- Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы күқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бүзушылықты білдіреді.
Шартты рим қүқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мүндай кезқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстеріңде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес екі немесе одан көп адамның азаматтық қщықтар мен міндеттерді белігілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді. Соңдықтан да, осы баптыц 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: «шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтык кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттлн (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтьш заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қодданылады.
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық кұкықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты тандау; 3) шартгың түрін тандау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінін қалауынша енгізу
Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы).
2.ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ
Шарттың мазмұны — жасалған шарт жағдайларының жынтығы Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардьщ өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы).
Шарттың ережесі зандарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді (АК-тің 382-бабының 2- және 3-тармақтары).
Азаматгық кодекстің 393-бабыньщ 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатыңдар:
- шарттың мөні туралы ережелер;
- заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
- осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4 бір тарапгың мәлімдеуі бойьшша келісімге кол жеткізуге тиісті барлык ережелер (АК-тің 393-бабы).
- ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құкықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты түсінеміз.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтык кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқта-туға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
Шарт ақылы және ақысыз больш бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын
алады). Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы). Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға
беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сактау
жатады.
Консенсуалды (келісім) және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың күқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не езінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшішпі жақ алады.
Үшінші жақтын пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені
өзінің пайдасьша орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы). Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретіңде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы — шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай кұкық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі.
- 1994 жылы қабылданған Азаматгық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қ осылу шарты, алдын ала жасалган шарт, аралас шарт
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.Одан ұйымдарға бөлшек сауда,көпшілік пайдаланатын қөлікпен тасымалдау,байланыс қызметін көрсетуэнергиямен қамтамасыз етумедецина,мейменхана,банк қызметін көрсету ж.тб. Қосылу шартыдегеніміз ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленгенжәне басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт .Бұл шарттың ерекшелігі сонда мазмұнын бір жақ жасап қалыптастырады.әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды,қызметті көрсетеді,екінші жақ жұмысты,қызметті тұтынушы болащақ шартты жасауға және оны талқылауға,келісуге қатыспайдыШарттың жағдайларымен келісімін олар текоған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюменбілдіреді.алодын ала жасалған шарт әр жақтың алдын ала жасалатын шарттакөзделгенжағдайларда мүлік беру,жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі.аралас шарттар бұл заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементері болады.Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына,егер тараптардың келісіміменнемесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса.аралас шартта элементері бар шарттар туралы заңдардың тиістібөліктері қолданылады.Мысалыаралас шарт деп мүлікті сақтауға бергенде он ыақысыз пайдалану құқығын қамтитын шарттарды ж.т.б айтады