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес. Бұл принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз. Ол өз айыбын өз еркімен мойындауы мүмкін бір ал өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздану сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік берілмеуі көзделген.
  • Сот төрелігінің маңызды бір принціпі кісінің айыптылығы жөнінде қандайда күмән алушылық болса бәрінде сотты болған адамның пайдасына қарай бейімделуі. Бұл принціп айып тағылған кісінің кінәлі екендігіне жеткілікті айғақ болмасада оны сотқа тартып жазалауға бейім болып тұратын тергеушілікке теріс айғақты қарсы бағытталған.
  • Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңдылық үкімі берілмейді. 1)адамның қадыр қасиетіне қол сұғылмайды (адамды қорлау жолы мен алынған айғақ заңсыз). 2) Ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға,қатігездік жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
  • Қылмыстық заңды ұқсастығына шара қолдануға болмайды мұның мәнісі егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заңға байланысты қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз.