- Мемлекет және оның органдары қоғамның барлық іс әрекетінде өз құзіретіне сай іс-әрекет көрсетеді. Мемлекеттің осы іс-әрекет қимылдарында негізгі бір орынды алатын іс-әрекеті немесе мемлекеттің мәселесі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, адам құқығын қорғау, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің құқықтарын қорғау, еңбек коллективтерінің құқығын қорғау қылмысқа қарсы күресу, тәртіпті орнату болып табылады. Осы мәселелерді шешу мемлекет алдында тұрған негізгі сұрақ.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 31; 39 баптарында атап айтсақ 1 бапта Қазақстан Республикасы құқықты, демократиялық мемлекет деп онда ең жоғарғы тұратын нәрсе адам оның өмірі бостандығы деп көрсетілген.
Осы идея 12 бапта да жалғастырылады Қазақстан Республикасында Конституцияға сай адам құқықтары мен ерекшілігі кепілденеді делінген.
Осы баптарда келтірілген анықтамалар Мемлекет жағынан мемлекеттік органдар жағынан бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету мемлекет органдарының функциясына кіреді.
Көптеген Мемлекеттік органдардың міндеттері осындай ғана іс-әрекеттермен шектеліп қоймайды осы міндеттердің өзі негізгі болғанымен анық мақсаттармен қатар мемлекеттік органдар өз міндеттеріне тәртіпті орнату адам құқығы мен еркіндігін қорғау қылмыспен күресу сияқты іс-әрекеттерді қамтиды. Заңдылықты сақтау, тәртіпті орнату сияқты функцияларды өздерінің негізгі міндеттерімен бірге алып барады.
Тәртіпті сақтау және заңдылықты орнату сияқты мындеттерді мемлекет жағынан қамтамассыз ету арнайы органдарға жүктелген. Мемлекет органдары арасында бұл ролдерді тек белгілі бір органдар ғана атқарады. Осы органдарды тәртіп орнатушы органдар деп айтамыз, яғни Қ.Р. конституциясында, басқа заңдарында көрсетілген мемлекет пен қоғам өміріне қажет заң топтамаларын іске асару олардың негізгі міндеті. Тәртіп орнатушы органдар мен құқықты қорғау органдары деген түсініктерімен өте тығыз байланысты.
Құқықты қорғау істері әр тәсілді әр түрлі болып келеді, солар ішінде ең қажеттілері болып мыналарды айтса болады.
- Әділеттік яғни сот билігі – құқықты қорғау істерінің ең қажеттісі десе де болады
себебі оны тек сот органдар амалға асырады. Мұнда құқық бұзушыларға мемлекеттік мәжбірлеу әдісі арқылы қайта түзету шарасы қолданылады.
- Прокурорлық бақылау – Қазақстан Республикасының бас прокуроры бастаған
прокуратура органының негізгі қызметі болып табылады.
- Қоғамдық тәртіпті сақтау бұл Ішкі Істер қызметкерлерінің міндеті.
- Алдын ала тергеу іс әрекеті – бұлар арнайы лауазымды адамдар тергеушілер
құзіретіне кіреді.
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге және азаматтарға құқықтық
жәрдем көрсету адвакатура міндеті.
- Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жеке мекемелерге құқықтық жәрдем көрсету мекеме заң қызметкерлері міндеті болып табылады.
- Құқықты қорғау істерінің қандай мекемелер алып бару керек деген мәселені білу, қайсы мемлекеттік органдар алып баруы керек деген сұраққа жауап беру үшін құқық қорғау органдарының өзіне тән белгілерін білуіміз қажет.
- Құқық қорғау істері барлық тәсілде емес тек заңды шара қолданылуы арқылы іске
асырылады. Бұған тікелей мемлекеттік мәжбүрлеу тәсілін кіргізуімізге немесе жатқызуымызға болады. Бізге белгілі төрт түрлі мәжбүрлеп тәртіпке шақыру болады.
А) Қылмысты – құқықты бұл қылмыс жасаған кезде қолданылады.
Б) Азаматтық – құқықты бұл мүліктік залал келтірген кезде қылмыстық жауапкершілік туындағы жағдайларда қолданылады.
В) Әкімшілік – құқықтық бұл әкімшілік тәртіпті бұзған жағдайларда қолданылады. Мысалы (қоғамдық жерде арақ ішу, майда тәртіп бұзу).
Г) Дисциплинарный поступок яғни тәртіп бұзу өз міндетіне немқұрайдылықпен қараған жағдайларда туындайтын жауапкершілік.
- Құқықты қорғау істерін жүргізу алып бару барысында құқық бұзушыларға
қолданылатын шара заңда көрсетілген тәртіпте қолданылуы шарт екендігі. (мысалы: қару жарақ атылатын қаруды сақтау) тәртібін бұзғаны үшін айыппұл көзделсе онда әкімшілік қамауға алу дұрыс болмайды.
- Заң тәртібіне сай белгілі құқықтық процедуралардың орындалуын қадағалау
мысала қылмыстың: немесе әкімшілік жаза, шар қолданудан алдын істің заңды көріліп шығу процесінің болуы, егер осы тәртіп бұзылса қабылданған шешім ұйғарым заңсыз деп табылады.
- Құқықты қорғау істерінің ең бір қажетті белгісі бұл істерді алып баруды тек осыған
тиісті органдар ғана жүргізуі.
Тек мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар ғана құқықты қорғау істерін жүргізуі мүмкіндігі.
Жоғарыдағыларды ескере отырып құқықты қорғау істері дегеніміз тек құқықты қорғау мақсатындаарнайы органдардың лауазымды адамдардың заңды шара қолдануды тек заңға сүйене отырып, қолдану мүмкін болған мемлекеттік іс әрекет болып табылады.
- Өз мазмұнына сай құқықты қорғау істерінің көп түрлілігі
құқықты қорғау органдары алып баратын жұмыстардың жалпы олардың функциясының әр түрлі екендігін көрсетеді. Олардың яғни құқықты қорғау органдарының құқықты қорғау істердің мынадай бағытта алып барады:
- Конституциялық бақылау.
- Сот әділеттілігі.
- Сот жұмыстарын қамтамасыз ету ұйымдастыру.
- Прокурорлық бақылау.
- Тергеу жүргізу арқылы қылмысты ашу.
- Заңды түрде құқықтық жәрдем көрсету.
Осы бағыттағы әр қайсысы белгілі бір мақсатты көздеп өз міндетіне ие.
- Конституциялық бақылау бұл конституцияда жазылған заңдарды бұзуға жол
бермеу.
- Сот әділеттілігін орнату үшін сот процесін әділ заңға сай жүргізілуін қамтамасыз ету керек
- Прокурорлық әсер ету арқылы қылмысты ашу және заң бұзуға жол бермеу.
- Қылмысты ашу және қылмыскерлерді әшекерелеп оны жауапқа тарту сотқа істерді сапалы түрде жүргізіп дайындау.
- Қімге қатысты болса жоғарғы түрде құқықтық жәрдем көрсету.